Ашық сабақ тақырыбы: Қариясы бар үйдің,қазынасы бар. Ашық сабақ мақсаты: Үлкенді құрметтеп,сыйлауға.Ата дәстүрімізді сақтауға.Өз аталарының ісін үлкенге өнеге,кішіге үлгі ете білуге тәрбиелеу. Ашық сабақ түрі: Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Түрікпенәлиевпен кездесу. Ашық сабақ әдісі: Сұрақ жауап,пікірлесу,шығармашылық тапсырмалар. Ашық сабақ барысы: Ашық сабақтың уәждемелік кезеңі: а) “Мен атамның жалғасымын” тақырыбында оқушылардың ойларын тыңдау. ә) Аталар сөзі,ақылдың көзі: Аталы сөздер айту.