Ұлы жұт

1932 жылдың дүрбелеңінен кейін арадағы бірнеше оңжылдықтардан соң, ақиқатқа көзді енді ашып қарап отырмыз. Алайда, ащы шындықтардың құпия сырына үніліп, нақты шығындарын есептеп шығу қиынға соғуда. Оның үстіне бірде-бір архивте, түрлі қорларда бір жүйеге түсірілген деректер жоқтың қасы. Сұрапыл жылдардың куәгерлері естеліктері өткенді танып білудің құнды айғағы екендігі екендігі рас.
Мәселен, осыған орай “Қазақ әдебиеті” газеті жазушы Ө.Қанахиннің “Көрген көзде жазық жоқ” атты естелігін жариялады. Онда жазушы: “қазір мен 65-темін. Ашаршылық жылдары 9 жаста болатынмын. Мен 1931, 1932, 1933 жылдары өзім куәсі болған оқиғаларды айтпай тұра алмаймын.” – деп жазады. 9 жасар жетім баланың көз алдында адамдар, көп адамдар өліп жатады. Балалар үйінде, ол тәрбиеленген жерде 57 баланың екеуі- ақ ажал құрығынан аман өтіпті. Ал, жазушының от басындағы 12 адамнан ашаршылықтан жалғыз оның бір өзі ғана аман қалады. Жазушы З.Ақышев аштық туралы өзінің “Білсін мұны ұрпақтар” деген естелігін жазады. Онда автор: “Бұл зауалға тек қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И Голощекин ғана кінәлі емес. Ол кезде онымен қатар 1925-1929 жылдары екінші хатшы болып О.Исаев, 1930-1933 жылдары И.Құрамысовтар қызмет істеген.”-дей келіп, 1935 жылдың мамыр айында Қазақстан мәдени-ағарту мекемелері қызметкерлерінің съезінде сөз сөйлеген О.Исаев: “Өткен жылдардың қиыншылықтарын әркім әр түрлі түсінеді. Оған кім кінәлі? Қазақ халқының өздері кінәлі. Қазақтар еңбек ете алмайды. Сондықтан, қиындықтарға кезігіп, социалистік құрылыстың қарқынына ере алмай қалды” деп соқты. Сонда, шынымен мыңдаған жылдар бойы көзі еңбекпен ашылған қазақтар айналдырған екі жылдың ішінде жатыпішер, арамтамаққа айналғаны ма?” деп ашына еске алады өткен күндерді жазушы.
Ал, С.Байжановтың “жариялауға жатпайды” атты мақаласы архивтік құжаттарға негізделіп жазылған. Онда Т.Г Невадовскаяның альбомы туралы сөз болады. Москва түбінде тұратын Т.Гаврилованың мамандығы дәрігер-хирург. 1932-1933 жылғы ашаршылық кезінде ол дәрігер әкесі, профессор Г.С.Невадовскиймен Алматы түбінде орналасқан “Шыңдәулет” ауылындағы “союзсахар” аймақтық тәжірибе станциясында жұмыс істейді. 19 жасар қыз сол кезде қазақ арасындағы ашаршылық зардабын бар жан-тәнімен сезіне білген. Оның барлығы да кейіннен өзі құрастырған альбомнан орын алған. Альбомда ашыққандардың 23 фотосуреті, естеліктер, 19 жолдан тұратын “Қазақстан қасіреті” деген өлең бар. ....
Рефераттар
Толық