Құстардың қысқы тіршілігі

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.
Мақсаттары:
а) білімділігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстар туралы ой - өрістерін дамыту.
ә) дамытушылығы: Озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, балалардың ой - өрісін, дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын, тілін дамыту. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелету арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
б) тәрбиелігі: Отанын, жерін, орманын, көлін, құстарын, табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу. Балаларды әсемдікті, әдемілікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету.
Сөздік жұмыс: Жем, нан қоқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер.
Көрнекілігі: тақырыптық мазмұнына байланысты бейнелі және заттық суреттер, жемшашар және оның үстіне әзірленген құстар дастарханы.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сөзжұмбақ, тақпақ, ойын, көрсету......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды

Білімділік: Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: балаларға құстар туралы тақпақ айтқызып әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорын, ой өрістерін дамыту.
Жаңа сөздер: ұшады, секіреді, қоректенеді.
Әдіс - тәсілдер: АКТ слайд арқылы құстар туралы әңгіме құрау.
Шаттық шеңбер:
Ал балалар тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық
Сауысқан болып секіріп
Тоқылдақ болып шоқиық
Торғай болып қонайық
Қане, қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер

Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар! Әр адамның қалыптасуына тәрбиеші ерекше орын алады. Балғындар үшін тәрбиешілердің орны тіптен де бөлек. Міне, осы тәрбиешінің қиын да қызықты жұмысын насихаттап, педагогикалық ізденістерін, өнерін ортаға салу мақсатында ұйымдастырылған “Салт – дәстүрді ұстанған тәрбиешілер” атты тәрбиешілер сайысына қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші:
Жүріңіздер тамашаға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен - саяқ.
Ән шырқап би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Құстар біздің досымыз

Білімділігі: Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі,
Табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Дамытушылығы: Құстарға қамқорлық жасауға деген көзқарасын кеңейту.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарға қамқорлық жасауға баулу, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, слаидтар көрсету, түсіндіру, ойындар, құстар туралы өлең тақпақтар
Көрнекіліктер: Құстар суреттері, ақкөгершіндер, адам алақаны, ағаштар, инт тақта
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, математика
Сергіту сәті «Торғай, торғай» «Ақ көгершін»

Ұйымдастыру: Қонақтармен амандасу
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Достарымен амандасу
Қайырлы таң достым
Ісің сәтке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын
Ынталандыру сезімдерін ояту
Көңіл күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынсыңдар ма?
Сұрақтар қою
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай?
Ал табиғатта қандай өзгерістер болды?
Нелер бүршік атып жапырақ жая бастады?
Көп ағаштар қайда өседі?
Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы бар?
Инт. тақтамен жұмыс .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Құстар қайтып барады

Мақсаты: 1. Құстар тіршілігі туралы түсінік беру;
2. Адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелей отырып, ынтымақты болуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой өрісін дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға, ізденуге машықтандыру.
Көрнекілігі: Құстардың суреті, плакаттар, үнтаспа слайд, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
«Құстар біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Мен баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын! Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі.
1 - сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенцияда жариялағаннан бері аталып келеді.

Біздің еліміз құстарға бай. Сондықтанда біз оларды қорғап пайдалана білуіміз керек. Құстардың еті тамақ болса, мамық қауырсыны киім, көрпе жастық болады. Енді біраз құстар орман, жер зиянкестерімен қоректеніп ауылшаруашылығына пайдасын тигізеді. Ал құстардың эстетикалық мәні өзалдына бір төбе. Талай сазгер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Құстардың ұшу заңдылығын алғаш рет Леонардо да Винчи зерттеген екен. Содан бері көптеген авиаконструкторлар құстарды негізге алып, талай ұшақтар жаса шығарды емес пе?!
Еліміздің көк байрағында да қыран құс қалықтайды. Астана төріндегі «Бәйтерек» самұрық құс пен алып жұмыртқа да құспен байланысты.
Құстар туралы айтар әңгіме көп. Дәл қазір құстар туған жеріне жылы жақтан ұшып келуде. Қанатты достарымызды құрметпен қарсы алайық. Ән: Құстар қайтып барады»
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, достар! Сіздерді бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты тәрбие сабағымызды тамашалауға шақырамыз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Көктем жаршысы құстар

