file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі)

Сценарий тақырыбы: «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі»
Әйелдің табиғи сұлулығы ешқашан өзгермейтіні белгілі, бірақ біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауы тиіс. Өз мамандығын құрметтеу, эстетикалық сезімін ұғындырып, жетілдіру.

Кеш барысы:
Ән - орындайтын Жанболат.
Жүргізуші: «Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!

Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық