Бала тәрбиесінде ескерілуі қажет 16 ереже

1. Балаларыңызды ернінен сүймеңіз.

2. Қоғамдық көліктерде балаларыңызға «мына апайдың алдына отыр», «мына ағайдың жанына отыр» деу арқылы бейтаныс адамдармен байланысын күшейтпеңіз.

3. Балаңызды басқа адамдармен дәретханаға жібермеңіз, тіпті туысыңыз болса да.

4. Балаңыз өзін сүйгізгісі келмесе, оған ашуланбаңыз.

5. Балаңызға өзінің қалауынан тыс оның денесіне ешкім тисе алмайтынын үйретіңіз.

6. Бағдаршамда қызыл жанып тұрғанда, жол бос болса да, балаңызбен бірге жолдан өтпеңіз.

7. Балаңыздың көзінше коланы сіміріп ішіп «балам, кола өте зиянды» демеңіз. Өзіңізге деген сенімінен айырылмаңыз.

8. Өзіңіз кітап оқымайтын жан болсаңыз, «балам кітап оқымайды» деп оған ренжімеңіз.

9. Балаңызға «Сен істей алмайсың» деп сағын сындырмаңыз, «істеп көргің келе ме?» деп жігерлендіріңіз.

10. Балаңызбен дос болмаңыз, әке-шеше болыңыз.

11. Балаңызға тыйым сала бермеңіз, оған зиянын түсінікті тілмен түсіндіріңіз.

12. Балаңызбен сөйлескенде оның көзіне қараңыз.

13. Балаңызды көп құшақтаңыз. Өзіне қажетті махаббатты сізден ала алмаған бала оны сырттан іздейтінін естен шығармаңыз.

14. Балаңыздың намысына тимеңіз, кінәлай бермеңіз және ешқашан ешкіммен салыстырмаңыз. Әр баланың өзінше ерекше екенін ұмытпаңыз.

15. Балаңызға бірнәрсе үйретерде қорқыту арқылы емес, түсіндіру арқылы үйретіңіз.

16. Балаңыздың сұраған сұрағына қысқа әрі нұсқа жауап беріңіз.



Елжас Ертайұлы
«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіп Туысқан бауырларыма бір насихат


«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.

Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Мәшекеңнің тұрмыс жайында мақаласы хақында


«Дала Уалаятының газеті» (Алматы. Ғылым. 1994) жинағын құрастырушы филология ғылымының кандидаты Ү. Суханбердина өзінің беташар мақаласында газет қазақ халқының қоғамдық- әлеуметтік ой- пікірін оятуға, мәдени, әдеби түсінігінің молая беруіне едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар, оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер білімінің пайдасын, қазақ әдебиетінің хал- қадірі қазақ оқырмандары мен ғалымдарының өмірі жайлы бірқыдыру құнды мақалалар, хабарлар жариялады.

Газет бетінде Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің, Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Шәкәрім Құдайбериевтің, Әлихан Бөкейхановтың өмір деректерін басумен қатар газет аталған авторлардың мақаларымен хабарларын үзбей беріп тұрғанын атап көрсеткен. Мұның өзі сол тұста қазақ оқырмандарының халқымыздың елеулі тұлғаларын танып білулеріне ықпал етті. Қазіргі таңда олардың есімінің ел жадында жаңғыруы деген тұжырым жасайды. .....
Әңгімелер
Толық

Балалар арасындағы қызғаныштың 8 себебі

Қызғану сезімі барлық адамның жаратылысында бар, одан ешкім толығымен бас тарта алмайды. Бұл сезімнің адам өміріне қосар үлесі көп. Дегенмен де, қызғаныш шектен тыс болған жағдайда өмірді қиындатып жібереді. Ал, егер қызғанушы кішкентай бала болса, өмір одан ары қиындай түседі... Балаларда қызғану сезімі, шамамен, 2 жасында басталады.

Негізінде, ата-ананың ұстанымдары мен баланың сыртта көрген көріністері баланы қызғанышқа итермелейді. Яғни, баланың өз бауырын қызғануына үлкендер өзіміз себеп болып жатамыз. Қазір сол себептерді тізбектеп, санап көрсек:

1. Әке-шешенің балалары арасында теңдік орнатуға тырысуы бауырлар арасында қызғаныштың басталуына себеп болады. Негізінде, әке-шеше балалар арасында теңдік орнатуға емес, әділдік орнатуға тырысуы қажет. Өйткені, әрбір баланың жаратылысы әртүрлі болуымен қатар, дүниеге келу уақыты да әртүрлі. Осы өзгешеліктерге мән бермей, екеуіне де тең қарау, екеуінің біреуіне әділетсіздік жасау болып табылады.

2. Әке-шешесінің өзіне әділетсіз әрекет еткенін сезген бала оларға деген сенімін жоғалтса, бұл сенімсіздігі оның қызғанышына себеп болады.

