Әйелдің ерін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ал бастайын сөз басын,
Қайғылы жүрек қозғасын.
Жолдасымды ойласам,
Тоқтамайды көз жасым.
Орауышым оңбады,
Отызға жасың толмады.
Жеті жыл жолдас болғаның,
Жеті күндей болмады.
Орамал тіктім оң кесте,
Шымылдық тіктім шым кесте.
Артыңда қалған жалғызды,
Толтырмай кеттің он беске.
Басқанда жерде із қалды,
Артыңда бір қыз қалды.
Жастай сенен айрылып,
Жыламасқа нем қалды.....
Өлеңдер
Толық