Сөз патшасы – «өлеңнің» - өмір туралы сурет пен ой кестелеу мүмкіндігі шексіз. Кешегі Абайлар мен Қасымдардың жолын жалғастырған, болмысы бөлек, табиғаты терең, Мұқағали шығармашылығына оқырманның ықыласы қай кезде де ерекше. Ол құдіретті, ғажайып, ақиық, сыршыл ғасыр ақыны.Өз халқын жүрегімен қалтқысыз қалай сүйсе, халқы да оны шексіз сүйді, сүйеді. Мұқағали – лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің жаршысы. .....
Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз.
«Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш ғана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.
Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан, саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың» деп кінәрат іздедім. «Киімдеріңнің біреуін еденге тастап кеттің» деп дауыс көтеріп, айғайлағаным есімнен кетер емес. Таңғы аста да саған тиісетін нәрселер таптым: «шайыңды төктің; тамақты дұрыс шайнамадың; маңдайыңды столға қойдың; нанға майды өте баяу жақтың т.б»
Кейін сен ойнауға бара жатқанда, мен поездге асығып бара жатыр едім. Сен бұрылып,қолыңды бұлғап: «Әкешім сау болыңыз!» деп айғайладың. Мен болсам, соған қабағымды шытып: «Жағаңды түзе» деп жауап бердім. .....
Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы жақсы болуы шарт. Үйде ұрыс-керіс болуы балаға кері әсер етеді. Әсіресе ажырасудай баланың көңіліне қаяу салатын нәрсе жоқтың қасы. Балалар ата-анасын идеал, мінсіз адам ретінде көретінін ұмытпау керек. Солар сияқты болуға, солар сияқты әрекет етуге тырысады. Үлкендердің дағдыларын, әрекеттерін тез қағып алады. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап ата-ана барлық жағынан жақсы болуға, үлгілі болуға мәжбүр. Сондай-ақ ата-аналар ешбір баласын бөліп жармай, барлығына бірдей қарауы, бірдей мәміле етуі қажет. Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін .....
Жаздық демалыстан кейін мектеппен қауышуға дайындық көбіне қиынға соғады. Әсіресе 1-сыныпқа баратын балалар үшін әлдеқайда қиынырақ. Өмірдің жаңа қадамына аяқ басуға, сыныптастарына және де сабақтағы парталастарына үйренісуге тура келеді.
Bilim-all.kz жазғы демалыстан кейін оқушыларды мектепке дайындауға көмекші құрал ретіндегі ұтымды тәсілдерді ұсынады.
1. Балаңызды тек баға үшін оқуға үйретпеңіз
Ата‑аналар балаларын: мектепке барғанда тек бестік бағамен оқуың керек деп айтумен қателік жасайды. Қағаз жүзіндегі баға мектепке неліктен бару қажеттілігін көрсететін айғақ емес. Әр нәрсені білгісі келетін ізденімпаз ақыл иесі үшін білімнің маңыздылығы неғұрлым қызықтырақ. Балаға оның қаншалықты нәреселерді білетінін айтып беріңіз. Жаңалықтармен бөлісіңіз, жорамалдар құрыңыз, балаңыздың әлемнің қалай құрылғаны жөніндегі дүниетанымына деген болжамын құрметпен қабылдаңыз. Оны мазалайтын әрбір сұрақтың жауабын мектеп пәндерінен таба алатындығын айтыңыз.
«Адам қандай да бір қателік жасамайынша немесе өзі қалаған нәтижеге қол жеткізуде өзінің әрекетін өзгертпейінше одан сабақ алмайды. Қателік жасай білген адам, көбірек сабақ алып үйренеді. Қателіктің бағасын мойындамау, көп нәрсені білуге кедергі келтіреді. Егер жіберілген қателіктеріңізге дұрыс мән берсеңіз, ол сіздің жетістікке жетуіңізге көмектеседі».
Бұл мақаланы жазған кезде ішімде түрлі эмоциялардың арпалысы болды десем өтірік айтпағаным болар. Себебі, мектепте өткен уақыттарыңды, түрлі қызықтарға толы сәттерді жазу оңай емес. Алайда, өзімнің мектепке деген сағынышымды тек қағаз бетіне түсіру арқылы ғана баса аламын.
Мектеп... Бір сөздің өзі қаншама қуанышты сәттерге толы десеңізші! Ойын қуып жүріп, 11 жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа көз салсам осы жылдардың бейнесінен балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.
Алғаш қолыма гүл шоқтарын алып, мектеп табалдырығын аттағаным, маған күлімсіреп қараған ұстазымның ақжарқын келбеті әлі де есімде. Басында барлық затқа таңырқаумен басталған мектеп өмірі кейіннен жаныңа жақын дос табумен ұштасты.
