Ұлттық тағамдардың емдік қасиеті

Қазақ халқының ұлттық тағамдары пайдалы дәрумендер мен минералдарға бай, сонымен бірге көптеген ауру түрлеріне де ем. Тағамдардың емдік қасиеті жөніндегі ұғым медицинада пайда болмай тұрып-ақ ата-бабаларымыз қымыз, шұбат ішіп көптеген дерттің алдын алған.

Шұбат

Түйе сүтінен әзірленетін бұл сусын биологиялық құрамы бойынша құнарлы және дәмді азық қана емес, В, В1, В2, С дәрумендерінің де қайнар көзі. Шұбат өзіндегі В1, В2 дәрумендері бойынша сиыр сүтінен асып түседі. Шұбаттың бір литрі адам ағзасында С дәруменіне және рибофлавиніне тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыра алады. Шұбат – сиыр сүтіне қарағанда май, ақуыз, минералды заттарға және дәрумендерге өте бай. Емдік қасиеті де күшті. Ол қант диабеті, асқазан жарасы, диарея, бауыр, аллергия тәрізді аурулардан айықтырады.......
Кеңестер
Толық