Экономика | Экономиканың құрылымдық қайта құрылу

Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық экономикасын нарықтық қатынастарға бір мезгілде ауыстыру айқын болып келеді, өйткені халық шаруашылығының мұндай ауысудың қажетті жағдайларын жасауға баруға дайын еместігі маңызды әлеуметтік күйзелістермен қалайсыздыққа ұшыратылған. Алайда осы мақсатта арнайы экономикалықаймақтарды пайдаланудың шынайы мүмкіндігі пайда болады, олардың шектелген аялары нарықтық механизмнің әрекет етуін еш қиындықсыз жөнге келтіруге мүмкіндік береді. Аса дамыған елдердің тәжірибесі, онда ғылыми-техникалық жетістіктерді ендірудің экономикалық механизмі ұлттық экономиканың инновациялық секторына түрленгенін көрсетті. Өкінішке орай, Қазақстанда бұл әлі жоқ. Сонда да ғылыми-техникалық сферада кәсіпкерліктің барынша дамуына ұтыс тігу өзінің нәтижелерін беруде. Сонымен, инвестиция бойынша Комитет құрылды, ол жобалардың сараптамасын өзінің мойнына алу керек: рыноктың мұқтаждықтарын бағалау, қаржы ресурстарының көлемі, тәуекел дәрежесі және болжанатын кірістер.....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Химия пәні мен құрылымы

1.Химия
Химия химиялық элементтерді (атомдарды ), олар түзетін жай және күрделі бөлшектерді ( молекулалар),осы бөлшектердің өзгеруін және заңдарын оқып үйренетін жаратылыстану ғылымдарының бір тармағы.Д. И.Менделеевтің анықтамасы бойынша «Химияны қазіргі жағдайда элементтерді оқып үйрену деп атауға болады». [«Химия» сөзінің қалыптасуы толық зерттеліп бітпеген.Көптеген зерттеушілердің болжамы бойынша, бұл сөз Египеттің химия деген бұрынғы атауына негізделген.(грекше Сһе Плуархта кездеседі ).Ол «хем» және»Хаме» қара жер жайлы ғылым египет ғылымы деген мағына береді.]Қазіргі заманғы Химия басқа ғылымдармен қатар ауыл шаруашылығының барлық салаларымен тығыз байланысты .Материяның жылжуының химиялық формаларының саналық ерекшіліктері және оның басқа қозғалықа өтуі химия ғылымының жан жақтылығын жәе басқа ғылымдар байланысын өте төменгі және өте жоғарғы формаларын оқып үйренеді .Қозғалыстық химиялық формасын тану табиғаттың дамуы ,Ғаламдағы заттардың эвалюциясы ,әлемнің толықтай материлистік суретінің қалыптасуына ықпал етіп,жалпы білімді байытады.
Химияның басқа ғылымдармен жанасуы олардың өзара енуінің спецификалық облыстарын тудырады.Осылай химияныңфизиканың бір біріне өтуін физикалық химиямен және химиялық физикамен көрсетілген. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тіл | Ұрым тілі

Ұрым тілі
1.0 Түркі тілдес ұрыдар мен грек тілдес румеилер бірлесе отырып, христиандықты уағыздайтын және Қырымнан Солтүстік Азов маңына 1778-1779 жылдары қоныс аударған, ғылымда «мариупольдік гректер» атымен белгілі этникалық топ құрайды. Ұрымдар мен румеи атауларының өзі, біріншіден грек ұлтына тән фактісіне, екіншіден, Шығыс Рим империясы қол астындағыларының ресми атына байланысты, ол империя мұсылман дүниесінде «Румдер елі» (түр. Rum diyari), ал қол астындағылар – «рум тұрғындары, румдықтар» (Rumi) деп аталды. Ұрымдар тілі атауларының нұсқалары: түркі тілдерінің мариупольдік тіл ерекшелігі, татар, қырым-татар, грек-татар; аға буын өз тілін урим дили – урум тили деп атайды.
2.0 Ұрым тілі (Ұ.т.) Украинаның оңтүстігінде, Солтүстік Азов маңында, Донецк обылысының Великоновоселковск, Першотравнев, Старобешевск, Тельман аудандарындағы отыз ауыл мен Запорож обылысының Куйбышев ауданы және Мариуполь қаласы жергілікті тұрғындарының ауызекі-тұрмыстық тілі түрінде тараған. 1980 жылы ұрымдар саны 60 мың адамнан асты. Ұрым тілі этникалық топ ішінде және отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы кезінде қоладнылады. Барлық ұрымдар өз тілінен басқа орыс тілін де меңгреген. Жас ұрпақ арасында өз тілін білу әлсіздігі байқалады. Жалпы әдеби Ұрым тілі жоқ.....
Курстық жұмыстар
Толық