Әрине, алғашқы әріп тануың, алғашқы алған бестік бағаларың, мектеп туралы, оның не екенін, мағынасын түсінген уақыттар – мұның бәрі де адамның жадынан өшірілмейтін естеліктер. Маған білім беріп, қанатымның кеңістікте жайылуына мүмкіндік берген алғашқы мектебіме алғысым шексіз!!!
Нүкте § 1. Нүкте хабарлы сөйлемдерден және екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады (§1, 3, 7, 10, 13-тарды қараңыз, мұндағы жақша ішінде көрсетілген цифрлар II тараудағы “Пунктуация ережелерінің” параграфтарына сілтейді[1]).
§ 2. Нүкте әрі қарай кең түрде баяндау болатынын ескертетін сөйлемнен кейін қойылады (II тараудағы §2-ты қараңыз).
§ 3. Қыстырма сөйлемді алу үшін ашылған жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып, оған тиісті тыныс белгілерінің бірі қойылған болса, қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады.
Мысалы: Ендеше, егер рұқсат етсе, сонда түсейік. Бүгін ас ішетін жеріміз де жоқ. Жататын қуысы болса болады. (Итбайдың бұлай деуіне себеп – қызын көрейін дегендік еді.) (С.Мұқанов).
§ 4. Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы:
Петр. Бұл немене?
Амангелді. Біле алмадым... Сақал мен мұртқа бір кезек келген сияқты (Ғ.Мүсірепов).
Кейіпкердің атынан кейін ремарка (автордың түсіндірме сөздері) келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған жақшадан кейін қойылады:
Амангелді (атып тұрып). Кешігіп қалыпсыз, мырза! (Ғ.Мүсірепов).
С ә у л е (аз уақыт үнсіз). Перизат, сен байқайсың ба?(Ә.Әбішев). .....
Тілдің өсу, даму, жетілуімен, жалпы жазу мәдениетінің жетілуімен тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелері де бірте-бірте өңделіп, жетіліп отырады. Қандай тілдің болмасын орфографиясын түзеуде негізгі екі принцип болады: а) морфологиялық принцип; ә) фонетикалық принцип. 1940 жылға дейін қазақ тілінің орфографиялық ережелері фонетикалық принципке сүйеніп құрылды, яғни қазақ тіліндегі сөздер қалай естілсе, сол күйінде жазылатын болды. Қазақ тіліндегі сөздер үндестік заңы бойынша бірыңғай не жуан, не жіңішке түрде айтылады, жазылады. Осы үндестік заңына сай фонетикалық принцип бірден-бір дұрыс принцип болып көрінгенмен жеке сөздерді жазуда бірыңғай сауатты жазуды қиындатты. Өйткені қазақтың байырғы сөздерінің өзін әркім әр түрлі айтады да, әр түрлі жазатын болды. Әсіресе орыс тілінен енген термин сөздерді жазу үшін фонетикалық принцип қолайсыз болды. Мысалы: совет, деген сөз собет, сәбет күйінде, институт деген сөз инстөт, үнстөт, енситөт күйінде, газет – газит, кәзит, казет т.б. күйінде жазылып келді.
1940 жылы қазақ тілінің жазу ережелеріндегі фонетикалық принциптің кемшіліктері ескеріліп, тіліміздегі сөздер морфологиялық-фонетикалық принципке негізделіп жазылатын жаңа орфографиялық ереже қабылданды. Морфологиялық принцип деп тілдегі сөздер айтылуынша, естілуінше құбылып жазылмай, әрбір сөздің бастапқы түбір тұлғасы мен қосымшалардың тұлғасын сақтап жазуды айтады. Мысалы: басшы (башшы емес), қашса (қашша емес), түнгі (түңгі емес), айта алмай (айталмай емес), келе алмай (келалмай емес), Аманкелді (Амангелді емес), шекара (шегара емес), ақ ешкі (ағ ешкі емес), кім келді (кім гелді емес) т.б.
Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың біразы орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы айтса, елбасының латын графикасына көшу туралы жарлығы да сәтті болмақ.
Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың көбісі орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы мақалалар көптеп жарық көруде. Түбінде жаңа әліпбиге көшетініміз кәміл. Себебі бұл елбасының тапсырмасы. Оған дейін қазіргі әліпбиіміздің бірсыпыра жерлерін жөнге келтіру керек болады. Біз осы тақырыпта кейбір дауысты дыбыстардың қолданылуы жайында сөз қозғамақпыз. .....
