Отты жылдарды ұмытпайық

Дүниені дүр сілкінтіп, бейбіт жатқан дархан даланы от шарпытқан, ана мен баланы зар жылатып, өксігімен ел тұншықтырған, арлан азаматтарды туған ел топырағынан айырып, бөгде елде жер құштырған Ұлы Отан соғысының залалы әлі де жадымыздан өшкен емес. Бірімізге әке болатын, енді бірімізге ата болатын абзал аталар әлі күнге отты жылдарды күңірене еске алады, түсінде көріп жанталасады. Бірі майданда болып, қыршыннан қиылып жатқан бауырлардың қан жоса болғанын, бомбаның жарылысына тап болып күлінің көкке ұшқанын көріп көз жасын бұлайды. Енді біреулері бұғанағы қатпаған бала бола тұра аналар мен қарттар қатарында тылда еңбек етіп, бауырлар мен ел ағаларының аман- есен оралуына тілектес болды. Әлбетте, қазіргі жас ұрпақ бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі тәуелсіз бақытты заман бірден орнай салмағанын біріміз біліп, біріміз білмей жатамыз. Отты жылдардың естеліктерінен сыр шерткен ата-әжелеріміз бен ата-аналарымыздың әңгімесі, болмаса қан майданда хатталып жазылған көне сары қағаздар мен кітаптар ғана бәз біреулерге ой салып, санасын қозғайды. Бұған құлақ асып, қайсар батырлардың жолын жалғауға уәде ететіндер, өздерінің ел қорғаны бола алатынына кәміл сенетін құрдастар мен замандастар қаншалықты көп екен деп ойланамын. Менің анамның айтуы бойынша, оның нағашы атасы үш ағайынды болған. Олардың ең кішісі 17 жасар бозбала еді. Осы бір үйден кеткен үш азаматтың бірі де қан майданнан оралмады. Бір атаның ұрпағы түгелімен соғыстың құрбанына айналады. Ал өз жұрағаты бойынша, анамның әкесінің әкесі үш ағайындының бірі болып, соғысқа аттанады, бейтаныс елді мекеннен мәңгілік орын табады. Өзге аталар да хабар-ошарсыз кетіп, оралмайды. Елде еңіреп қалған анамның әкесінің анасы сол уақыттағы ашаршылық пен дерттің салдарынан көз жұмады. Бұл бір ғана менің атаәжелерімнің басында болған қасіреттің бөлігі десек, тұтас қазақ елінің қайғысының қаншалықты қалың болғанын елестетудің өзі өте ауыр емес пе? .....
Шығармалар
Толық

Тарих | Ырымдар мен тыйым сөздерді ұмытпайық

1. Адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіре отырып, анықтама беру.
2. Жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, қисық жолдың шырмауына түспеуге үйрету, адамгершіліктің жолын көрсету.
Зерттеу әрекетінің кезеңдері:
1. Теориялық материалдар жинақтау, оқып - танысу.
2. Бейнесуреттер жасау.
Зерттеу жаңалығы:
Ырымдар мен тыйым сөздердің мағынасын зерттеу жаңалығы......
Ғылыми жобалар
Толық

Денсаулықты сақтау – өз қолымызды екенін ұмытпайық

«Денсаулық - зор байлық» - демекші орынды айтылған сөзді жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыз «Дені саудың жаны сау» - деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық.......
Шығармалар
Толық

Қарын ашқанда тәбетті қалай қайтаруға болатынын білесіз бе?

Әлемде ешқандай диетаның мәңгілікке арықтатпайтынын білетін шығарсыз. Қаншалықты жылдам арықтасақ, артық салмағымыз да дәл солай жылдам қайта қалпына келеді. «Әткеншек принципі» деген осы. Сондықтан баяу арықтаған жөн. Ал артық салмақтан арылған соң дұрыс тамақтануды қадағалауды ұмытпайық.

1. Тәтті, майлы, ұннан жасалған тағамдарды азайтып....
kz
Толық