Егер сіз әке болсаңыз, сіздің кішкентай, жұдырықтай ғана ұлыңыз бар болса, оның болашақта қандай жігіт болып өспегін байқап көрмек болсаңыз, онда оны ана бөлмедегі шылымға жұмсап көріңіз.
Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз қиқаңдап, тәлпіштеніп бармай жатса, онда мұндай баланы жазалау керек. Өйткені ол ертең бастықпен жұмыс істейтін жігіт болады. Ал ешқандай бастық сіздің ұлыңыздың мұндай қиқаң-сиқаң мінезін көтере бермейді. Сондықтан оған осы бастан сабақ бола берсін.
Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап барып шылымыңызды әкеп берсе, онда бәрі дұрыс болғаны. Ертең ол бастығы жұмсағанда да осылай дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап жүретін жақсы жігіт болып өседі. .....
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын-туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел-жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. Балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі - шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты - ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл–ойға қозғау салып адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы жігіттің тұлғалық қасиеттері танылған.
Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу-ер азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі- жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көзделген. .....
«Кобзардың жалынды гуманизм мен бостандықты аңсауы, өз халқына деген перзенттік адалдығы, бауырмалдығы, әділдігі адамдарға шексіз қымбат. Ақынның колониализм мен милитаризмді әшкерелеуі, қырсық пен қанаушылықтың қандай түріне болсын ерлікпен қарсы күресуі, өзінің шыншыл да жалынды жырларымен адамдарды жігерлендіруі бізге бұл күнде соншалықты жақын және қымбат». Кезінде «Правда» газетінде Тарас Шевченконың шығармашылығы жөнінде қалам тартқан сыншы О.Гончардың «Бессмертие Кобзаря» атты мақаласынан алынған осы жолдарды қазақ әдебиетінің асқар шыңы, классигі Абай Құнанбаев пен жерлесіміз, тарихшы, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің партия тақырыбына жазған өлеңдеріне шолу жасау кезінде бір жазып, бір өшірдім. Оған себеп кейінгі кезде кейбір зиялылардың: Сендер Абайды қазақтың Пушкині дейсіңдер, сөйтіп Абайдың қадірін қашырасыңдар, одан да Пушкинді қазақтың Абайы десендер өмір бойы өзгелерге кетіп келе жатқан есеміз сәл де болсын қайтып, еңсеміз бір тіктеліп, елдігіміз айдай әлемге айшықтана түспес пе еді деген пікірлері еді.
Бұлар бірінші курсқа түскендерінде өздерінің ұстазы, кафедра меңгерушісі ағайларының: "Айналайындар-ай, сендердің қадамдарың құтты болды-ау! Екі бірдей қуанышқа кенелдік қой!" деп қайта-қайта айта берген сөзі бар еді. Өйткені ол қуаныштың біріншісі республикада тұңғыш рет қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы осы оқу орнында филология факультетінен бөлініп, өз алдына дербес шаңырақ көтеріп жатса, ал екінші қуаныш сол оқиғадан кейін арада жиырма екі күн өте бере, яғни 22 қыркүйек күні қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алған қуанышы еді. Ұстаздарының шаттықты жүздеріне қарап отырып, сонда бұлар адамның жекебас қуанышынан да айрықша қуаныштардың бар екендігін сезінген. Ал арада санаулы күн өткенде Алматыдан келген профессор әйел адамның: "Тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесін алу оңай болған жоқ қой, қарақтарым! Біз қуаныштан жылап тұрдық қой!" деген сөзін естіп тебіренген. .....
Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.
«Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзінде түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес. Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. .....
Қожабақы ауылы жайлы ертеректе шыққан "Сағындым сені, Арандым" деп аталатын ән бар. Бұл - ауыл жайлы ән.
Аранды - бұлардың ауылының тұсындағы қырдың аты. Аранды қыры ауылдың төлқұжаты секілді. Ауыл сол қырдың етегінде жатыр. Өзінің де бір өлеңінде жазғаны бар еді:
Аранды қыр - даланың тауы мұнда-ай, Дарқан мінез даладай қауымыңда-ай. Биігіңнен көз салсам атырабыңа, Қожабақы көлбейді бауырыңда-ай.
Аранды жайлы әннің сазгері Досекең мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі болып істеді. Аталмыш әнді шығарған автор. Өлеңін ауылдан шыққан ақын-журналист азамат жазған. Кейіннен аудандық баспасөз саласына ауысып, Қазалы аудандық "Қазалы" газетінде жауапты қызметтер атқарған бұл азамат ол кезде ауылда арнаулы орта білімді дәрігер болып істеген. .....
Қазақ даласы, оның ішінде Баянауыл өңірі, қашанда біртуар тұлғаларға кенде болған емес. Дегенмен, «жүйрікте де жүйрік бар, әліне қарай жүгірер» демекші, сол сом тұлғалардың арасында тәңірі өлшеусіз өнермен телегей теңіз білімдарлықты қатар сыйлап, ол аз десеңіз тылсым сырлы дүииенің сан қатпарлы құпия сырын көңіліне түйдіріп, ғайыптан болжап сөз айтар әулиелікті қатар сыйлаған санаты саусақпен санарлық дара тұлғалар бар. Олардың халқымыз-дың сан ғасырлық тарихынан алар орны тіптен ерек, тіптен бөлек.
Соның біз білетін бірі де, бірегейі де- Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Оны жұрттың дені ең бірінші кезекте ғайыптан болжап сөз айтқан, сол айтқандары әманда айна қатесіз келгем көріпкел әулие деп біледі. Бұлары заңды да.
Мәшекең көзі тірісінде зират үйін салдыртып, қабырын қаздыртып қойды.
— Мұныңыз қалай, артыңызда Аллаға шүкір ұрпағыңыз, қала берді өзіңізді құрмет тұтқан халқыңыз бар емес пе. Олай-бұлай бола қалсаңыз, ел қатарлы ақ жуып, арулап қоймай ма, -дегендерге: .....
- Мектепке қоңырау шалынды. "Бос мұғалім болса, бала бағуға жіберіңдерші" дейді.
- Апай, мен бала күтуші емеспін ғой, - деді Перизат.
- Түсініп тұрмын ғой, - деді завуч. - Осы күні жұрт мектепке қоңырау шалатын болыпты. Түске дейін бірдеңе қылып лаждай тұршы енді, сонан соң орныңа басқа мұғалім болса, жіберермін.
- Апай, менің бала күту міндетті жұмысым емес қой, - деді Перизат бұртиып.
- Амал қанша?! - деді завуч алақанын жайып. - Сол бөбек "үһі" деп жөтеліп қалсыншы, біз жауап береміз.
- Не үшін үйлерінде отырған бөбектердің "үһі" деп жөтеліп қалғанына біз жауап беруіміз керек?!
- Білмеймін, - деді завуч. - Өзім де түсініп жүрген жоқпын. Сөйт. Бірдеңе қылып лажда. .....