Сауатты жазу мәселесі тіл ғылымы саласында ауық-ауық шешімін іздеп тұратыны белгілі. Емле ережеміздің бекітіп берген қағидалары заман өзгерген сайын қолданыстағы әрекеттер барысында кереғарлық үдерісіне ұшырап жатады. Кейде оларды «орфоэпиялық заңдылықтарымыз» мойындамай қояды. Осыған орай, мерзімді баспасөз беттерінде біріккен сөздердің жазылуы, сөз тіркестерінің жазылуы, қосымшалардың дұрыс жалғануы, кейбір түбір сөздердің жазылуы төңірегінде ұсыныстар мен ескертпелер жарияланып тұрады. Ғалымдар ғылыми жол іздейді, жазушылар тіл тазалығын қорғайды, оқырман қауымы қолдану ерекшелігін негізге алады. Бәрінің мақсаты – ана тіліміздің ұлттық сипатын ұлықтау. Емленің екшелуі қателікті табудан емес, сол қателіктің орнына дұрыс ұсыныс айтумен ғана жүзеге асады. Қысқарған сөздерге жалғанатын қосымша соңғы сөздің толық нұсқасындағы соңғы дыбысқа байланысты жалғанады дейтіндер ҚазҰУ-нің деп жазады да, қысқарған соңғы дыбыстың айтылуына байланысты жалғайтындар ҚазҰУ–дың деп жазады. Бұл екі түрлі нұсқа басылым беттерінде қатар қолданылып келеді. Бұлардың екіншісі дұрыс нұсқа екендігіне бір ғана АҚШ қысқарған сөзіне қосымша жалғау арқылы көз жеткізуге болады. Егер бірінші қағида бойынша жазсақ – АҚШ-ның (Америка Құрама Штатының), ал екіншісі бойынша АҚШ-тың. Егер бұл ұсынысқа келіспейтіндер болса, қосымшаның басқа түрін жалғап көрсетіңіз: ҚазҰУ-не әлде ҚазҰУ-ға, АҚШ-на әлде АҚШ-қа. Дұрысы – соңғы қысқарған сөздің бас әрпінің айтылуына қарай қосымша жалғау. Біріккен сөздердің жазылуындағы әралуандық та бірізділік сипат ала алмай келеді. Бұл күрделі атаулардың біріккен тұсындағы қатар келген екі дауыстының біріншісі айтылмайтындықтан кейде оны түсіріп жазамыз да, кейде екі дауыстыны да қатар жазамыз: Сарыарқа, Жанұзақ (Жаныұзақ) Қараой, Ұлмекен (Ұл ма екен). Әрине, кез келген тұлғаның негізге алатыны – Орфографиялық сөздік. Сөздікте дәл осылай берілген. Ережесі кейбір жалқы есімдердің осылай жазылатыны турасында ғана. Егер біріккен сөздердің қатар келген екі дауыстысы «қысаң – ашық» тұлғасында келсе, екеуі де жазылып, «ашық – ашық» тұлғасында келсе, алғашқысы түсіріліп жазылады десек, емлеміз ережеден ақсай қоймас еді. Ереженің құрамына кейбір деген сөз қосылса, ол қағида ережелік сипатынан айырылады. Көріп отырғанымыздай, сөздердің дұрыс жазылуы морфологиялық салада көрініс тапқанмен (қосымшаның жазылуы, .....
(Колледж мұғалімінің өтінішіне байланысты жазылған).
Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Әу баста сол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.
Замана легіне теледидар ілесті, қоғам көшіне ғаламтор иелік ете бастады. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүниелер еді. Бірақ бір қызығы, теледидар да, ғаламтор да кітаптың орнын алмастыра алып кете алған жоқ. Оқырман санын кемітті деген сөз алмастырды деген сөз емес. Кітап өзінің әу бастағы тұғырында қала береді. Мысалы, адам тұрақты теледидар қараушы немесе адам белсенді ғаламтор қолданушысы болып келуі мүмкін, бірақ оның жан-дүниесінде рухани тұрғыдан кемшіндік болуы да ғажап емес. Мұның жалғыз ғана себебі оның нашар оқырман болғандығында да жатуы мүмкін. Себебі басты рухани байлық – кітапта. .....
