Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика Сабақ тақырыбы: Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастық Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: гравитациялық және электростатикалық өріс қасиеттерін салыстыра білу Сабақ мақсаттары: Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастықты анықтау арқылы электр өрісінің қасиеттерін бір жүйеге келтіру.......
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия Сабақ тақырыбы: РНҚ және ДНҚ молекулалары құрылысынның ұқсастықтары мен айырмашылықтары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.4. РНҚ және ДНҚ молекулаларының құрылысын салыстыру Сабақ мақсаттары: Оқушылар: ДНҚ және РНҚ молекулаларының құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды;.....
Сабақтың мақсаты: Балаларды заттың түстері мен пішіндерін ажырата білуге үйрету. Саусақ моторикасы арқылы ақыл ойын дамыту. Жаңа жыл мерекесін еске түсіріп, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Балаларды сүйіспеншілікке, қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын тәсілдері, қызықты сәт, мадақтау. Көрнекіліктер: лента ,сары- қызыл түсті геометрилық пішіндер......
Жауынгерлік өтті он жыл. Өшкен жоқ әлі жау үні, Мүмкін тағы Жақында, Жорықты күндер керуені Шаңдатар Қырды, жондарды — Жауынгерлік Жолдарды. Дайындалып Жаулар тұр, Қырғын соғыс......
Босанған Ана. Көктемде дала бусанып, Біріне-бірі болар ма ұқсас мұншалық. Толғатып дала, Есен-сау Ана ұл тауып, Бара жатады көктемнің көкшіл бұлты ауып, Тершиді Ана, Тершиді дала қымтанып. .....
Миф дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Жалпы ежелгі заманғы әлем әдебиетінде "миф" деген ұғым болған жоқ, ол тек жаңа дәуірде пайда болды. "Миф" деген сөз - тылсым құпия тереңіне оңай бойлататын, таңданыс пен өзгеше әсерге бөлейтін ұғым. Көптеген ғалымдар, зерттеуші мамандар "мифті"-нақтылы іс-әрекетке еш қатысы жоқ, адамзат қиялының жемісі деп есептейді. Бұл үлкен адасушылық. Біздің елімізде мифология туралы жарық көрген еңбектер аз емес. Сондықтан да "Миф" дегеніміз не деген сұрақты айқындап алу үшін, алдымен ол жайлы айтып кеткен ғалымдардың пікіріне сүйенейік. Ұлы орыс елінің жазушысы М. Горькийдің мифология туралы сөзін мысалға келтірсек: "мифология – табиғатпен күрестің, табиғи құбылыстың - бейнесі және көркем тілмен өрнектелген әлеуметтік өмірдің - көрінісі. " Бұл мифтің шығу тегін ғана емес, сонымен қатар оның негізінде шынайы өмірдің жатқанын, тектен – тек тумаған ой екенін дәлелдейді. Шынайы өмір мен мифтің тығыз байланыста екенін Горький тағы да былайша түсіндіреді: "Өзінің бар күшін тек өмір сүруге ғана жұмсайтын төрт аяқты жануар мен адамды елестету тым қиын. Саналы адам өзінің еңбек етуі арқасында, туылу әрі ұрпақ өсіру сауалына ойланумен ерекшеленеді. Сондықтан да мифтің шығу тегін, қайнар көзін зерттеуде шынайы өмірден алшақтата қарау негізге жатпайды, олардың еңбегі мен күресі ешқандай мәнге ие емес деп айтуға мүлде болмайды. /2, 7б/ Горькиймен сабақтастыра отырып профессор М. Ғабдулиннің сөзін де келтіре кетсек: « ...қиял ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы сезімінен, әртүрлі қауіп-қатерлерден құтылу, тіршілік ету, табиғат сырларын танып-білу және оны өзіне бағындыру жайындағы арман-қиялынан туған. Сондықтан да бұл ертегілерде ертедегі адамдардың еңбек процесінде аңсаған арман – мүддесі, жақсылықты болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсек екен, жақсы шат өмірге жетсек екен деп арман қылған, соны көксеген. Ал бұған олар өзінің қиялы арқылы жеткен. Сол қиялдарын ертегі - әңгімелерге, аңыз-мифтерге айналдырған», дейді Мифтің шығу тегіне тоқталсақ, бірден үстірт тоқтамға келмес бұрын, мына бір жайтты ескергеніміз дұрыс. Қоғам дамуының тарихы көрсеткендей, бастапқыда алғашқы адамдар тарихта жартылай жабайы жануарлар, табиғат күшінің алдында дәрменсіз, қорғансыз, өздерінің күштерін әлі толық сезінбеуші жандар ретте сипатталады. Сондықтан да олар жануарлар сияқты, әлсіз, қорғансыз, санасыз, бірақ өздерінің жаратылу өзгешеліктерімен ғана ерекшеленді. "/2, 11б/ ....
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Дүйім жұртқа белгілі жұмыр жердің бетіндегі бір жарым миллиард халықтың ұстанатыны Аллаһ тағаланың хақ діні-Ислам біздің елімізде де даму үстінде. ҚМДБ-ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі өз сөзінде: «Тәуелсіз еліміздің рухани өмірінде дініміздің алар орны мен маңызы артып келеді» дегендей. Жүзден астам ұлт пен ұлыстар мекен етіп өзара тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан халқының жетпіс пайызы да осы қасиетті Ислам дінінде. Орта Азияның түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының Исламды тек қабылдаушы болып қалмастан, қайта Ислами мәдениеті мен өркениетіне үлкен үлес қосқандығы нақтылы деректермен дәйектеледі. Осы Мауера-ән-наһір өлкесінен шыққан нақты қазақ жеріне келсек,Әбу Насыр әл-фараби бастаған атақты Отырар ғалымдары плеядасы, Тараздан шыққан әл-Тарази есімді ғұламалар, Каир мен Дамаскідегі мәдениет, ғылым ошақтарында қызмет еткен және сонда қайтыс болған ғалым бабаларымыз туралы терең ой жүгіртіп, деректерге сүйене отырып ой толғаған. Жалпы, осыдан 10-15 жыл бұрынға дейін қазақ жазба әдебиеті Абайдан басталады деп келсек, кейінірек оны шегіндіріп он бес ғасырға дейін апарғанбыз. Ал, хазірет муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі өзінің нақты дәлелдерімен оны ары қарай он шақты ғ. шегеріп тастайды. Соның дәлелі ретінде:....
1. Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл. 2. Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді. 3. Құрма ағаштары да адам секілді еркек-ұрғашы болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді еркектерінің жапырағы тік және қысқа болса, ұрғашыларынікі ұзын және төмен қарай жайылып өседі. 4. Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Еркегінің ұрығын алып, ұрғашысына салып, қолдан ұрықтандырылады екен. 5. Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол ұрғашы құрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады. 6. Адам басы секілді құрма ағашының да жоғарғы жағында «жумра» атты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Басқа ағаштардың жоғарғы жағын кесіп алып тастасаңыз, жанынан бұтағын жайып, өсіп кете береді. Ал құрма ағашы олай емес. Жұмрасын кесіп тастасыңыз, ағаш қурап кетеді. Яғни, өліп қалады. 7. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен.......