Той залын безендіру

Той өтетін орын, әдетте, бірнеше апта бұрын белгілі болады. Онда дастархандардың қойылуы, жүріп тұруға, қызмет көрсетуге, билеуге ыңғайлы құрылады. Той залын безендіруде мынандай тұстар ескерілгені жақсы. Безендіру құралдары той идеясын ашып тұру керек. Оның бар мақсаты осыған бағынады.
Кеңестер
Толық

Үйлену тойға арналған құттықтау-сөздер  

 

Бір бойдақ досына:
– Менің әйелім әдемі, ақылды, пысық әрі адал болады – деп мақтанады екен. Сөйтсе досы қалжыңдап:
– Сен өзің сол шарттардың төртеуін де орындай алар ма едің? – деген екен.
Мінеки, достар, біздің күйеу жігіттің жұлдызы оңынан туған екен – таңдаған жары әдемі, ақылды, пысық және адал екені байқалады.
Жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған бұл екі жасқа тілейтініміз: қатар ұшқан аққудай жұптарың жазылмай, әрдайым бірге болыңдар. Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар!

Құттықтау, тілектер
Толық

Үйлену тойға арналған құттықтаулар, тілектер

Қазақ - тойшыл қауым. Онымен таласымыз жоқ. Әйткенмен шешен бабаларының ұрпақтары бүгінде қуанышқа жиналса, ауыздарына сөз түспей біраз қысылып қалып жатады. "Өмірлік тілектер" болып сақталған "Көлдей көңіл, өзендей өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат" тілеу, әрине, артықтық етпейді. Бірақ бұл тілектердің заман тоздырғанына да біраз болды. Жас жұбайларға арналған тілектерді жаңартатын кез келді. Біз сіздерге жастардың неке тойында айтуға болатын біршама тілектер шоғырын ұсынбақпыз. Бастысы – тілегіңіз жүрегіңізді жарып шыққай! 

Құттықтау, тілектер
Толық

Той думан

Аты, тоны сай кісі,
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.

Шақырусыз тойға барғанша,
Шарығыңды ки де, қойға бар.
Мақал-мәтелдер
Толық