3. Тұңғыш балаға бұрыннан бері ие болған мәртебесін жоғалтпағанын көрсету керек. Әйтпесе, кішкентай бауыры дүниеге келген кезде тұңғышы алаңдайды және «анасы кішкентай бауырына көбірек көңіл бөліп, өзін бұрынғыдан аз жақсы көре бастады» деп қайғырады. Бұл жағдай баланың қызғанышын туындатып, бауырына күш қолдануға дейін апаруы мүмкін. .....
Әңгімелер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Отандық өнімдерді тұтынайық

Ас адамның арқауы демекші асымыздың, азық-түліктеріміздің сапалы болуына мән беруіміз қажет. Азық-түліктер неғұрлым балғын, табиғи, қоспасыз, экологиялық таза болса, соғырлұм сапалы болатыны мәлім. Бұл ретте отандық өнімдеріміздің осы аталған қасиеттерге жауап бере алатынын айту керек. Мәселен ас атасы нанның шикі заты болып табылатын Қазақстандық бидай өзінің жоғары сапасы арқылы әлемдегі нарықта жоғары сұранысқа ие. Осының өзі де отандық ұннан жасалатын өнімдердің сапасын айқындап тұр. Ал ет өнімдері болса, шет елдерде дәрінің көмегімен тез арада өсірілетін арзан еттерге қарағанда, өзіміздің ауыл шаруашылықтарында, ен далада жайылып табиғи жолмен өскен отандық малдардың еті әрине дәмділігі жағынан да, құнарлығы жағынан да пайдалы болмақ. Базардағы сатушыдан «шет елдік тауық еті неге біздің отандық тауық етінен арзан» деп сұралғандағы жауап көңілге қонышты болып еді. «Шет елдік тауық етінің іші толған су, мұзы ерігенде еті бүрісіп кішірейіп қалады, ал өзіміздің өнім сол қалпы қалады» деген болатын. Қаншама жол жүріп, қаншама делдалдардың, алып-сатарлардың қолынан өтіп бізге жетіп келген шет елдік азықтардың отандық өнімдерге қарағанда арзан болуы көп күмән туғызары анық. Көбіне дәрі-дәрмек, химикаттар, табиғи емес қоспалар қосу арқылы аз уақытта көп өнім .....
Әңгімелер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Саналы ұрпақ үшін ұлттық киноиндустрия

Жалпылама фильмдер көркем-өнер туындысы, табыс көзі болумен қатар қоғамға бірдеңелер түсіндіру, ой-пікір жеткізу мақсатында жасалуда. Ұлттық санада дайындалған отандық фильмдер арқылы жастардың білім-танымын, әдет-ғұрпын, жақсы мен жаман ұғымын түсіндіруге, мәселен тарихи фильмдер арқылы жастарға отанға деген махаббатты, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге болады. Ал батыстық фильмдерден көбінесе арсыздықты, жалаңаш киінуді, темекі шегіп, арақ ішу, наша шегуді, гомосексуалды болуды, өзгенің жұбайына қырындауды, ажырасуды қалыпты етіп көрсететіндері көп. Соған еліктеген кейбір отандық фильмдер ұлттық құндылықтарды кері тартпа, ал батыстық азғындықтарды ілгерілік деп көрсететіндері де бар. Бұлар әрине жастардың ой-санасына әсер етпей қоймасы анық. Мәселен азулы фильмдердегі қате пікірлерді сіңіріп өскен жастар дұрыс нәрселерге қарсы шығып, бұрыс нәрселерді қолдайтын болуы мүмкін. Осы тұрғыдан киноиндустрия өте маңызды құрал. Жарық жылдамдығындай қарқынмен күннен күнге көбейіп қоғамға ұсынылып жатқан шетелдік фильмдер сүзгіден өтпейтін болса, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін отандық фильмдерге ден қойылмаса халіміз неғайбыл. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи біршама кинолар жарық көрді. Жас-кәріміз осыларды тілге тиек етіп, еңселеріміз көтеріліп қалды. Осыны жалғай түсіруге болатын дастандарымыз, тарихи тұлғаларымыз хандарымыз, батырларымыз жетіп жатыр. Қорыта айтқанда осы саладағы аға-әпкелеріміз осы мәселеге де жақсырақ ден қойса дейміз. Осындай мәдени қазыналарымызды ашатын, жастардың ұлттық рухын көтеретін көрсетілімдер көп болғай.

.....
Әңгімелер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық рух

90-шы жылдардың басында жапондық ғалымдар Түркияның білім беру жүйесін зерттеген екен. Зерттеу соңына қарай жапондық ғалымдар мен бірқатар жапондық дипломаттар сол кездегі Түркияның президенті Тургут Озал және басқа да түркі зиялылары жиналған ортада кездесіп, баяндамаларын ұсынады. Сөз арасында жапондықтар білім беру жүйесіне қатысты мынадай ой түйіндегенін айтады: "Сіздердің білім беру жүйелеріңізде ұлттық рух жоқ екен!" дейді. Тургут Озал таң қалады: «Мұны қалай түсінеміз?» дегенінде жапондар сөзін былай жалғайды: «Біз Жапонияда мектеп табалдырығын аттаған балаларымызға ұлттық рух екпесін жасаймыз. .....
Әңгімелер
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық бірлік

Елдің тұғырлы, ғұмырлы болуының басты жетекші күші – ұлттық бірлік. Ел ішінде тыныштық, ынтымақ билеуі үшін бәрінен бұрын елдің ұлттық бүтіндігі қамтамасыз етілуі және елді құрайтын адамдар, ұлттар, түрлі топтар арасында түсіністік пен ара-қатынастың, тіпті тілектестіктің болуы қажет. Елді қалыптастыратын факторлардың маңызды элементтері сенім, отан, тарих, байрақ, бірлік, татулық ішінде өмір сүру қалауы. Міне осылар ынтымақ, бақ-берекенің ортақ кілті. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ көп мемлекеттер сыртқы күштердің емес, ішкі алауыздықтың, іштегі сатқындар, дұшпандар тарапынан ыдыратылған. Қазіргі заманда да мұның мысалдары көп. Бұл қауіп әркез төніп тұр. Ұлттық жоспары, ұлттық мақсаттары болмаған елдер (саяси, экономикалық, мәдени) сілкіністер кезінде үлкен жарақаттарға тап болады. Үлкен мақсаттары, асқақ армандары болмаған мемлекет дамымайды, қатардағы қарапайым елдердің бірі болып жүре береді. Темірқазық жұлдызына жете алмаймыз, бірақ оған қарап бағытымызды белгілейміз. Ұлттық және рухани құндылықтарымыз, ұлттық бірлік және ұлттық мақсаттарымыз елдің тұтастығын нығайтушы рухани күш. Ұлттық мақсаттар (ұзақ-орта-қысқа мерзімді) ретінде жоспарлануы керек. Бұл орайда Елбасымыздың атқарып жатқаны еңбегі зор. «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Қазақстан – 2050», секілді жоспарлары осы жолда жемісін беруде. Сондай-ақ ұлттық бірлік пен ұлттық мақсаттарды уағыздауда және іске асыруда тек саясаткерлер емес, зиялы қауым, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жалпы халық бір ауыздан ат салысуы қажет. .....
Әңгімелер
Толық

Балалар арасындағы қызғаныштың алдын алудың 10 жолы

Кішентай сәби шыр етіп, дүние есігін қаққан кезде оның келгеніне қуанбайтын – оның үлкен бауыры. Өйткені, ол бастапқыда «мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп алаңдауы мүмкін. Алайда, әке-шешесі өз қалпын бұзбай, үлкен баласымен бұрынғыша қарым-қатынасын жалғастырса, тұтанып келе жатқан қызғаныш шоғы жанбай жатып сөнеді.

Әке-шешесі баласының алаңдаулы әрекеттерінен шошымай, сабырмен тыңдаса және табиғи әрекеттерін жалғастырса, бала өзінің алаңдауының орынсыз екенін түсінеді. Яғни, бала өз өмірінде де, ата-анасының махаббаты мен әрекеттерінде де ешқандай өзгеріс жоқ екенін байқаса, қызғаныш сезімі басталмай жатып бітеді. Мысалы, бауыры дүниеге келген бала «әке-шешем мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп ойлай бастаса, бұл ой қызғаныш сезімінің оянуы үшін жеткілікті. Бірақ, әке-шешесі еш өзгеріс байқатпай, нәрестеге де, қызғаныш сезімі оянып келе жатқан баласына да махаббатын сездіріп, баласының қызғанышқа толы әрекеттерінен әсерленбей, жақсы көруін жалғастырса, бала өз қалпына келеді. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Мектебім ауылымның мақтанышы


(Қожабақы мектебіне 70 жыл)

Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан – ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар
Мектебім – ауылымның мақтанышы.

(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінің өлеңінен)

Қазіргі XXI ғасыр таңындағы әлемдік кеңістікте өз орнын айқындауға ұмтылып отырған Қазақстан үшін де оқушы баланың мектепте орта білім алып шығуы міндетті әрі маңызды іс болып саналады. Ендеше, өткен тарихымыздағы қазақ ауылдарында сондай жалпы білім беретін мектептердің құрыла бастауы – сол кездегі жүргізіліп отырған білім саясаты үшін де және қазіргі орта білім жүйесінің тарихы үшін де елеулі мәні бар дүние. Өйткені қазақтың білімі мен ғылымында, әдебиеті мен өнерінде халқына жарық жұлдыз болып сәулесін шашқан талай ұл-қыздары осындай ауыл мектептерінен қанат қағып шыққан болатын. Сондай мектептердің бірі 1947 жылы іргетасы орта мектеп болып қаланған М.Горький мектебі еді. Бұл – қазіргі №25 орта мектебі. .....
Әңгімелер
Толық