Бүгіннен бөлек болған бұрынғысы, Көзайым көркемдіктің туы, үлгісі Жетісу — Жаратылыс деген күштің Тамаша, таңғажайып туындысы! Жұмақтай тазалыққа ашылған жер. Жұмбағын ғасырлардың жасырған жер.......
Тақ Тараз. Жалқы Тараз жаһандағы, Түп қазық, туған үйім Отандағы. Ықылым замандардың шаңы жұққан Шаһарлы шежіремнің қаһарманы! Тегім — сен, кітабым сен — парағы алтын. Сен — дәлел, дамыса егер, дала халқы. Милед пе, миллениум бе, саған да тән — Дәуірге сәлем бердің дана қалпың.......