Бөкенбай Бозқозұлы (17 ғасырдың 2-жартысы - 18 ғасырдың басы) - батыр. Арғынның сүйіндік руынан. Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жоңғар шапқыншылығы кезінде .....
Бөлек Қараұлы (1700, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы — 1785, сонда) — батыр, қолбасы. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан. Сатай батырдың немересі. Сатайдың тұңғыш немересі болғандықтан Сатай баласы атанып кеткен. Бөлек 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте .....
Дауымшар Құттықадамұлы (1770-1810) - Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ жерінің тұтастығын сақтауда көрсеткен ерлігімен, табандылығымен танылған батыр. Кіші жүз құрамындағы адай тайпасынан шыққан. Әкесі Құттықадам Тікенекұлы (1705— 1798) қалмақтармен шайқасқа .....
Дәуіт Асауұлы (туған-өлген жылы белгісіз) - батыр. 19 ғасырдың 50-жылдарында Орынбор ведомствосына қарайтын табын руының қарақойлы бөлімшесінің басқару- шысы болған. 19 ғасырдың 40-50-жылдарында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүз қазақтарының көтерілістеріне Есет Көтібарұлымен бірге жетекшілік жасағандардың бірі. 1855 жылы Орынбор өлкесінде Есет Көтібарұлы мен Дәуіт бастаған шектілер мен табындардың наразылығы болды. Көтерілісшілер қазақ даласына жазалау .....
Дәулен Таузарұлы (16 ғасырдың 2-жартысы, қазіргі Ресей, Омбы қаласы орнындағы Керейтоғай қонысы - 17 ғасырдың басы) -батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей руынан .....
Дәуқара Қарақожаұлы (шамамен 17 ғасырдың соңы - 18 ғасырдың ортасы) - батыр, би. Есімі байұлы тайпасы құрамындағы байбақты руының ұранына айналған. Дәуқара Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысқан. Ел арасындағы бір аңыздарда дене бітіміне қарай .....
Едіге Танашұлы - батыр. 14 ғасырда өмір сүрген. Ресейдің қазіргі Омбы қаласы орнындағы «Керей тоғайы» деген мекенде дүниеге келген. Орта жүз кұрамындағы керей тайпасының ашамайлы керей руынан шыққан. Едіге ағалары Балға, Балта батырлар сияқты .....
Еменәлі Жалбырұлы - батыр. 15 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасынан шыққан. Өзінің аталас туысы Жаңбыршы биден тәлім-тәрбие алған. Бұрындық ханмен, Жаңбыршы бимен бірге қазақ жұртын сыртқы .....
Ермек Елеуханұлы Үкібаев (13.07.1965 жылы туылған, 13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан Кентау қаласы), қазақ, генерал-майор И.В.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1986 жылы), Л.Н.Гумилев атындағы Дипломатиялық академиясын бітірген (2004). Германиядағы кеңес әскерлері тобы 2-гвардиялық танк армиясының мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкінің взвод командирі (1986-88); Әскерлердің батыс тобы 2-ші гвардиялық танк армиясының мотоатқыштар дивизиясы .....
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ата бабамыздың арманы асқақтаған, алаш аты аспандаған заманда өмір сүріп жатқанымыз әркімнің көкейіне зор мақтаныш ұялатады.
Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің жетістігі зор күш-жігер мен ортақ еңбекті талап еткенін әр қазақстандық түсінеді. Тәуелсіздік халқымызға тегін келмеді. Қаншама азаматтарымыз жалынға шарпылды, елім деп еңіреді, қаншама ұрпақ зар жылады, жапа шекті. Асынған бес қаруын айлап шешпеген еліміз төрт жүздей шабуылды басынан кешірген екен. Еліміз «егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты» таңдады. Ендігі міндет – бейбіт өмірді сақтау......