Артур Конан Дойл | Үш студент


1895 жылы кейбір жағдаяттар, - бұл арада оларға тоқталып жатпаймын, - мистер Шерлок Холмс екеумізді айтулы университет қалашықтарының біріне ат басын бұрғызды; біз онда бірнеше апта болып, тұрпайылау болғанымен тағылымы мол бір оқиғаға ортақтастық. Енді соны баяндап бергелі отырмын. Әлбетте, оқиғаның қай колледжде орын алғанын және қылмыскердің кім екенін оқырманның дәл анықтап білуіне мүмкіндік беретіндей егжей-тегжейлі деректер келтіру орынсыз боп табылады, оның үстіне бүл намысқа тиетін нәрсе. Мұншалықты масқара оқиғаны жылы жауып қоя салғаннан келіп-кетер ештеңе болмас та еді. Алайда тиісті дәрежеде сыпайыгершілік сақтай отырып ол турасында айтып берудің артығы жоқ, өйткені бүл оқиғада досымның таңғаларлық қабілет - мүмкіндігі жаңа қырынан танылған-ды. Айтқалы отырған әңгімемде мұның қай жерде болғанын немесе кім жайында сөз боп жатқанын аңғаруға септік жасайтын жайлардың бәрінен орағытып өтуге тырыспақпын.

Біз кітапханаға таяу маңда орналасқан, жиһазбен жабдықталған бөлмелерде тұрып жатқанбыз. Аталмыш кітапханада Шерлок Холмс ежелгі ағылшын хартияларын зерттеумен шұғылданып жүрген - ізденістерінің қайран қыларлық нәтиже бергені сонша, бұл менің болашақта жазатын бір әңгімемнің тақырыбына айналуға әбден татиды - ақ. Бір жолы кешкісін бізге танысымыз, Әулие Лука колледжінің оқытушысы, мистер Хилтон Сомс келді. Мистер Сомс ұзын бойлы, жұқалтаң адам еді және қашан кездестірсең де ашушаң, ызақор біреу секілді әсер қалдыратын. Ал бүл жолы жүзі тіптен түтігіп кеткен-ді, соған қарап әлденендей бір төтенше жағдайға тап болғанын аңғару қиын емес-ті......
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Үш күн

I

Оған енді көп заман болды...

Көлбайдың бір ерекше кейіп отырған күні еді. Үш қанат қара лашығының ішінде су тезекті қоздандыра алмай, өңеші қызарғанша үрлеп отыр. Кешегі нөсерден кейін құрғақ отын тұратын Көлбай үйі ме? Әл-дәрменін жиып, от басына шөгіп ап, тағы-тағы үрлейді. Ащы түтін қолқасын атып, көзінен жас ағызады. Бірақ тұтанбайды. Түтіні құрғыр шаңырақтан шықпайды. Кішкене үйдің ішін бықсып, шалқып, мор болып, басып алды. Өзі барып шапқан тобылғысын жеткізіп алайын дегелі әлденеше күн болса да, бай үйі көлік берді ме?

— Әй, итшілеген қу дүние-ай! — деп, кішкене қол көрігін босағаға лақтырып тастап, қалаулы тұрған тезектің бірнеше томарын алып, қолымен үге бастады... Басы, көзі, қойны-қоншын ораған сасық көк түтіннен бетін бұрып босағаға қарады...

— Мына пәлесі тағы жатыр ма еді жаратқан? — деп одан да көзі тайқыды. Тесігі үңірейіп, бір жарты қазан жатыр. — "Түске шейін жамап болып, өзі алып келсін!" — деген бұйрықпен байдың үйі жіберіпті, бүгін құлқын сәріден.

— Алты ай жаздай қара күреш табыс таптырмады! Құдайдың құтты күні не өзі, не жақынының ісін жібереді де отырады. Бай үйінен келген іс болса, ол ақысыз іс деген сөз. Себеп? Себебін несіне сұрайсың? Оған бай да, Көлбай да жауап бере алмайды. Тегі қоңсылық шығар. .....
Әңгімелер
Толық

Кім күшті

Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты......
Ертегілер
Толық

Күшік пен мысық

Қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:
— Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
— Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – депті күшік.
Қасқыр:
— Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.......
Ертегілер
Толық

Үш ауыз ақыл сөз

Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп:
— Балам! Бір үйір жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретейін, – депті. Бала тұрып:
— Құп! Берейін, үйретіңіз, – дейді. Әлгі кісі:
— Балам! Суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты тастама, оң қолың төбелес бастаса, сол қолың арашашы болсын, – дейді. Бала бір үйір жылқы береді. Әлгі адам жылқыны айдап өз жөніне кетеді. Кешке бала үйіне келеді. Әкесі:
— Мал аман ба? – дейді. Баласы:
— Мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір жылқы бердім, басқа мал аман, – дейді. Әкесі ашуланып, баласын қуып жібереді. Әкесінен түңілген бала жаңадан үйленген аяғы ауыр жас келіншегіне......
Ертегілер
Толық

Үшмұрын

Ертеде бір бай болыпты. Ол сол алаптағы елдің ең байы, әлдісі, онан асқан төңіректе бай жоқ екен. Дүние-мүлік, мал дегендер көп, бірақ бала жоқ. Бәйбішесі мен байдың өзі ғана.
Зарығып жүріп бір ұл көреді. Бай қуанып маңайдағы елдің бәрін шақырып той жасайды. Отыз күн ойын, қырық күн тойы болады. Жақын достарына сыйын береді. Көп жылдар өтті. Бала ер жетті. Байдын бәйбішесі дүниеден қайтты. Үй, мүлік иесіз қалған соң, бай баласына әйел әперуді мақұл көріп, төңіректен қыз іздеді. Бірақ көңілге ұнарлықтай жасаулы сұлу қыздар кездеспеді. Ақыры көрші елдердің бірінен бір байдың қызына сөйлесіп, құда түсті. Күйеу қайынына барып, қалыңдығын көріп, қалыңдығына көңілі толып қайтты. Қалың малға жылқыны үйірімен, қойды қосағымен айдатып жатты.......
Ертегілер
Толық

Арыстан күшігін асыраған мысық

Бір Мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.

Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып:

— О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді.

— О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! – дейді.......
Ертегілер
Толық

Үш аю

Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және мықтысы ақ төс аю болыпты. Қазандай тасты допша домалатып ойнайды екен. Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға маза бермепті.
Бір күні түлкіні құйрығынан ұстап жұлқылайды. Екі аю:
– Түлкі бізге тиіскен жоқ қой, қоя бер, – депті.......
Ертегілер
Толық

Патшаның үш қызы

Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның үш қызы, әйелі болған екен.
Патша қалаға түспек болып, үш қызынан сұрапты:
— Қыздарым, не алып келейін қаладан базарлыққа?
Үлкен қызы түрегеліп:
— Әке, маған маржан алып кел! – депті.
Кейін патша ортаншы қызынан:
— Қызым, саған не алып келейін? – деп сұрапты.......
Ертегілер
Толық