Тарих | Мәңгілік елдің ұлы тарихы Қазақ хандығының құрылуы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік тізгінін қолға алғаннан кейін, өткенін еске түсіріп, ұлттық мемлекеттілігіміздің қалай, қашан құрылғаны туралы білу маңызды мәселе болып табылады.
ХV - ХVІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы ірі тарихи оқиға болды. ХІV - ХV ғасырларда Дешті Қышпақ пен Мәуереннахр, Моғолстанда болған этникалық процесстердің дамуы, Еуразиялық шығыс және Орта бөлігіндегі саяси даму Қазақ хандығының құрылуының басты факторы болды. Сондықтан ХІV ғасырда пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер жергілікті халықтардың мемлекеті деп есептеледі.
ХV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен саяси оқиғалар: Мауреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр хандығы, Жетісу мен шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті, Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары, Иран мен Әзірбайжандағы Қара Қоюнлы Әулет арасындағы күрделі саяси шиеленістер.
«Мәңгілік елдің» ұлы тарихында бабаларымыз кең байтақ елін көзінің қарашығындай сақтап қалу жолында күрделі келіссөздер жүргізіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бүгінгі Қазақстанның ұлан - ғайыр жерін ерлікпен қорғап қалды. Біз бұл ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек.
Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің елі - міз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады.
Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі», – деп атап көрсетті......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен 1456-1847). Астаналары әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ т.б. қалалар болды. Қазақ хандығы XIV-XV ғасырларда Алтын Орда әлсірегеннен кейін, Дешті Қыпшақта Ақ Орда, Ноғай ордасы бөлініп шығып, өз мемлекеттерін құрды. Қазақстанның оңтүстігінде жер өңдеудің қайта қалпына келуі, қалалар өркендеп, онда қолөнердің қайта жандануы көшпелі, жартылай көшпелі Оңтүстік Қазақстан даласы мен Жетісудың Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқандарымен шаруашылық байланысының дамуы - бұл кезеңнің этникалық бірлесу бағытына, тілі, рухани мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың бауырласуына, ақыры қазақ халқының құрылуына ықпал етті. XV ғасырдың орта шенінде тұрақты біртұтас мемлекеттің қажет екені айқын сезілді. Осындай мемлекет қана Қазақстанды мекендеген ұлыстар жерінің шаруашылығының біртұтастығын сақтай алатын еді. Мұндай жағдайға ең әуелі қазақтың қалың бұқарасы - көшпелі малшылар мен дихандар мүдделі болды. Бұлар өзара қырқысқан қақтығыс пен соғыстардан қатты жапа шекті. Оларды қорғайтын күшті мемлекет қажет болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Алтын Орда мемлекетінің құрылуы

ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. .....
Рефераттар
Толық

Тарих | Моңғол империясының құрылуы

Моңғол империясының құрылуы
1. Моғолстан, Әбілқайыр хандығы.
2. Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттері.

Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған......
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 .....
Рефераттар
Толық

Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы

Түрік қағанаты туралы деректер. Қазақстан және көршілес аймақтардың ортағасырлық этникалық тарихы түркілер тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркітектес, түркітілдес тайпалардың көне заманда да болғанын ескереміз. Бірақ нағыз түркілердің этникалық тарихы V ғасырдан басталады. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда: «Одан арғы дәуірлердегі тайпаларға қалай түркі тектес, түркітілдес деген сипат береміз?» деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұны былай түсіну керек. V— VIII ғасырлардың арасы — түркі тайпаларының пайда болып, қалыптасу дәуірі. Ал Алтай тіл тобына жататын түркі тілінің пайда болуы түркі атын алған кейінгі тайпалардан кемінде....
Рефераттар
Толық

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың......
Рефераттар
Толық

Өскемен қаласы

Қаланың құрылу тарихы
Өскемен қаласы 1720 жылы ұлы мәртебелі І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған еді. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңілөнеркәсіп, теміржол құрылысы.....
Рефераттар
Толық

Бөкей Ордасының құрылуы (1801)

XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің сағасындағы жерлерге көшіп барды да 1801 жылы Ішкі немесе Бөкей (өздерінің бірінші ханы Бөкейдің есімімен) Ордасының негізін қалады. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы әскери бекіністі шептердің іш жағында орналасқандықтан «Ішкі» деп аталды. Ішкі Орда қазақтарының рулық-тайпалық құрамына адай, байбақты, беріш......
Рефераттар
Толық