Тарих | 3 тамыз 1936 Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл

Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді.
Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Аймақтың индустриялық даму қарқынын жеделдетуге ерекше көңіл бөле отырып, КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1929 жылғы 28 қарашада "Республиканың "Қазақ көмір құрылысы" тресіне қарасты көмір кәсіпорындарын салу ісін мемлекеттік басқару туралы" ережені бекітті. Трест басқарушысы болып еліміздің көмір өнеркәсібі саласынын ірі мамандарының бірі К.О.Горбачев тағайындалды.
1931 жылғы қәңтарда "Қарағандыкөмір" тресі құрылды. Ол осы өңірге шахта салу мен оларды пайдалану ісін жеделдете түсті.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Интерактивті технология негізінде құрылған флипчарт сабақтарды қолдану арқылы кәсіптік білім сапасын арттыру жолдары

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесіп келе жатыр. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Техникалық және кәсіптік білім беру орындары - білім жүйесінің ең басты буыны. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында қаланған білім негізі студенттің болашағына жол ашады......
Ғылыми жобалар
Толық

Қолданбалы информатика | Валюта айырбастау пункті құрылған мәліметтер базасы

Ақпараттық жүйелер (АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ-ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық көрсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен;
- мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен;
- уақытқа қарай – экономикалық есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау зәрулігімен;
- уақытша іс тәртібімен ұйымдастыру құрылымына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігімен.
Қазіргі уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын АЖ–ның көптеген саны қызмет етеді. Олардың бір–бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрлендіріледі:
- басқару объектісінің сипатымен;
- АЖ–ны тұрғызу мен жұмыс істетудің жинақталған тәжірибесімен;
- басқару және басқарылушы жүйелерінің құрылымымен;
- мәліметтерді жинауда, өткізіп беруде және өндеуде қолданылатын жабдықтармен;
- АЖ–ны басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т.б.
АЖ – бұл ақпараттық жүйелер жобасы мен акпаратты-есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделi жүйе.
Мұндағы АЖ жобасы – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс iстету шешiмдерi сипаттап жазылған техникалық құжат.
Ал, АЕЖ - деп ақпараттық жүйелер жобасын жұмыс iстетуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық кешенiң түсiнуге болады. АЕЖ мәлiметтердi жинауды, өткiзiп берудi, өңдеудi, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып берудi АЖ жобасындағы шешiмдерге сәйкес қамтамасыз етедi.
АЖ-ның келесi есебi – шешiмдердi қабылдау үшiн мәлiметтердi алу. Бұл жерде шешiмдi қабылдау деп әдетте алға қойылған белгiлi-бiр мақсатқа жету жолдарының бiрiн таңдауды ұғуға болады.
Оның негiзгi есебi АЖ-ның үлкен көлемдегi жеке есептерiн қамтиды.
- жүйенiң iшiнде және сыртында болып жатқандар туралы ақпаратпен жабдықтау;
- шешiмдер ережесi туралы ақпаратпен жабдыктау (нұсқаулар, мөлшерлер, сiлтемелер, алгоритмдер және т.б);
- шешiмдердi қабылдауға, қолдануға болатындай объектiнiң ортасы туралы мәлiметтердi тiркеу, талдау және бағалау;....
Курстық жұмыстар
Толық

Уақытша тіркеу туралы заңды Қазнетте қызу талқылап жатыр (фото)

2017 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу туралы заң отандық желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар бір-бірінен қалай, қай жерге барып тіркелу керектігін сұрады. Сондай-ақ, астарлы қалжыңға құрылған жазба жариялап, жаңа заңды әзілге айналдырғандар да табылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Білім грант нәтижесі 2016 - 2017 қорытындысы 10 тамыз сәрсенбі күні жария етіледі

Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қарауды аяқтады. Ол грант алатын түлектердің.....
Жаңалықтар
Толық