Дене шынықтыру | Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны және құрылымы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербес, ізденімпаз, дені сау, өзгермелі өмір жағдайына белсенді және білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен пайдалана алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” педагогикалық қоғамдастықтың алдында ауқымды міндет тұрғандығы, яғни - білім берудің жаңа моделін құрып, оны сынақтан өткізу, тәжірибеге енгізудің негізгі принциптері көрсетілген. Тұжырымдамада мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру қажеттілігі айтылған [1].
Талаптарды орындау үшін жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жас жүгірушілердің орта қашықтыққа жүгіруді оқытуда жаттықтыру күшінің құрылымы

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы

Спорттық жаттығу өзіне даярлықтың негізгі бөлімдерін немесе салыстырмалы түрде дербес қырларын: техникалық, дене қасиеттері, тактикалық, психологиялық, теориялық және интегралдық қырларын қосады [9,13,28].
Осындай құрылым спорттық шеберліктің құрамдас бөліктері туралы түсінікті ретке келтіреді, оларды жетілдіру тәсілдері мен әдістерін, спорттық жетілдірілу процесін басқару мен бақылау жүйесін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
Бұл ретте даярлықтың қырларының әрқайсысының оның басқа қырларының жетілгендік дәрежесіне байланысты болатындығын, олармен анықталатындығы және, өз кезегінде, олардың деңгейін анықтайтындығын ескерген жөн болады [11,23,45,].
Зертеудің өзектілігі.Волейболдағы жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің, қасиеттерінің көрініс табуы айтарлықтай алуан түрлі, сондықтан олардың әрқайсысын дамыту мен тиімді жетілдіру тиісті ғылыми негіздеуді талап етеді. Басқа да спорттық ойындардағы секілді, волейбол ойнау барысында қарсыластардың күтпеген әрекетеріне жылдам жауап қайтару, ойынның жекелеген техникалық тәсілдерін орындаған кезде жоғары жылдамдық қасиеттерін көрсету, бағыт-бағдар алу жылдамдығы, уақыттың қатаң тапшылығы жағдайларында орын ауыстырулардың, шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттердің қажеттілігі, командадағы серіктерімен күрделі өзара ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | Сағат және DS18S20 құрылғысы негізінде портативті сандық температура өлшейтін түрлендіргіш жасау

Кіpіспе
Бүгінгі күні көптеген өндіpіс түpлеpі мен күнделікті тұpмыс кеpегіне
қoлдaнылaтын сaн түpлі техникaлық құpaлымдap негізінің бaқылaуы сaндық
құpылғы негізінде жүзеге aсaтындығы белгілі. Бaқылaу жұмысының
белгіленген мaқсaтпен жүзеге aсуы үшін нaқтылaнғaн уaқыттapдa бaқылaу
oбъектісінің бaптaулapы өлшеніп және бaсқapушы құpылымның сәйкесті
жaғдaйы paстaлып, aлынғaн aқпapaттapғa қaжетті келтіpімдеp apқылы түзеу
жүpгізіліп, нәтижесінде бaқылaу сигнaлдapы тудыpылaды дa, oлapдың
сәйкесті әpекеттеpімен oбъектінің жaғдaйы қaжетті жaққa aуыстыpылaды.
Қaзіpгі зaмaндa көптеген елдеpде сынaптық темoметpді үйдегі
күнделікті тұpмыстa дa қoлдaнбaйды. Қaзіp сaндық тpмoтүpлендіpгіштеp
тұтыну жaғынaн кең етек жaюдa. Менің диплoмдық жұмысымдa сaндық
түpлендіpгіштің бapыншa қapaпaйым әpі бaғaсы жaғынaн apзaн, және oсы
кpитеpийлеpге қapaмaстaн темпеpaтуpaны тез әpі дәл түpлендіpуі зеpттеледі.
Бұл менің диплoмдық жұмысымның біpден-біp өзектілігі бoлып тaбылaды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қолданбалы информатика | Валюта айырбастау пункті құрылған мәліметтер базасы

Ақпараттық жүйелер (АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ-ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық көрсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен;
- мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен;
- уақытқа қарай – экономикалық есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау зәрулігімен;
- уақытша іс тәртібімен ұйымдастыру құрылымына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігімен.
Қазіргі уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын АЖ–ның көптеген саны қызмет етеді. Олардың бір–бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрлендіріледі:
- басқару объектісінің сипатымен;
- АЖ–ны тұрғызу мен жұмыс істетудің жинақталған тәжірибесімен;
- басқару және басқарылушы жүйелерінің құрылымымен;
- мәліметтерді жинауда, өткізіп беруде және өндеуде қолданылатын жабдықтармен;
- АЖ–ны басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т.б.
АЖ – бұл ақпараттық жүйелер жобасы мен акпаратты-есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделi жүйе.
Мұндағы АЖ жобасы – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс iстету шешiмдерi сипаттап жазылған техникалық құжат.
Ал, АЕЖ - деп ақпараттық жүйелер жобасын жұмыс iстетуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық кешенiң түсiнуге болады. АЕЖ мәлiметтердi жинауды, өткiзiп берудi, өңдеудi, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып берудi АЖ жобасындағы шешiмдерге сәйкес қамтамасыз етедi.
АЖ-ның келесi есебi – шешiмдердi қабылдау үшiн мәлiметтердi алу. Бұл жерде шешiмдi қабылдау деп әдетте алға қойылған белгiлi-бiр мақсатқа жету жолдарының бiрiн таңдауды ұғуға болады.
Оның негiзгi есебi АЖ-ның үлкен көлемдегi жеке есептерiн қамтиды.
- жүйенiң iшiнде және сыртында болып жатқандар туралы ақпаратпен жабдықтау;
- шешiмдер ережесi туралы ақпаратпен жабдыктау (нұсқаулар, мөлшерлер, сiлтемелер, алгоритмдер және т.б);
- шешiмдердi қабылдауға, қолдануға болатындай объектiнiң ортасы туралы мәлiметтердi тiркеу, талдау және бағалау;....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Банктердің пассивтік операцияларының құрылымы және жалпы сипаттамасы.Депозиттік және депозиттік емес операциялар

Кіріспе
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды.Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаржат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екндігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстан Республикасының Нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі.
Осы тақырыптың ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі - ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы

Кіріспе.
Зертеудің мақсаты: Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы, адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлесуі, ой алмасуы, бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдалануы, адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалуы, осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болуы, сөйлеу адам санасының басты белгісі екендігі, ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты, сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет екендігі, сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мсн қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейпеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу үрдісінің алғашқы баспалдағыекендігі, түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдісі, түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болуы, сол шындық пен болмыстың адам сезім мушелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсіктің тууы, яғни түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі екендігі, баланың дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік екендігі, нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де балаға осы баспалдақ арқылы жетуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық