Бердібек Соқпақбаев | Ұйқы келтіретін дәрі

Боранбай жатар алдында қалтасынан ішінде тары дәніндей түйір - түйір сарғыш бірдеңелер бар титімдей жұмыр флакон алып қарап отыр еді.

— Жаке, бұл немене? — деп, әуесқой Ержан қасына жетіп барды.

— Ұйқы келтіретін дәрі ғой балам.

— Не? Ұйқы келтіреді?

— Иә, ұйқы келтіретін дәрі.

— Қайтып келтіреді?

— Ұйықтар алдында осынын екі-үш түйірін жұтатын болса, адам қатып ұйықтап қалады.

— Сонан соң оянбай ма?

— Неге оянбасын, таңертең әдеттегідей қалпымен оянады.

Ержан қызығып, осындай да дәрі болады екен-ау деп, қайран қалды.

— Дәрігер берді. Соңғы күндері мазасыз ұйықтайтын болып жүргенім. Енді біраз күн осыны ішіп көрейін деп отырмын.

— Жаке, маған да біреуін берші, — деп өтінді Ержан.

— Оны қайтесің?

— Мен де жұтып көрейін.

— Мұның саған не керегі бар? Онсыз да төсекке басың тиер-тиместен қор ете қаласың.

— Жәкетай, біреуін ғана! — деп, Ержанның ынтызары арта түсті.

Борекең ұлының меселін қайтармайтын көңілшек адам.

— Мә, жұтсаң жұта ғой, — деп Ержанға ол дәрінің бір түйірін берді.

Ержан әкесінен аса бір қымбат зат сыйлыққа алғандай қуанды. Рақмет айтты да, жүгіре шығып, әжесінің бөлмесіне барды. Әжесі екеуі осы бөлмеде ұйықтайды.

— Әжетай, төсек салып бере қойыңызшы, мен кәзір мына дәріні жейін де қатып ұйықтап қалайын.

— О неғылған дәрі?

— Ұйқы келтіретін дәрі. Жәкем берді.

* * * .....
Әңгімелер
Толық

Рамазан айы. Оразаны ұйқыда өткізу

Сұрақ: Бір молда: «Оразасын ұйқыда өткізетін адам сауап алмайды, алса тек түсінде ғана алар. Оразаның сауабын қиялдай да алмайды» дейді. Мен түнде жұмыс істеймін, күндіз ұйықтаймын, тек намаз уақыттарында тұрып, намаздарымды оқып, қайтадан жатамын. Менің оразаларым босқа кетіп жатыр ма?
Жауап: Жоқ, ораза ұстаған адамның ұйықтауының зияны жоқ. Керісінше ұйықтауы да сауап болады. Түнде жұмыс істемесеңіз де күндіз ұйықтауыңызға болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Ораза ұстаған адамның ұйқысы ғибадат.» (Дәйләми)
Ұйықтау жаман амал емес. Өлі сияқты жатқан адам, Аллаһу та’аланың мейірімімен, ұйықтағанда да сауап алады. Ұйқыда күнә жазылмайды, өйткені саналы түрде ешқандай.....

Кеңестер
Толық

Ерте ояну әдетін қалай оңай қалыптастырамыз?

Бір күнде барлығына үлгеру үшін, ерте тұру керек екенін сіз де жақсы білерсіз. Бүгінгі материал осы тұрғыдан көмекші болмақ. Алайда мұнда айтылған кеңестерді бірден орындаудың қажеті жоқ. Тек төмендегі ақыл-кеңестің өзіңізге қолайлысын таңдауыңыз қажет.
Кеңестер
Толық

Кедейлік психологияны қалай жою керек?

Біз бұған дейін кедейліктен арылатын жеті әдет туралы сөз қозғағанбыз. Ендігі кезек сіздегі кедейлік психологиясымен күресуге келіп отыр.

Өзіңізді аямаңыз! Жұмыстан шаршаған кезде «мен шаршадым, ендігі істегенім іс емес» деген ойдан арылыңыз. Ұйқыңыз қанбаса, күні-бойы артық тағы.....

Кеңестер
Толық

Таңертең бір стақан ыстық су ішіңіз

Сіз таңертең бір стақан ыстық су ішу арқылы ішек-қарын жолдарын тазалай аласыз. Себебі ыстық су ағзадағы барлық артық заттан құтылуға көмектеседі. Сонымен қатар, ұйқыңызды ашып, ерекше........
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Ерлан Жүніс (Ұйқысыздық)

Түзелмеу?!.
Бір қисық шегедей заманның суреті ілінген,
Жап-жас арқаммен көтердім бәрін,
Ұлымдай, уақыт секілді қарсылай жүгірген,
Шырқайды ойлар еркіндік әнін.
Шырақтай,
Дәптерді құшардай ұмтылған.....
Өлеңдер
Толық

Балабақша ойындары топтамасы

Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.....
kz
Толық