1-11 сыныптар үшін Қазақ тілінің ережелер жинағы


Фонетика
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады.
Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Екі белгі бар: ъ - айыру белгісі, ь - жіңішкелік белгісі.
Қазақ тілінде тән әріптер 10: ә, і, ң, ғ.....
kz
Толық

Қазақша - Орысша Түйіндеме, Өмірбаян, Хат жазу Үлгісі / Образец Автобиография, Резюме, Письмо на казахском и на русском языке


Соңғы жылдары түйіндеме құжаты түрі кең таралып отыр. Түйіндеме кәсіпорынға, жұмысқа қабылдау алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл түйіндеме құжатының басты мақсаты - өзін - өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Түйіндеменің жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тәжірибесі, жеке жетістіктері, кәсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мәліметтерді түйіндемеге қысқа әрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам түйіндеме құжатына қарап....
kz | Кеңестер
Толық

ТАРМАҚТАЛҒАН ТІЗБЕК ҮШІН КИРХГОВ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ом заңдары тек қарапайым электр тізбегін есептеу үшін ғана жарамды.Ал күрделі тізбектегі токты аныктау керек болса ,онда жалпыланған заңдылықтар болуы қажет.Сондықтан осындай заңдылықтың түріне заряд пен энергияның сақталу заңының салдары ретінде неміс физигі Кирхгов 1824-1887 ашкан заңдар немесе ережелер жатады.
Кирхговтың бірінші ережесі түйіндерге қатысты оған келетін ток пен одан шығатын ток арасындағы байланысты қарастырады.Тармақталған тізбек деп аталатын тізбекте түйіндер үштен кем емес өткізгіштер тоғысатын кез-келген нүктені айтамыз Біз тұрақты токты қарастырғандықтан,түйінге қанша заряд ағып келсе ,сонша ағып кетуі керек.Егер түйінге кіретін токтарды оң,ал шығатын токтардытеріс деп есептесек,онда мынадай ережені айтуға болады,түйінде тоғысатын ток күштерінің алгебралық қосындысы нөлге тең.I+I-I=0 Мұны былайша түсінуге болады.Егер түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлден өзгеше болса,түйінде зарядтар көбейіп не азайып кетер еді де,бұл өз кезегінде түйіндегі потенциалдың және тізбектен ағатын токтың өзгеруіне әкеп соғар еді.Кирхговтың екінші ережесін жалпы түрде энергияның сақталу заңына сүйеніп,тармақталған тізбек үшін Ом заңын қорытындылау арқылы түсіндіруге болады.Тұйықталған жүйені құрайтын әрбір қосылғыштар энергияларының өзгерістерінің қосындысы нолге тең.Сондықтан тұйық тізбек үшін қатысы орындалады.Бұдан кернеудің түсуі екенін ескерсек ,Сонымен Кирхговтың бірінші және екінші ережелеріне сәйкес құрылған тәуелсіз теңдеулердің саны тармақталған тізбектерден өтетін әр түрлі токтардың санына тең болады.Сондықтан электр қозғаушы күші және барлық токты есептеуге болады.
КЕЗ-КЕЛГЕН ТАРМАҚТАЛҒАН ТІЗБЕК ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ШЕҢБЕРЛІК ДИАГРАММАЛАР
• Егер тармақталған тізбектің бір тармағындағы кедергі,мысалы,екінші тармақтағы кедергі өзгеретін болса,ал басқа тармақтардағы кедергі және қоректендіргіштердің Э.Қ.К-і өзгермесе,онда кез-келген тармақтардағы токтар мен кернеулер бір-бірімен түзу сызықты тәуелділікте болады.Бұл тәуелділік тұрақты токқа да және амплитудасы өзгермейтін Э.Қ.К бар синусоидалы токқа да әділетті болады.....
Рефераттар
Толық

Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы

Шамамен жүз жыл бұрын талай соғыстарды көріп шаршаған Еуропа 20 ғасырмен кездесуді аса шапшаң күткен. Ол ғылымның, рухани мәдениеттің қарқынды түрде дамуымен басталып алайда ақырында қан ғасыры аталып жер жүзінде адам баласының тіршілік етуіне күмәндік туғызды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бітісімен Еуропа дағдарысқа түсіп Германияда, Португалияда, Ресейде революциялар мен төңкерістер бет ала бастады. 1922 жылы Муссолини Италия үкіметінің басшысы болды, 1926 жылы Польшадағы билік басына диктатор Пилсудский келеді, ал 1933 жылы заңды сайлаумен Германияның билік басына Адольф Гитлер келіп мемлекет ішіндегі НСДРП-нан тыс басқа партияларының қызметін толығымен тоқтатады. 1934 жылы Гитлер президент пен рейхсканцлер орындарын біріктіріп толық билікті өз қолына шоғырландырды. Германияда қайта өрлеу және экономикалық дағдарыстан шығу атты жаңа саясаты жарияланып, Германияның өзі «Үшінші рейх» атына ие болды (нем. Drittes Reich – үшінші империя). Бұл термин ортағасырлық мистикалық оқулардан пайда болып, үш империяларының үшіншісі «мыңжылдық» ретінде саналатын.
Үшінші рейхтің өмір сүруі кемінде мың жылға есептелгенімен ол тек 12 жылмен шектелді. Дегенмен, оған қарамастан оның мемлекеттік нацизм идеологиясы арқасында тарихта қалдырған ізі өте зор.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Интернетке қосылу үшін не істеу керек

Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің ARPnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects Agency net) эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, бомбылағанда, кабелді кескенде. Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады.
Бұл шешімдер негізінен тораптың қолайлығы күмәнді болуы мүмкін, алайда тарих дәлелдегендей бұл дұрыс қадам. Белгілі бағдарламадан кейін ыңғайлы торап. (Бұл интернет негізін қалады.) Ғалымдар, оқытушылар және басқа мамандар Іnternet-ке кіре отырып, оның лайықты мүмкіндіктерін бағалады. Нәтижесінде тораптарға сұраныс бірден өсті. Стандарттаудың халықаралық ұйымы есептеуіш тораптарға байланысты көп жылдар бойы жұмыс істеді. Іnternet программасын шығарушылары, яғни АҚШ, Ұлыбритания ғалымдары ІP программасымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл әртүрлі фирмалар шығаратын компьютерлерге дұрыс шешім болды. Бұл тұтынушылардың өзіне қолайлы компьютер алуға тиімді болды. ....
Рефераттар
Толық

Бай болу үшін оқылатын дұға

Бұл дұғаны таңертең және кешке үш реттен оқу керек:
«Иа хамийдәл фиъалй зәлмәнна ъалә жәмййъй халкиһй бйлутфйһий» және бай болу үшін нанның ұсағын теріп жеу, және тамақ жеуден алдын және соңында қол жуу керек.....
Дұғалар
Толық

Экономика | Капитал экспорттаушы және импорттаушы елдер үшін капитал ауысуының салдары

Капиталды шетке шығару қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны.
Капиталды шетке шығару дегеніміз- капиталдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығарып,тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік процесі мен айналымына кіргізу. Капиталды шығарудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында ол шетке шығарылады. 90-жылдардың басындабүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан тыс қорлануы 180-200 млрд. долларға жеткен. Капиталды шетке шығару көлемінің жедел өсуі оның халықаралық ауысуын күшейтті.Капиталдың халықаралық ауысуы дегеніміз- капиталдың меншік иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағықарама-қарсы қозғалысы. Мұның өзі әрбір ел бір мезгілде капиталды экспорттаушы да, импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама-қарсы инвестициялар.
Капиталды шетке шығарудың негізгі себептері:
1. шетке шығарушы елдегі капиталдың мол қорлануы
2. дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
3. жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі
4. капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы
5. саяси тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал
Капиталдың ауысуы мен шетелдік инвестициялардың айырмашылықтарын ажырата білу қажет.
Капиталдың ауысуы - шетелдік әріптестермен бірігіп жасаған операциялар үшін төлемдерді, капиталды орналастыру мақсатында шетелдік компаниялардан акциялар мен облигациялар сатып алуды, басқа да құнды қағаздар портфелін диверсификациялауды айтамыз.
Шетелдік инвестиция – қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Тікелей инвестиция – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруы.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жұмысшы күшінің миграциясы

Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернационализациясы жұмысшы күшінің интернационализациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналды. Миграциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдер мен аймақтарға бет алуда.
Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді. ....
Рефераттар
Толық

Жерлесіміздің өмірі - бізге үлгі - өнеге

 “Отан үшін күрес – Ерге тиген үлес”
Осыдан 15 жыл бұрын еліміз қол жеткізген Тәуелсіздіктің күн сайын қадыр – қасиеті артып, айшықтала беруі мемлекетіміздің дұрыс және баянды бағытта қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді . Тарих және тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен қазақ халқы , жалпы Қазақстандықтар бұл жылдары жасампаздықпен аянбай еңбек еткені күмән тудырмайды .
Осы ретте Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – Қазақ халқы сан ғасырлар бойы күрескен , азаматтыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр » - деген сөзі азаматтықтың қадыр – қасиетін көрсеткендей . Тәуелсіздік жолында қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп , өлшеусіз үлес қосқан азаматтар аз емес ...... 

Шығармалар
Толық

Отан үшін отқа түс күймейсің

Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Әрісі сонау Алпамыс, Қобыланды батырлар, берісі моңғол-жоңғар шапқаншылығы кезінде де, еліміздің батыр ұлдары ел қорғау мақсатында қолдарына найза ұстап, елін-жерін яғни осы ұлан-ғайыр атырыпты қорғағаны бәрімізге белгілі. Сондай қазақ батырлары: Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Райымбек батыр, Шапырашты Наурызбай батырлардың Аңырақай маңындағы шайқастарында елі мен жері үшін, қасық қаны қалғанша алысқаны тарихтан аян.......
Шығармалар
Толық