1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Бір Ел, бір Елбасы)

Қашанда қарыздармын, елім, саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махабатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.



Менің туып, өскен жерім – Қазақстан Республикасы. Қазақ халқында «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар. Ұлтым өзбек болса да, мен өзімді қазақ қызындай сезінемін. Менің жаным да, тәнім де Қазақстан елінде. Қазақстан көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет. «Бұтағы көп ағашқа құс қонар» - деген сөз менің еліме арнайы айтылғандай. Себебі Қазақстан жерінде қаншама ұлт өкілдері бір-бірін бауырлас біліп тату – тәтті өмір сүреді. Бір-біріміздің салт – дәстүріміз, әдет – ғұрпымызды құрметтеп, шын бақыттың дәмін тартудамыз. Бұл жерді менің ата-бабаларым да мекендеген. Олар бастарына қандай қиындық туса да мойымай, өз елін қорғап қалуға ат салысқан.
Еліміздің қай жерін....
Шығармалар
Толық

Қазақтың тұңғыш президенті

Президент дегенде – адам баласының ойында бай, текті отбасыдан шыққан деген ой туындайды. Ал қазақ елінің президенті 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында қарапайым Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары оқу орнын, 1967 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне....
Шығармалар
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Елбасым)

Адамзат тарихындағы ХХ ғасырдың соңы өзіндік аса маңызды саяси оқиғалармен ерекшеленеді.Солардың ішіндегі ең маңыздысы-әлемдік аумақтың үштен бірін алып келген дүниежүзілік социалистік жүйенің ыдырап,құрамындағы елдердің тәуелсіздік алып,дербес мемлекеттердің құрылуы болды.Тәуелділіктен құтылған көп мемлекеттің ішінде Қазақстан да бар еді.

Замана көшіне дербес ел болып қосылған алғашқы күннен бастап еліміздің алдында көптеген мақсаттар тұрды.Қазақ елі бұл мақсаттарға жету жолын ел болып ойласты.Соның нәтижесінде, еліміз үлкен жетістіктерге жетті.Осылардың....
Шығармалар
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Ел және Елбасы)

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республикның өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 19 жыл толғалы отыр. Осны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында.......
Шығармалар
Толық

Құл-Мұхаммед: Қазақ тіліне қауіп төніп тұр деуге негіз жоқ

Бүгінде қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға болмайды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай айтты.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz

Министр атап көрсеткендей, бүгінде тіл мәселесі зиялы қауым арасында жиі қозғалатын тақырып болып саналады.

"Мен де қазақ тілінің жанашырымын. Негізі, қазіргі кезде республика бойынша қазақ тілді және аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың саны барлық балалардың 71 пайызын құрап отыр. Бұл мәліметті Статистика агенттігі де растап отыр. Жақында агенттік Қазақстан халқының 17 млн. 100 мыңнан асқандығын хабарлады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облысы сияқты қазақтар көптеп шоғырланған аймақтарда халықтың өсімі жоғары болып тұр. Ал елімізде мектеп оқушыларының 71 пайызы мемлекеттік тілде оқитын болса, қазақ тіліне қауіп төніп тұр деп айтуға ешбір негіз жоқ", - деп атап көрсетті М.Құл-Мұхаммед.

Жаңалықтар
Толық