Қазақ әдебиеті | Байғозы Наймантайұлы

Байғозы Наймантайұлы[1] (1705 — 1803, Қарағанды облысы Шет ауданы Көктіңкөліауылы) — батыр. Руы — тарақты. Әкесі Наймантай батыр Сүтемгенұлы Тәуке ханның бас батырларының бірі болған (бейіті Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің іргесіндегі қорымда). Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінде қатар шыққан. Байғозы Наймантайұлы жоңғарлармен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау, Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозы Наймантайұлының қызы Қойсанадан Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы туған. Байғозы Наймантайұлының бейіті тұрған жер "Батыр басы” деп аталады.[2]
Байғозы Наймантайұлы (1705-1803) - қазақ халқының елдік пен еркіндікті қорғау жолында жоңғар шапқыншылығына қарсы .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Барақ Бигелдіұлы

Барақ Бигелдіұлы - 1693 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы дүниеден өткен. Тама тайпасының Дәулеткелді (ру) руынан, Бағалақ атасынан. Бағалақтан Оймауыт, Оймауыттан Тоқсанбай туған. Тоқсанбай әділдікті ту етіп ұстаған, әрі кең пейілді жан болған деседі. Бармын, жоқпын демей өзін көңілді ұстаған, қонақжай болса керек. Тоқсанбайдан Бигелді туады. Бигелдіден Құлшыораз бен Барақ туады. Екеуі де батыр, бірін-бірінсіз тұра алмайтын бауырмал жандар еді десетін. Екеуінің жолы екіге жарылатын күн келіп, Құлшыораз Еділ-Жайық бойына көшіп кетеді. Барақ Түркістан .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Барақ Жанұзақұлы

Барақ Жанұзақұлы (шамамен 1696, кейбір деректерде 1722, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Алдияр ауылы — өлген жылы белгісіз, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы) — батыр.[1] Әкесі Жанұзақ Қарабалуан есімімен мәшһүр болған түйе балуан. Барақ Жанұзақұлы 1740—1758 жылдары қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. Батырлығымен қатар емшілік, көрегендік қасиеттерімен де халыққа кең танылған. 1996 жылы Қостанай өңірі Барақ Жанұзақұлының үш жүз жылдық мерейтойын атап өтіп, батырдың ұрпақтары басына ескерткіш күмбез орнатты. [2]
Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) - батыр (1700-1793). Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысына, .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Барлыбай Бәсентиінұлы

Барлыбай Бәсентиінұлы - Абылай хан заманында өмір сүрген батыр. Бәсентиіннің қай атасынан тарайтындығы жөнінде дерек жоқтың қасы. "Абылай туралы жырдың" Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасында мынадай дерек кездеседі.
...Тоқал терек түбінде
Айналып кеңес құрды хан.
Бәсентиінұлы Барлыбай
Омыраулап сөйлледі,
Кісі ырқына көнбейді:
- Сен көк бөрідей желдің, хан,
Тоқал терек түбінде
.....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Батыр Баян Байболатұлы

Батыр Баян Байболатұлы - 1731 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы қайтыс болған. Таманың Дәулеткелді руынан. Әкесі Байболат та уағында елді қорғаған, жүрегі ештеңеден қаймықпайтын батыр болған екен. Баян батыр атымен танылған бірнеше батырлар болған. Абылай ханның байрақдары .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы

Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)[1] – батыр. Бүкіл өмірін қазақ жүртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевның "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруғе болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі.
Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетай мен Тәттіқара толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетай жыраудың "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бекежан Айбекұлы

Бекежан Айбекұлы (1667, Ақтөбе өңірі, Мұғалжар тауы маңы - 1730) - батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі. Сүрмерген садақшы, «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі - башқұрт мырзасы .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мырзағылұлы Бекет

Мырзағылұлы Бекет[1] (Бекет ата) (1750—1813) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Маңғыстауда туып-өскен. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.[2]

Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бұлытбай Баһадүр

Бұлытбай Баһадүр (Сұлтан) - XVII - XVIII ғасыр аралығында өмір сүрген алып денелі қазақ баһадүрі. Тарихшылардың айтуынша Бұлытбайдың 20 мың-ға жуық әскері болған. Бұлытбай Қоқан хандығымен соғысқан, себебі Қоқандықтар қазақтардың оңтүстік аумағын егеленіп, ауылдарды қырғынға ұшыратып отырған. 1806 жылы Бұлытбай сұлтан 2 мың әскерімен Қоқандық әскерлерге .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бөгембай Ақшаұлы

Бөгембай Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай, кейбір әдебиеттерде Бөгенбай (1680, Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойы — 1775, кейбір деректерде 1776, 1778, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл к. маңы) — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы.18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап "Қанжығалы қарт Бөгембай” деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста .....
Рефераттар
Толық