Құстар – көктем жаршысы
Мақсаты: Табиғатты сүюге баулу, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу
Дамытушылық: Баланың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу; Айналадағы өмірді бақылау арқылы дүниетанымын молайту, ой - өрісін жетілдіру.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға, аялауға, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: «Құстар біздің досымыз» атты бұрыш, құстар туралы буклеттер, альбом, плакаттар, құстардың дыбысы жазылған таспа, табиғат туралы сызба.
Өткізу әдісі: Сұрақ жауап, ойын, түсіндіру, көрнекілік әдістер.

Тәрбиеші:
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза мөлдір көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.
Балалар:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Қош келдіңіздер!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Құстар біздің досымыз

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Бөлімдері:
Мақсаты:
а) Ақпараттық - құзіреттілік
Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.
б) Коммуникативтік - құзіреттілік
Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
в) Проблеманы шешу құзіреттілігі
Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі Құстар суреті,
Әдісі
Билингвалдық компоненті: Құстар - птицы

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Шаттық шеңбері.
Нұр құшып әлемге
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң, қайырлы күн! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Психология | Ұстаз психологиясы

Ұстаздық шеберліктің нендей түрін дәлелдеуге де себеп принципі негізгі роль атқарады. Бұл принцип бойынша адамның, соның ішінде педагогтардың да ісі, келген шешімі себепсіз болмайды. Педагогтың әр ісінің жемісті болып келуін содан шығатын нәтиже ғана шешеді.
Ұстаздың оқушылармен күнделікті жасалатын қатынастардың бәрі сөз арқылы іске асады. Сөздік қатынасты екіге бөледі. Біріншіден, сөйлесудегі сөздердің көбі ақыл, кеңес беру жөнінде айтылады. Ақыл айтып, кеңес берудің өзі оқушының істеген ісін қостамай, қателігін мойындату үшін, керісінше оның ісі ұнамды болған жағдайда, осыны баланың өзіне сездіру үшін қолданылады. Екіншіден, кейде балаға осы сияқты сөздер жетпегенде оған қатты талап қатып, қолданатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданады.
Екінші бір шеберлік – мезгілді созып алмау үшін орынсыз еткерту жасауға әуес келмей, ескертулердің көпшілігін бет құбылыс дауыс арқылы жеткізе білуде. Осындай тәсілді өзінше сипаттап көңілмен білдіру әдісі деп атайды.
Келесі бір шеберліктің түрі – оқу мазмұнын оқушыларға қарай ықтамшап, егер олар түсінбеген жағдайда, түсіндірудің басқа жағын іздестіру болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Төлдердің және құстардың полигиповитаминозына тривитаминді қолданудың экономикалық тиімділігі

Кіріспе
Ветеринария Ғылымының «Құсдың жұқпалы емес ішкі аурулары» бөлімі жұқпалы емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін, ем-әрекеттерін және сақтандыру шараларын дамытып жетілдіретін пән.
Бұл, жалпы биологиялық, аурутану, зооинженерлік, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән. Маңызды-маңызды қоғамдық және арнайы клиникалық пәндерді міндетті түрде және терең игертудің, шаруашылықтарда ем-әрекеттерін және Құсды аурулардан сақтау шараларын белсене ұйымдастырып, тиянақты орындай алатын мағлұматты Құс дәрігері мамандарын дайындаудағы маңызы зор. Арнайы бағыттандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындар мен Құс шаруашылығы өнімдерін /сүт, ет, жүн және жұмыртқа/ өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалануды тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру Құсды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып-жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты Құсды, түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мына 4 адамның ұстаған оразасы қабыл болмайды

Адамды сабырлық пен ізгілікке, шыдамдылық пен төзімділікке, жақсылыққа тәрбиелейтін айдың берері мол. 30 күн бойы аузын бекітіп, ораза тұтқан әр мұсылман қашан да Алланың назарында жүреді. Дей тұрғанмен, оразаны таңнан қара кешке дейін аш жүру деп ұғатындар да жетерлік. Ораза ұстағанымен, өзін ұстай алмаған адамдардың ниеті де.....
Кеңестер
Толық