Қазақ тілінің мәдениетін арттыра түсу талаптары алдымен оның коммуникативтік және қоғамдық қызметтерін жақсарта түсу шараларын жүзеге асыруды керек етеді. Қазіргі қазақ тілі ертедегі қазақтардың от басы, ошақ қасында отырғанда пайдаланатын қатынас құралы ғана емес, жаңа тұрмыс, жарқын өмір үшін күресінің, марксизм-ленинизм идеяларын насихаттау және халқымыздың барлық мәдени, экономикалық, ғылыми, саяси іс-әрекеттерінің құралы. Ол құралдың өткір, ұтымды, мәдениетті болуының көп шартының бірі – әдеби тілдің нормалық қасиетін арттыру болып отыр. Бұл, айналып келгенде, қазақ тілі мәдениетін арттырудың да қамы болмақ. Сондықтан Совет Одағындағы орыс, украин, белорус халықтары мен түркі халықтарының да өмірлік мәселелеріне көп көңіл бөлініп отырғаны түсінікті.+
Бізде көп талас тудырып жүрген сөздердің бір тобы – дублеттер. Кейбір қалам қайраткерлері дублет сөздердің тиімділерін нормалау дегенді қазақ тілінің алтын қорына орынсыз қол сұққандай көреді. Мысалы, тіл мәдениеті мәселелерін жақсы түсінетін Ә. Қарағұлов былай дейді: “Аудармашылар, журналистер үшін дублет, диалект деген – нағыз НЗ, сарқылмас қор, бағалы қазына. Сондықтан одан көз жұмып, қол сілтеп безуге болмайды”[1,140], – дейді. Олардан “без” деп, “көз жұмып”, “қол сілтегендер” болды ма? Тіл мамандары “Солардың ішіндегі керегін ала біл, әдеби тілге қажеттісін пайдалана біл” деп айтып келген жоқ па? Ол ол ма, қадірмен жазушымыз М. Әлімбаев дублеттерді дұрыс пайдалану жайындағы тіл мамандарының әрекеттерін “дублеттерді аластау” деп түсінеді екен: “...көптеген сөзді керексіз дублет деп кірпіш құсатып суырып тастай берсек, сарайымыздың көркі не күйге түсерін ойласақ ше? Кейбір сөздерді... “дублет тізіміне жатқызып, лақтырып тастағанымыздың қырсығы көп... Ендеше, лексикалық дублеттерді аластауға аса сақ болу керек”. Бұған не айтуға болады? Алдымен, “кірпіш құсатып” (дұрысы – кірпішке ұқсатып) деп жазу да, келтірген мысалдары да дублеттің не екенін дұрыс түсінбегенін көрсетеді. Ешкім, еш уақытта дублет қатарына енетін сөздерді “лақтырып таста!”, “аластат!” деп айтқан емес, жазған да емес. Автор әдеби тілдің “сиқын бұзып тұрған сұрықсыз кейбір кедір-бұдырларын қырнауға болар” деген дұрыс пікір де айтады. Бірақ сол “кедір-бұдырдың” бір түрі әдеби тіл нормасынан тысқары жұмсалатын дұрыс сөздің бұзылып айтылған дублеттері емес пе? Әдеби тілдің етек-жеңі олпы-солпы болмай, жинақы, сымбатты болу үшін әдеби нормалар қатарын бекемдей түсуді мақсат етсек, жарыспалы дублет сөздер мен қара- пайым сөз, диалектизмдердің бәрін бірдей жөн деп қолдана беру тілдік анархияға душар етпей ме? Әдебиетте маңдай дегенді жазушы өз сөзінде маңлай деп жазса, тізе сөзін дізе деп жазса, тіл мәдеиеті тұрғысынан дұрыс болар ма еді? Әдеби сыңары анықталған дублеттік қатарларды пайдаланғанда оның әдеби вариантын ғана қолдану керек. “Жұмысымды бітірдім” деудің орнына “жұмысымды пітірдім”, не “жұмыс істедім” демей, “жұмыс жасадым” деген адамның тіл мәдениеті дәрежесі төмен деп қараймыз ғой. Сондай мәдениетсіздік жазуда да, сөйлеуде де болмаса екен деген талапты күшейте, тілдің әдебилік қасиетін арттыра түсер едік. Тіл байлығын нормалау сайып келгенде, әдеби тілді қалыптастырудың қамы, тілдің мәдениетін жоғары сатыға көтерудің шарасы. Сондықтан одан ат-тонды алып қашуға болмайды. Тек оның мәніне түсінбеген, не түсінгісі келмейтін кісі ғана ол шараға немқұрайды қарайды. Өйткені, нормалау – біреулердің ойдан шығарған ермегі емес, әдеби тілдің пайда болу табиғатын, ілгері даму жолдарын айқындау үшін керек әрекет.
Тілді нормалауда қандай-қандай жайттарды нысана етеміз? Норманы, нормаға жатпайтындарды қалай айырамыз?
Пайдаланылған әдебиет
1. Тіл мәдениеті және баспасөз. Алматы,1972. 140-б.