Отбасы күні (Менің отбасым, менің жанұям)

"Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан....
Шығармалар
Толық

Отбасы күні (Жанұя, Отбасы - тәрбие бастау)

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында ....
Шығармалар
Толық

Менің Отаным - ҚАЗАҚСТАН

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Шығармалар
Толық

Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Қарлығаштын ұясы)

Қарлығаш шыр-шыр етіп ұя салды,
Ұясын қол жетпестей биік салды.
Өзінің балдай сүйген балапанын,
Барымен қорек беріп асырады.
Басында баспана жоқ тарлық қылды,
Бар тапқаны күнен-күнге аздық қылды.
Шырылдап тамақ сұрап жылағанда,
Шықпас жан ата-ананың....
Өлеңдер
Толық

Алтын ұям – Қазақстан

Отаным десем,ойыма…
Түсер еске ақсақалды қариям,
Туған жерім – құт мекенім, дариям,
Егеменді, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.
Түсер еске Махамбеттей батырлар,
Осы жолды аңсап еді ақындар
Отанымның өр намысты киесі –
Мен сүйетін қалың қазақ , халқым бар
Менің Отаным- Қазақстан.
Менің елім- менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл – қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп – өніп, мекен етіп, береке – бірлікте, достық қарым – қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жан –жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата – бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл – парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.......
Шығармалар
Толық

Педагогика | Халықтық педагогика идеяларының жанұя тәрбиесіндегі психологиялық негіздері

Кіріспе
Халықтық педагогика отбасындағы тәрбиенің негізі болып саналады. Өйткені адамның жеке басының мінез – құлқын қалыптастыру, оның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру көбіне отбасында ата-ананың тікелей әсерімен жүзеге асады.
Халқымыздың ұлттық ерекшелігі саналатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, бауырмалдық, кеңпейілділік қасиеттердің біразынан ажырай бастағаны шындық. Енді заманымыздың қайта өркендеуіне байланысты жас ұрпақтың бойына осынау қасиеттерімізді қайта сіңіріп өсірсек, сонымен бірге жастарды халықтық педагогика идеясы арқылы жанұяда тәрбиелеу мен сол тәрбиені жүзеге асырсақ деген мақсат әсіресе, ата-аналардың, тәрбие саласы қызметкерлерінің алдындағы кезек күттірмейтін мәселесі болып тұр.
Отбасында ата-ана езінің баласын қалай тәрбиелеуді, қандай бағытта, кандай амал-тәсілдермен тәрбиелеуді ездері алдын-ала белгілейді. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдеті, кұмарлығы мен кызығулары калыптасады.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты кажет етпейтін карапайым әрекет сияқты болып көрінеді. Бұл кепшілік қауым-нын, көзқарасы екені рас. Бала тәрбиесін қай кезден бастап колға алу керектігі туралы аз да болса зерттеулер бар. Отбасы тәрбиесінін ғылыми-теориялық тәжірибесінің барлығына қарамастан олар осы уақытка дейін практи-када көп колданылмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Халықтық педагогика идеяларын жанұя тәрбиесінде пайдаланудың әдістері

КІРІСПЕ
Бұл мәселені қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде қыз балаға берілген сипаттамалары ерекше бөліп айтудан бастаймыз. Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың белгісі ретінде қолданған. Сондай – ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, шеберлігін, өнер – білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның сол қасиеттерін нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы, «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.
Сонымен қазақтың ауыз және жазба әдебиеттеріндегі қызға берілетін жалпы сипаттамасы мынадай: «Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім көз, жайдары мінез, алма мойын, ақша бет, ақ тамақ, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, ұзын кірпікті, ақ білек, маржан тісті, қыр мұрынды» деп суреттелген.
Халқымыздың ұлттық дәстүрлеріндегі бір ерекшелік – тәлімдік, ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе, қыз балаға тұспалдап жеткізу, жөн-жосық нұсқап, бағыт-бағдар беру, өнеге көрсету. Бұл салт ауылдық жерлерде әлі де сақталған. «Қыздың қырық жаны бар», «Қызға қырық үйден тыю» деген сөздерде тәрбиелік талап-тілектерді бетке айта салмай, тұспалдап жеткізеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: . Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсiру – отбасының, орта және жоғарғы бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Бұл процестiң стратегиялық негiздерi Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халықтық жолдауындағы «Қазақстан - 2030» стратегиясында (1997); Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» заңында (1999); - Бiлiм беру жүйесiнiң басты мақсаты, ұлттық мәдениетiмiз бен халық педагогикасының негiзiнде, әрбiр жеке тұлғаның қалыптасуына қажеттi жағдай жасау – деп көрсетiлген. Осы тұжырымдарды Бiлiм және ғылым қызметкерлерiнiң II-шi съезiне (2001) қатысушылар алдында сөйлеген Президент: - «Бiлiм беру iсiндегi рухани дәстүрлердi сақтап, жаңаша жетiлдiре дамыта беру керек. Бұл жүйедегi – оқыту мен тәрбиелеудiң бiрлiгi – үзiлiп қалды. Сiздер мен бiздер тек болашақ буындарды ғана емес, жалпы азаматтық қадiр-қасиеттердiң мәнi мен маңызын түсiнетiн, жаны да, тәнi де таза бiлiмдi азаматтар тәрбиелеуге мiндеттiмiз. Олардың отаншылдық сезiмдерiн тәрбиелеуде, бiлiм берудiң мектепке дейiнгi жүйесi мен жоғары оқу аралықтарын үндестiре ұйымдастыру, көкейкестi мәселе болып табылады, » - деп атап көрсеткен едi.....
Курстық жұмыстар
Толық

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ СУҒА ТҮСІРІП АЛСАҢЫЗ

Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да, ұялы телефонымызды суға түсіріп алдық немесе осындай жағдайдың куәсі болдық. Мұндай жағдайда не істеу керек?

НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ!..

Телефонды сілкуге болмайды. Бұл оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су толығымен платаларға ағып, элементтерге кері әсерін тигізеді.Телефонды микротолқынды пештің, феннің немесе басқа қызу құрылғылардың көмегімен құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сымдарды күйдіріп жіберуі мүмкін. ......
Кеңестер
Толық