Қыс 2016-2017: бас киім

Кей арулар қыс мезгілінде күртенің не тонның қайырылмалы (капюшон) бас киіміне сеніп, телпек кигісі келмейді. Бірі өзіне жарасатынын таба алмай жүргендігін сылтауратса, енді бірі шашымды бүлдіреді деп ақталады. Бірақ, ауырып қалса, сәнге де қарайтын уақыт болмай жатады. Олай болса, сәнді бас киімдерді қалай кию керектігіне назар аударайық.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Еш нарсе сатып алмай-ақ, әдемі көрінудің 20 жолы

Әр қызда ең керекті деген, яғни, ас үй мен жуынатын бөлмеде безеумен, шаштың ұшталуымен күресуге, салмақ тастауға және тағы басқа да 17 түрлі кенінең таралған сұлулық мәселесін шешуге арналған барлық керекті жабдықтар болуы тиіс. Ал артық ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Осылайша әдемі көрінудің 20 жолын ұсынамыз.

1. Зат алмасуды жылдамдат
Саған бал, даршын (корица) және су қажет. 250 мл суды қайнатып оған бір ас қасық даршын ұнтағын салыңыз. Араластырып бөлме градусымен салқындатып, 2 ас қасық бал қосыңыз. Тұнбаның.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ас содасының әдемілікке әсері қандай?

Ас содасы талай жылдардан бері ас үйі мен үй шаруасында белсенді қолданылады. Алайда екінің бірі оның косметикалық құрал ретінде қасиеті бар екенін біле бермейді. Ол сырт келбетімізге қандай күтім жасай алады?
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Қалыңдыққа арналған кеңестер

Тұрмысқа шығып, ақ көйлек кию әрбір қыздың арманы екені белгілі. Кез келген қалыңдық үйлену тойына ыждағаттылықпен дайындалып, ерекше сұлу болып, ибалы келін атануды қалайды.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Балаларға арналған сыйлық түрлері

Әлемде көңілі тап-таза ақ парақтай бір халық бар. Олар тек шын қуанып, шын жылай алады. Олардың өтірік айтқанының өзін өздерінің көздері айтып тұрады. Олар, тіпті, жамандық дегеннің не екенін білмек түгілі сезбейді де. Олар, тіпті, адамды жақсы-жаман деп бөліп, сырттан әңгіме айту, кек сақтау, сәті келгенде аяқтан шалып қалу дегенді де, сөзбен жан жаралау дегенді де білмейді . Не айтса да таза көңілден шығарады. Берген сыйлыққа шын қуана алатын да осылар. Бұл халық- әлемдегі ең бақытты бала деген атқа ие жандар.
Сыйлық бергенде шын қуана алатын балалар ғана. Олардың.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Қалай танымал қыз болуға болады

1 - кеңес

Кемшіліктер мен артықшылықтар
Өзің кемшілігің деп санап жүргендеріңнің кемшілік екеніне сенімдісің бе?
Қарап көрейік.
Кейде ірі, толық қыздар өзінің толық денесінен ұялып жатады. Олар өзін түрлі диеталармен, жаттығулармен зорықтырады. Мұның барлығы сенің толық болу жаман деген пікірге сенімді болуыңнан пайда болады.
Толық болған жаман деп саған кім айтты?
Тек сәнбикелер ғана жұрттың алдында қылдай жіңішке белімен, артық салмағы жоқ сымбатты денесімен жарқ-жұрқ етеді. Ал күнделікті өмірде барлығы бұлайша біртекті емес.

Стильді әрі көңілді томпақ қыздар ең сәнді, ұзын сирақты арық қыздарды жолда қалдыра алады. Сондықтан өзіңе ұнамағанның бәрін кемшілік деп ойлаудан аулақ бол. Асықпасаң уақыт өте келе өзіңді түсініп, бағалауды да үйренесің. Ал әзірге бір-екі кеңесті қабыл ал.

Өзіңнің жетіспейтін тұстарыңды мойында. Бұл сенің табиғи болмысың. Сондықтан өзіңді осы қалпыңда жақсы көруді үйрен.
Өзіңнің кемшіліктеріңді жасырып, артықшылық-тарыңды көрсете білуді үйрен. Үйлесімді шаш үлгісі, макияж, киім, аксессуарлар, өзіңді ортада ұстай білуің мен адамдармен қарым-қатынасың - міне өзін сыйлайтын кез-келген қыз білуге тиісті әйел құпиясының сыры осында.

2 - кеңес

Бастысы өзіңді таныта білу

Кейбір қыздар көпшілік көзіне бірден шалынып, өзіне жұрттың назарын аударып тұрады. Ал сол қыздарға зер салып қарасаңыз олардың басқа қыздардан еш айырмашылығы жоқтығын байқай-сыз. Соған қарамастан олар өзіне бірден назар аудартады.
Мұның себебі неде? Өйткені олар өзін көрсете.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық