"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.
Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп көрсетеді. Бұдан кейін ол:
— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшыңдар».
Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.
Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп түсіндіреді.
Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы, бір ұпай 2 ауыз ән салу, не 3 жұмбақ шешу, не 3 жаңылтпаш айту немесе өз көлеңкесімен сөйлесу, көзін байлатып ортаға шығып, «Соқыр теке» болу, т. б. ұпай көбейген сайын бұл сияқты шарттар да көбейе береді. Ойын басталады .....
1.1.Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы. Жаңа бағыттарды дамыту Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуіне мүмкіншілік береді. Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасыру өзекті мәселеле болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым саласын индустриалдық-инновациялық дамудағы қазіргі ұстанып отырған саясатының маңызы зор. Онда отандық ғылымның саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық даму динамикасына ерекше назар аударылған. Дүние жүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салалары, агроөндірістік кешен) қалыптасып келеді [1]. Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстанда жас мал еті, ежелден-ақ үлкен сұранысқа ие. Жас мал етінің жұғымдылық және тағамдық сапасы өте жоғары, дәмді, жұмсақ – шырынды, әуес тағам тағам болып табылады. Олардың майы аз, жұғымды. Бұл мәселенің маңызы біздің еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылу кезеңінде ерекше арта түсуде. Солай бола тұрса да, бізде көптеген шаруашылықтар көбінесе ірі қара мал етін негізінен ары қарай өсіруге жарамсыз мал басынан және еркек малды етке өткізу арқылы өндіреді. ....
Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы жақсы болуы шарт. Үйде ұрыс-керіс болуы балаға кері әсер етеді. Әсіресе ажырасудай баланың көңіліне қаяу салатын нәрсе жоқтың қасы. Балалар ата-анасын идеал, мінсіз адам ретінде көретінін ұмытпау керек. Солар сияқты болуға, солар сияқты әрекет етуге тырысады. Үлкендердің дағдыларын, әрекеттерін тез қағып алады. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап ата-ана барлық жағынан жақсы болуға, үлгілі болуға мәжбүр. Сондай-ақ ата-аналар ешбір баласын бөліп жармай, барлығына бірдей қарауы, бірдей мәміле етуі қажет. Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін .....
Сылти басқан олар жыраға қарай құлдилап түсе бастады да, алда келе жатқаны бейберекет шашылған тастар арасында сүрініп, теңселіп кетті. Өздері қалжырап біткен, жүздерінен ұзақ мұқтаждық ізі мен күйзелісті көнбістік қана аңғарылады. Иықтарындағы қайыс таспалармен шандылған зілдей тендер еңселерін одан әрмен езе түскен. Екеуінің де арқасында мылтық. Екеуі де бастарын төмен салбыратып, көздерін жерден алмастан бүкжеңдей түседі.
— Құпия орындағы оқтардың, тым құрығанда, екеуі өзімізде болғанда ғой, — деді бірі үнсіздікті бұзып.
Оның даусы еш сезімсіз, салғырт естілген. Жүдә енжар айтқаны соншалық, тастарға соғыла ақшулан түспен көбіктеніп аққан суды енді кеше бастаған серігі жақ жарған жоқ. Әлгінің соңынан жолдасы да суға аяқ басты. Ағын су сүйектен өткен мұздай болғанмен — суықтығы соншалық, балтырлары мен башпайлары мүлдем жансызданып сала берсін, — олар аяқ киімдерін шешкен де жоқ. Кей тұста су тізелерінен асып, тірегін жоғалтқан әлгілер теңселіп-теңселіп кетеді.
Жүргіншінің бірі жылтыр қойтаста тайғанақтап, құлап түсе жаздады да, жан даусы шыға шыңғырып жіберіп, сөйтсе де аяғында тік тұрып қалған. Сірә, басы айналып кеткен болуы да керек теңселген күйі қолдарын ербеңдете түсіп, ауаны құр қармағандай болды. Бойын әрең билеп, алға қадам басқаны сол-ақ ізінше қатты: теңселіп кетіп, тағы да омақаса құлай жаздасын. Сол сәтте кілт тоқтап, серігіне көз тастады: анау болса жүрісін кідіртпестен алға озып барады, ол ол ма, бұрылып қараған да жоқ. .....
Сағат онға қараған қыркүйектің бейуақ кешінде земстволық дәрігер Кириловтың алты жасар жалғыз ұлы Андрей жұқпалы тамақ дертінен қайтыс болды. Дәрігердің әйелі жаңа ғана көз жұмған сәбидің төсегі алдында тізе бүгіп, дәрмені құрып, талықси берген кезде ауыз үйден қоңырау шыр ете түсті. Қауіпті аурудан қорқып, барлық жалшы біткен таңертең - ақ үйден аласталды. Кирилов бешпетсіз, желеткесі желбегей, карболка күйдірген қолы мен тер сорғалаған бетін сүртпестен есікті өзі барып ашты. Ауыз үй тастай қараңғы еді, үйге кірген кісінің тек орта бойлы, ақ бөкебайлы, боп-боз, жалпақ бетті жан екенін ғана байқайсың, шүберектей бозарған адамның ішке енгені сол, ауыз үй жап-жарық боп кеткендей...
— Үйдемін! — деді Кирилов, — нендей шаруаңыз бар еді?
— А, бұл сіз бе? Өте қуаныштымын! - деді кірген адам қуанып, қараңғыда сипаланып, дәрігердің қолын алып, қатты қысты. — Тіпті... өте қуаныштымын! Біз бұрыннан таныспыз ғой!.. Мен — Абогинмін... Жаздыгүні Гнучевтікінде өзіңізбен бірге болып, бір жасап қалып ем. Сізді үйден тапқаным қандай жақсы болды... Құдай үшін, қазір менімен бірге жүрсеңіз деймін... Әйелім қатты сырқаттанып қалды... Көлігім де дайын...
Үйге кірген кісінің дауысынан да, жүріс-тұрысынан да әбден абыржығандық байқалады. Тап бір өрттен, әлде құтырған иттен шошынған ба дейсің, ентігіп әрең демалып, даусы дірілдеп, сөзінде пәтуа жоқ, бала құсап былдырлап кетті. Есі шығып, үрейі ұшқан адам секілді, бұл да сөзінің аяғын жұтып, бұзып-жарып сөйлейді, келген шаруасына қатысы жоқ қайдағыны айтып сандырақтап тұр. .....
Ольга Ивановнаның тойында оның жақын достары мен жақсы таныстарының бәрі де болды.
Көзге түсер ештеңесі де жоқ, осы сияқты жай, қарапайым адамдарға күйеуге шығуының себебін ұғындырғысы келгендей, Ольга Ивановна күйеуіне қарай иек қаға сөйлеп, достарына:
— Қараңдаршы, өзінде бірдеңенің нышаны бар емес пе? — дейді.
Күйеуі, Осип Степанович Дымов, дәрігер, лауазымды кеңесші шеніндегі адам. Екі ауруханада бірінде штаттан тыс ординатор болып, екіншісінде прозектор болып істейді. Күнде ертеңгі сағат 9-дан түске дейін ауруларды қабылдап, палатасында қызмет етеді, ал түстен кейін конкаға мініп алып екінші ауруханаға барып, онда ауырып өлген адамдарды сойып қарайды. Өз бетімен дәрігерлік істен табатын табысы тым аз, жылына бес жүз сомдай-ақ. Міне, бар болғаны осы. Ол туралы басқа не айтуға болар? Ал енді Ольга Ивановна мен оның жақын достарын, жақсы таныстарын онша қарапайым адамдар деуге болмайды. Олардың әрқайсысының да өзінше көзге түсер ерекшелігі, аз да болса, атағы бар, аты шыққан көрнекті деп саналатын немесе, тіпті, саналмаған күннің өзінде де болашағына зор сенім артуға болатын адамдар. Бірі драма театрының әртісі, ел сыйлайтын ірі талант, сымбатты, ақылды, момын ғана адам, дауыстап оқуға өте шебер, Ольга Ивановнаны дауыстап оқуға үйреткен сол болатын; енді бірі опера әншісі, ақжарқын жуантық адам, ылғи Ольга Ивановнаға күрсіне қарап: сіз өзіңізді - өзіңіз қор қылып жүрсіз, егер ерінбей, өзіңізді қолға алған болсаңыз, тамаша әнші болар едіңіз ғой дейді; одан кейінгілері - бірнеше суретші, олардың ішіндегі тәуірі - жанрист, анималист, пейжазист Рябовский дейтін өте сұлу, ақсары келген жас жігіт, жасы 25-терде, ол көрмеде көзге ілінген өзінің соңғы картинасын бес жүз сомға сатқан; Рябовский Ольга Ивановнаның этюдтерін түзетіп беріп, бәлкім, Ольга Ивановнадан суретші де шығар деген болатын.Одан соң бірі — тартқанда асп.....