Ширек ғасырлық шарықтау
2015 жыл еліміздегі маңызды оқиғалардың жылына айналғаны белгілі. Өткен қой жылы Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Ұлы Жеңістің 70, классик ақынымыз Абайдың 170 жылдығы мерекелері кеңінен аталып өтіліп, ұлттық рухымызды жаңғырта түсті.
Осындай мерекелер шеруі 2016 жылы да жалғасын таппақ. 1991 жылғы 16 желтоқсан күні жарияланған тәуелсіздік күні еліміздің тарихына алтын әріппен жазылған еді. Міне сол атаулы мерекеге биыл 25 жыл толмақ.
Бұл мерзім тарихи тұрғыдан алғанда ұзақ та емес. Бірақ осы ширек ғасыр аясында еліміздің қол жеткізген табыстары таң тамаша қалдырады. Елімізде осындай ұлы өзгерістердің жасалуына аса құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі ұшан-теңіз.
1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін «Қазақстан сыртқы күштерге сүйенбей жеке мемлекет ретінде өмір сүре алмайды» деген сәуегейсымақтар шықты. Мұндай даңғаза мақалалар көршілес Ресейдің газет-журналдарында жиі жарияланып, еліміздің тәуелсіздігінің баянды болатынына күмән келтірілді. Империялық мақсатты көздеген Ресейдің белгілі бір саяси топтарының елімізге бұлайша саяси қысым көрсетуі тегін емес-ті. .....
Әңгімелер