Геология | Тұзды күмбезді құрылымдар

КІРІСПЕ.
Шетелдік және отандық басылымдарда жарияланғандай тұзды күмбездердің морфологиясы мәселесімен көптеген зерттеушілер айналысты. Дегенмен бұл проблема осы күнге дейін ол толық шешілген жоқ, көп нәрсе анық емес және аяғына дейін шешілмеген. Бұл ең алдымен күштердің шығу тегі мәселесімен, тұзды құрлымдардың пайда болуымен және жасалу механизімімен байланысты. Бұл мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар туды, көптеген зерттеушілер тұзды құрлымдардың жеке геологиялық жағдайдағы дамуын осы және басқа аудандағы берілген мәліметтердің геологиялық ғылыммен байланысын тарту, яғни осы көзқарастарды барлық жақтардан қарастырып, меселені толығымен шешуге тырысты. Сонымен теріс рөлді қатар нашар зерттелген тұзды күмбез облысының тереңдік тектоникалық құрылымы әсер етті. Тұзды күмбездер тұзды шөгінділер генезисімен тығыз байланысты. Бұл арада XIX ғасырмен XX ғасырдың басында геологтар арасындағы әртүрлі көзқарастар болды. Біреулер тұзды жанартаулық жарылыстан пайда болды десе, ал басқалар галогендік шөгінділер теңіздік тұзды су қоймаларында пайда болды деп болжауда, ал үшіншілері тіпті тұздардың пайда болуын континенталді көп жағдайлармен байланыстырды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Түркі қағанатының қоғамдық – саяси құрылысы

Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, тіпті олардың кейбіреулерін кіріптар қылып қойды. Түрік державасының геосаяси орнының өзін “Түркі мемлекетінің құрылыуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды өйткені сол кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір – бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді” – деп Лев Гумилев дәл анықтап көрсеткендей, Түркі қағанатының басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік функциясы мықты болды. Өз кезегінде Түркі қағанатының саяси дамуы көрші мемлекеттермен тайпаларға ықпал етіп, әлсіздерін өздеріне бағындырып отырды.
Түркі әлемінің тарихтың қай белесінде де сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі трансформацияға түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.
Мәселенің өңделуі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Машина құрылысы | Тіректі кран қоймадағы майда ұсақ төкпелі жүктерді тиеу

Кіріспе
Егеменді еліміздің Қазақстанның материалдық-техникалық негізін құруда халық-шаруашылығын дамытып алдыңғы жолға қою ең маңызды да жауапты жұмыс.
Халық шаруашылығын дамыту дегеніміз өндірістің барлық саласын яғни жер байлығын өндіретін таукен саласында, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, құрылыс, жеңіл және тамақ өндірісінде және тағы басқа да еңбек өнімділігін арттыру, қол еңбегін жеңілдету, халықтың жағдайын жақсарту дегенге жатады.
Ерте заманнан-ақ адамдар күн көру үшін ететін ауыр еңбектерін жеңілдетудің әр түрлі тәсілдерін ойлап тапқан. Ауыр заттарды бір жерден бір жерге тасымалдау немесе оны жоғары көтеру үшін неше түрлі әдістер қолданған. Сол әдістер бертін келе көтеру-тасымалдау машиналарының негізгі болып қалды.
Алғаш Египетте одан кейін Грецияда, Римде адамдар жүкті көтеріп-тасымалдауды дамытты. Биік пирамидаларды салуды, ауыл шаруашылығында жерді суландыру үшін төменнен суды жоғары көтеруде тасымалдаудың жаңа түрлерін тауып дамытып отырды.
ХIV-ғасырдың аяғында ХV-ғасырдың басында көтеру-тасымалдау жұмыстарын жеңілдетудің әдістері өте жақсы дамыған елдің бірі Ресей болды.
Орыс механиктері бу қозғалтқышын ойлап тапқаннан кейін техниканың дамыған кезеңі басталды. Ресейдің жер астындағы шахталарында кендерді жер бетіне көтеру үшін жүк көтеретін арабаларды ойлап тапты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құрылыс саласы | Темірбетон құрылысы

