Халифа Алтай Ғақыпұлы (1917 жылдың 18 желтоқсан)

Ғалым, діни ағартушы ұстаз Халифа Алтай Ғақыпұлы 1917 жылдың 18 желтоқсанында Шығыс Түркістан аймағы Шіңгіл ауданының Жарынты өзенінің бойында дүниеге келген. Сауатын алғашында әкесі Ғақып Қаракеленұлынан, кейін ауыл молдасынан ашқан. Абақ керей ішіндегі Жантекей руынан шыққан.
Отбасылық жағдайы
Бірінші әйелі Үндістанда көз жұмған. Екінші әйелі – Бибәтіш Алтай Жүнісқызы.
Ғалымның Абдулсаттар, Абдулсамет, Абдуррахим, Аднан есімді ұлдары мен Шакира, Шекүре, Мешкүре, Айсен атты қыздары бар.
1933 - 1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударды;
1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барды;
1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтады. Кейін Үндістан мен Пәкістанға өтіп, онда арабша, урдуша білім алды;
1952 жылы Араб, урду тілдерін білген Халифа Алтай алғашында Пәкістанның Пешавар қаласында қызмет етеді. Кейін сонда құрылған "Шығыс түркістандық қазақ көшіп келушілері қоғамының" жауапты хатшысы болды;...
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Иманғали Тасмағамбетов Нұрғалиұлы (1956 жылы)

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер. Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған адам. 1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған.
Мұғалім Иманғалиден…
Иманғали Тасмағамбетовтің балалық шағы, оқыған мектебі туралы ақпарат ашық дереккөздерде аз кездеседі. Дегенмен, оның жиырма жасынан бергі өмірі көптің назарында.
Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
Арада он жыл өте, 1989 жылы Иманғали Тасмағамбетов ұстаздығымен қатар, қоғамдық қызметте бас көрсете бастайды. Ең алдымен «лениншіл» жастардың жанынан табылады (Қазақстанның Лениншіл коммунистік одағы орталық аппаратының бірінші хатшысы қызметі). 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бақыт Сұлтанов Тұрлыханұлы (1971 жылы 29 қараша)

Өмірбаяны
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 1971 жылы 29 қарашада Алматыда дүниеге келген.
Білімі
1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, ал 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.
Отбасы
Үйленген, әйелі – Регина Фандесовна Сұлтанова. Анель есімді қызы мен Данияр және Әмірлан есімді ұлдары бар.
Еңбек өтілі
Еңбек жолын 1994 жылы қаржы министрлігінде қаржы нарығының құнды қағаздары басқармасы акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастады;
1995 жылы бөлім басшысы, 1996 жылы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды;
1997 жылы – бюджет департаменті директорының орынбасары;....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ғабидолла Әбдірахымов Рахматоллаұлы (1975 жылы 23 қаңтар)

Өмірбаяны
Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында (қазіргі Түркістан облысы) туған
Білімі
1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған.
1997 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Германияға оқуға түсті. 1999 жылы неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде магистр дәрежесін алды.
Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі.
Отбасы
Әкесі Рахматолла Әбдірахымов мамандығы бойынша – инженер. Анасы Анапия Майрихова – қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі. Отбасында бес ағайынды.
Үйленген, әйелі Данара Әбдірахымова. Әсел, Аделя, Алтынай есімді қыздары мен Әлихан есімді ұлы бар.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дәурен Абаев Әскербекұлы (1979)

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келді. Үйленген, екі баласы бар
Білімі
2001 жылы Дәурен Абаев әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қызыл дипломмен бітірді. 2006 жылы Нидерландыдағы Лейден университетін тәмәмдаған. 2014 жылы Еуразиялық гуманитарлық институттың дипломын алды. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді.
Еңбек жолы
Дәурен Абаев еңбек жолын 2001 жылдың тамыз айында Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында бастады. Кейін төрт жыл Қазақстанның Әзербайжандағы және Нидерландыдағы елшіліктерінде дипломаттық қызметте болды. 2007 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болған....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Арыстанбек Әлиев Мұхамедиұлы (1963 жылы 11 ақпан)

Өмірбаяны
Арыстанбек Мұхамедиұлы Әлиев 1963 жылы 11 ақпанда Алматы облысы Талғар ауданы бұрынғы Калинин атындағы колхоз – қазіргі Тұздыбастау ауылында дүниеге келді. 2008 жылдың қазан айында фамлиясын Мұхамедиұлы деп өзгертті.
Білімі
1981 жылы Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектебін бітірген.
1986 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясындағы виолончель сыныбының түлегі атанды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқару Ұлттық жоғары мектебін "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірді.
2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітіріп, 2003 жылы кандидаттық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (Ph.D).
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асқар Мамин Ұзақбайұлы (1965 жылы 23 қазан)

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келді.
Білімі
— 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. (инженер-құрылысшы);
— 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмәмдады;
Отбасылық жағдайы
Әйелі Мамина Алтынай Қасымқызы. Балалар: ұлы Данияр мен қызы Динара.
Еңбек өтілімі
• Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трестінің шебері (1987-1988);....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әсет Исекешев Өрентайұлы (1971 жылы 17 тамыз)

Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы 17 тамыз күні Қарағанды қаласында туған. Білімі – жоғары, әскери атағы – запастағы лейтенант.
"Мен – дәрігердің ұлымын"
Әсет Исекешевтің ата-анасы кім, қайда қызмет еткен, қандай кәсіпті игергені туралы ақпарат көп айтыла бермейді. Тек Исекешевтің өзі Астана қаласындағы үздік дәрігерлерді марапаттау кезінде анасы дәрігер болғанын айтқан еді.
"Дәрігердің жұмысын жақсы білемін. Жәй естіп қана қойған жоқпын, қандай ауыр жұмыс екенімен жақсы таныспын. Себебі, мен – балалар дәрігерінің ұлымын" — деген еді ол дәрігерлермен кездесуінде.
Оның 1968 жылы туған ағасы бар, аты-жөні – Ерлан Исекешев. Ал, әкесі – Өрентай Исекешев қайтыс болған, өмірін энергетика саласына арнаған адам....
Өмірбаяндар (биография)
Толық