Дінтану | Мұхаммед Пайғамбар адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы

Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың жаратқанының ішіндегі кереметі Өзінің Елшісі,әрі соңғы Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) екені баршаға мәлім.Сонымен қатар,Пайғамбарымызға ең жоғары мәртебе бергені шынайы мұсылмандардың барлығына құпия емес.
Пайғамбардың сахабалары мен олардың ізбасарлары оны құрмет тұтып: «Салла Аллаһу алейһи уә саллам»-деп салауат айтулары және бұл сөздердің шынайы мұсылмандардың жүрегіне қуаныш ұялатып,оның дауысын естуге ынтықтыруы,сүйіктілерінің жүзін көру жан-тәндері мен ұмтылысы Пайғамбардың ұлылығының белгісі.
Аллаһ Тағаламыз Пайғамбарымызға асыл қасиет,жайлы мінез-құлық, жүректілік, адамгершілік, құрмет тұтарлықтай болмыс берген.
Адамзаттың ақыр заманға дейін Аллаһтың ақ жолынан тайып кетпес үшін Пайғамбарымыз ізінен екі түрлі мұра қалдарған екен.Оның бірі-Аллаһ Тағаламыздың қасиетті Құраны болса,екіншісі -өзі жазған хадистері болса керек. Пайғамбарымыздың хадистері өте көп, әрі әрбір хадисі ақыл-кеңес,түсінікке толы және Құдай дінімен байланысты әртүрлі анықтама беріп кеткен. Елшісінің ешбір хадисі Құдайдың қасиетті Құранының жазуларына қайшы келмейді.Хадистерді жақсы білетін мұсылмандар оның қадір қасиетін мадақтап,оның адамгершілігі туралы уағыз айтып, халыққа жеткізуге өте көп көңіл бөлген және бөлуде. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Мусин Қапан Әубәкірұлы

1921 жылы Батыс Қазақстан обылысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1970 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ композиторы. 1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясының қазақ студиясында дәріс алған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1953 жылы Алматы консерваториясын Е.Г. Брусиловскийдің композициялары бойын-ша тәмамдаған. 1943-1953 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері. 19653 – 1960 жылдарда Алматы консерватиясында ұстаздық қызмет атқарған. 1961–1969 жылдар аралығында Алматы консерваториясы жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі.
Қапан Мусин халық аспаптары оркестріне поэмалар, симфониялық оркестрге арналған үш симфония және атақты «Жайлауда» атты симфониялық поэмасын, «Халық бақыты үшін», «Мереке» поэмаларын жазды. Ол - тұңғыш симфониялық ірі шығарма жазған ұлттық композитор.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы

Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) (1924 — 1944) — 54-ші жеке атқыштар бригадасының снайпері, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры.
1924 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Ленинградтағы № 9 орта мектепте оқыды.
Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941).
1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. ....
Рефераттар
Толық

Тәттімбет Қазанғапұлы

Өнерде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрініп, ол қолтаңбасы ұлттың рухани әлеміне құнарлы арна болып қосылған тұлғалар қай елде де, қай заманда да некен-саяқ.
Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер – күйші-композитор.
Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп, жанымен сүйсінген, күй жанрының табиғи болмысын шынайы ұққан өнер адамы екендігін байқатады. Өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, халықтың классикалық музыка қорына жатады.
Қазанғапұлы Тәттімбет-қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.
Ол ән мен күйдің жылжыған жорғасы мен жүйріктері Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сияқты күйшілерімен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен қадірлес - сыйлас болған.
Қазанғапұлы Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданына қарасты Дастар тауының етегінде туған. Бұл жер қазіргі Абай атындағы совхоздың №4 Мыржық бөлімшесіне қарасты Қызылжал деп аталатын қыстау. Қызылжал қыстауын Мөшеке деп те атайды. Мөшеке Тәттімбеттің үлкен әкесі. Тәттімбет небары 45 жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салды. Қазанғапұлы Тәттімбеттің шыққан тегі Орта жүз, Арғын, оның ішінде Мейрамнан тарайды. Шежіре бойынша Мейрамнан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Шұбартпалы, Қаракесек (Болатқожа) деген аталар өрбіген. Осылардың ішінде Тәттімбет Қаракесегі болып келеді. Тәттімбеттің мінезі байсалды, жеңіл-желпі сөзге көтеріле қоймайтын салмақты кісі болса керек. Мұндай адам бойындағы адамгершілік қасиетті оның көптеген күйлерінен де аңғаруға болады. Себебі, жаны сергек, пейілі адал, халық мүддесі десеішкен асын жерге қоятын, аса әділеткер, адамгершілігі мол болғанын көз көрген қарт-қариялар да әңгімелеп айтып отырады екен. ....
Рефераттар
Толық

Тілендіұлы Нұрғиса

Тілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. ....
Рефераттар
Толық

Тілепбергенұлы Қазанғап

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады.
Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді.....
Рефераттар
Толық

Торайғыров Сұлтанмахмұт

Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл.
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды.
1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.
Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.....
Рефераттар
Толық

Торғай облысындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық күрес

Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Барлық жерлердегідей көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25 июньдегі указ болатын. Торғайдың әскери губернаторы М.М.Эверсмин «құрметті ақсақалдармен» бірге старшындарды арнайы шақырып алдырды: олар патшалық өкімет орындарын қолдайтынын білдіріп, патша указы орындалады деп сендірді. Либералдық феодалдық-бай интелегенция патшаның отаршылдық әкімшілігінің жетегінде кетті де, патша указын орындауға шақырып ауыл-аулдарды аралап кетті. Алайда олардың әрекетінен ештеңе өнбеді. Еңбекшілердің наразылығы мен ашу-ызасы күннен-күнге ұлғая түсті.
Торғай облысының әскери губенаторы М.М.Эвераменға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрамдады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл батысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың етегінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор – Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. ....
Рефераттар
Толық

ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ


Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.
Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.
Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. ....
Рефераттар
Толық

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР Жошы хан (1187 -1227 жж.)

Жошы хан — Шыңғыс ханның үлкен үлы, моңғол крлбасшысы. Алтын Орданың негізін салушы. Шешесі — коңырат тайпасының қызы Бөрте.
Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан өйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен түтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның үлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды.
1211-1215 жылдары Солтүстік Қытайға жасалған жорыққа қатысады.
1218 жылы Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттерді қуа отырып, Ырғыз өзенінің бойында Хорезм шаһы Мүхаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады. Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мүхаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты. Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды.
1220-1922 жылдар аралығында Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент т.б. қалаларды бағындырды. Осылайша ол Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алды.
1223 жылы әкесінің үйымдастыруымен өткен Қүланбасы жазығында өткен қүрылтайға қатынасты. Осы қүрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған үланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған төрт үлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының түяғы жеткен" төменгі Еділ бойына дейінгі жерді коса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты.
Қүрылтай аяқталғаннан кейін Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде Жошы ілеспей өз ордасында қалып қояды. Жошы үлысының негізін бүрын Дешті Қыпшаққа кірген түркі тілдес тайпалар қүрады.....
Рефераттар
Толық