Күләш Ахметова (Үшарал)

Сайран салам сағынышпен келем де,
Қарлығаштар айналады төбемде.
Қырымнан да, Римнен де артықсың,
Сенен ыстық жер жоқ маған әлемде.
Баладай пәк бауырың да, досың да,
Бауырыңа бас, шұрқырасып қосыл да.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Болашақ үшін)

«МАЙДАНҒА! МАЙДАНҒА!»
Қиылды қанаттары тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн әйел үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп
Боздағымен қоштасқан күн.
Аналар уайымдаса, уайымдасын,
Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайын, басын.
Жабады дала төсін нала, қайғы.
Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.......
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі)

О жолдастар, жолдастар!
Асыл тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
Әділдіктің түрлері,
Әдемі заман гүлдеді,
Сталин соққан бесіктен
Өрбіп өскен кіл жастар. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Сен үшін)

Біреулермен жалғастырып жең ұшын,
Жасап жүрсем жаным сүймес келісім,
Барлығы да
Поэзия, сен үшін
Сырласым-ау,
Сырымды ұқсын кім менің,
Кімге керек мұңайғаным, күлгенім? .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Өзім үшін)

Жылату көп, көңілді жұбату жоқ,
Қалай жүрсең күйесің, бәрі бір от.
Лаулап жанған арманның ұшқынынан,
Жүрегімде тұтанып жайнады шок.
Талаптанам өмірдің нұрын көріп, .....
Өлеңдер
Толық