Менің оқу құралдарым

Менің атым Толғанай. Мен екінші сыныпта оқимын. Мен өзімнің оқу құралдарымды таза ұстаймын. Әр оқушы өзінің оқу құралдарын таза ұстауға міндетті. Кітапты жыртпай ұқыпты ұстауымыз керек. Себебі кітаптың біз....
Эсселер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары (1)

Шаңға толған шанағы,
Қоқыр-соқыр – тамағы.
Шаңсорғыш

Онда би де, күйің де,
Қызығына қанбайсың.
Отырып-ақ үйіңде,
Дүниені шарлайсың.
Теледидар

Су бетінде үйрек жүр,
Қалт-құлт етіп билеп жүр.
Қайық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қазақша Жұмбақ: Шаруашылық құралдары

Алпыс тісті айдаһар,
Ешқайда қадам баспайды,
Қозғамасаң жатады,
Ештеңеден саспайды.
Ағаштан тамақ жейді екен,
Жұтпай шайнап тастайды.
Отын кесетін ара

Бас аяғы теп-тегіс боп біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.
Темір ара
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары (3)

Қара нар қатарынан бір озбаған,
Боз інген ботасы жоқ құр боздаған.
Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап,
Аяғын анда-санда бір қозғаған.
Поезд

Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Аузынан жалын шығар қара күйе,
Жүрмейді ұрса-дағы басқалары,
Бәріне жалғыз бура болған ие.
Поезд
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары

Күші білінбес жүзінен,
Қақ бөлінер әйнегің,
Сызып өткен ізінен.
Алмас

Ағаш көрсе қышынар,
Сояу-сояу тісі бар.
Ара

Маржан тісі ақсиып,
Ызылдап ән шырқады.
Көк тіреген қақшиып,
Қарағайды қырқады.
Ара
Жұмбақтар жауабымен
Толық