К І Р І С П Е
Қысқаша бетон және темір бетон бұйымдарының технологиялық дамуы. Бетон бұл көне құрылыс материалдарының бірі. Бұдан Египеттегі лабиринт галереясы (б.э.д.3600 жыл.) Ұлы Қытай қабырғалары (б.э.д. III-ғасыр) және т.б.
Ал ең бірінші рет осы бетонның құрылыс үшін 1865 ж. Англия потент алған 1885 ж. Ең алғашқы темір бетон құрылыстары пайда болды.
Орыс ғалымы, Петербург университетінде жол инженерінде оқыған Белелюбовскии И.А. т.б б-ң экспериментін жүргізді, оның нәтижелерін кейін практикада қолданды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Росияда көптеген бетондық және темірбетондық құрылыстары соғылған. Ол кезде бетон технологиясы туралы Р.Ферд (Франция), О.Графа және Х.Бурару (Германия), И.Баланс (Швейцария) және т.б. еңбектері болды. 1912 жылы Н.А. Житкевичтің «Бетон және бетондық жұмыстар» деген капиталды еңбегі жазылып шыққан.
Ал заводтық технологияда П.К.Балатьева, Э.Г. Гатц, И.Г.Совалдова, А.А. Фалашева және т.б. осы туралы еңбек, кітап жазған, зерттеген, дәлелдеген көптеген адамдардың еңбегі.
Ал кейінгі дамуына зерттеу коллективтерінің және оқу институттарының өздерінде зерттеліп дамытылды.
Құрама темір бетон қазіәргі кезде индустриялды құрылыстың негізі болды. Бұл ең негізгі құрылыс материалы болып толық құрамды тұрғын үйлерде және мәдени-тұрмыстық құрылыста пайдаланылады, және де өндірісте, транспортта, энергетикалық гидротехникалық құрылыста және санитарлы-техникалық және ауыл шаруашылық ғимараттарды құруда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құрылыс саласы | Темір бетон конструкциялары

Кіріспе
Қазіргі кезде күрделі темірбетонды арқалықты қолданылады. Барлық күрделі құрылыстарды темірбетонды арқалық материалдық ресурстарды шамамен 25%, осы кезде болат конструкциясы 3%, ал орман және ағаш өңдеу өндірістерінде 13,5% қолданылады. Жыл сайын 250млн.м3 темірбетонды конструкцияны дайындайды. Ол көлемде 15 млн тонна болатты, арматураны және 80мл тонна цементтен шығындалады. 1285 жылы құрылысты темір бетонды орамды материалдардан 75 млн м3-ты, кірпіштен 40 млд шт, болатты конструкциядан 5 млн тоннаны, сонымен қатар цемент құрылымдарын, трубаларды және т.б.-сын қысқартты.
Күрделі құрылыстарды конструкциялық ірі панельдерді, блоктарды және ұсақ түйіршіктер табиғи және жасанды тастарды қолданылады. Құрылыс конструкцияларының пайда болуы қоғамның материалдың тұрмысымен және өндіргіш күштерінің өсуінен пайда болды. Ең 1-ші өңделмеген тастан жасалатын ғимараттар алғашқы тас ғасырында жасалған. Соңынан күйдірілген тастарды пайдалана бастады.
1850-1855 жылдарда темір бетон конструкциясын пайдалана (отырып, бірнеше) бастады, өйткені темір бетон бірдей уақытта, бірнеше елдерде Англия, Франция, Германияда пайда болды. Сығылуға жұмыс жасайтын металл конструкцияны 1 тен деп атайды. Отқа төзімді темір бетон және тас конструкциялары отқа төзімді. Металл конструкциялары отқа төзімсіз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Кім едің сен?!

Кім едің сен?!
Арқамнан күлетін.
Кім едің сен?!
Алдымды кесетін.
Кім едің сен?!
Жабырқатып жүретін.
Кім едің сен?!
Күліп тұрып....
Өлеңдер
Толық

Салт-дәстүр: Неке қияр

Неке қияр , неке қию – 1) отбасын құрған адамдардың мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында тіркелу рәсімі; 2) Неке қияр дәстүрлері қазақ қоғамында молда және куәлікке алдын ала белгіленген екі жігіт арқылы атқарылған.

Ең алдымен неке суы дайындалады. Мұнда үлкен кесеге су құйылады да, оған аздап тұз, қант қосылып, сақина салынады. Су – екі жастың пәктігіне, тұз – егер жастардың біреуі келешекте опасыздық етіп, осы некені бұзса, дәм атуына, қант – екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне ырымдалып қосылса, ал сақина неке ескерткіші ретінде салынады. Неке суына алтын немесе күміс сақина, тіпті кейде күміс мәнет салынуы мүмкін. Оған молда дұға оқып үшкіреді. Куәлар молданың тапсыруымен жастардың өз ықтиярларымен некелесетіндігін сұрап біледі, содан соң күйеудің жұбайына қамқоршы, ал қалыңдық еріне адал жар болуға міндетті екендігін айтып, олардан ант алады да, мұны жария түрде молдаға, көпшілікке жеткізеді. Әр сұраққа жауап алғаннан кейін олар міндетті түрде “куә жарын” айтып отырады. Молда Құран аяттарын оқығаннан кейін неке суын куәлар алдымен жас жұбайларға, одан соң .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық