Сүлеймен Баязитов | Малайсары Тархан тас тұғырда

(Ойтолғам)

... «Малайсары Тархан» қоғамдық қоры құрылып, облыстық әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелді. 2015жылдың 21қаңтарында оған бас құрылтайшысы болуға кең байтақ қазақ еліне есімі кеңінен мәлім ел тәуелсіздігін табандылықпен қорғап, ыстығына күйіп, суығына тоңып, өркенді істерімен танылған Тито Уақапұлы Сыздықов мырза келісім берді.

Ол бұрында ел тарихы оның еңіреп өткен ерлеріне ұлы тұлғаларына әманда жүрегінің төрінен орын беріп, оларға байланысты атқарылатын әр істің көшбасшыларының қатарынан табылатын. Сонымен қатар қор мүшелерінің арасында талай игілікті істің басы- қасында болған, басқарған Қуат Есімханов ағаның, т.б. азаматтардың болуы ел сенімін арттыра түскен еді.

-Қоғамдық қор мүшелерінің ұсыныс-тілектері, ортақ ұйғарым шешімдері бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді,- деп еске алады. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ұстаздан ұстазға құрмет

Әр сабағы болып өтіп тағылым,
Әр шәкірттің оятатын танымын.
Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы,
Санасында жүре берер әлі күн,
Ұстаз деген – мәртебелі бір есім.

Өмірінің мағыналы шақтары
Мектеп болып, содан бақты тапқаны.
Ұстаз деген – сол ұяның жүрегі,
Ұстаз деген – сол ұжымның мақтаны.

(Ұстаздық қызметтен құрметті демалысына шығып жатқан ұстазға кейінгі буын әріптесінің құттықтау сөзі)

Құрметті Ұстаз!

.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Қияннан құйылып кеп

«Қара таудың басынан көш келеді»,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Қара күнді жамылып, қара қазақ,

Қара түнді басынан кешкен еді.

Ақын Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!

Поэмасы міне осылай басталады.

Өлеңнің алғашқы тармағын оқыған сәтте тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» атауы мен белгілі ел басына күн туған ала-сапыран заман ойға оралады.

«Қара жорға шайқалып бос келеді» осы тармақ көп жайды аңғартатындай. Қара күн, қара қазақ, қара түн. Тәңірім-ау, ел басына туған қолдану арқылы ақын қалай ғана дәл бейнелеген десеңізші.

Қара жауы қанатын кескен еді,

Шұлғау болып қыздардың кестелері.

Талай қара шаңырақ өшкен еді. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Риза болсын ақынның аруағы

«Желіктіріп, су бүркіп, сайтан маған,

Кезім болды әділдік айта алмаған.»

Бұл Мұқағали ақынның «Өмір деген біреу бар» атты өлеңінің екінші буынының алғашқы егіз тармағы осы жолдарды оқығанда бір шама ойға берілдім.

Бұл не ақйық ақынның ар алдында ағынан жарылған ақжар ма тұсы ма... жоқ әлде тәңірі ерекше талант силаған періште көңілдің көрінісі ме?!

Қалай десек те болмай жатып болдым, толмай жатып толдым дейтін таланттан, ең бастысы ар ұяттан жұрдай өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуде тырысатын ақындардың пешенесіне жазылмаған сыршылдық.

Бұл сыршылдық демекші Мұқағалидың кез келген өлеңі тұнған сыр. Ол сізді өзінің сырына ортақтастыра, ой бөлісе отырып, өзі мен бірге қуантып, өзі мен бірге мұңайтады.

Сондай өлеңдерінің бірі «Емханада»

.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Ғасыр қасіреті Тірідей тозақ отына қақталғандар

Кешкі түгендеуден кейін рота командирі: «Ертең, яғни жексенбі күні театрға барамыз», –дей келіп рота старшинасына театрға баратын әр жауынгерден билетке қанша ақша алатынын айтып пысықтаған. Қойылым атауы «Куба, любовь моя!» екендігі оны сахналайтын Одаққа, тіпті әлемге белгілі Ленинградтың Опера және балет театры екенін еске салуды ұмытпаған.

Таңғы астан кейін театрға баруға әзірлік басталып кеткен еді. Әр жауынгер каптеркадағы парадтық киімдерін алып үтіктеп, түйме тағып, ақ жағасын ауыстырып, қарбалас үстінде. Қалтамдағы азғантай тиын- тебенім театрға билет алуға жетпейтінін байқаған мен кереуетімнің қасындағы тумбочканың жанында кітап оқып отырдым. Кенет аты-жөнімді атаған рота командирінің дауысын естіп, орнымнан апалақтап атып тұрдым. Ол маған: .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Қалам және түлек


«Ел болып өлең жырдың тақырыбы, қауышты ауылымен ақын ұлы». Бұл бір кездегі мектеп түлегі, елдің перзенті, белгілі қаламгер, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Сейіл Боранбаевпен Қожабақы ауылдық мәдениет Үйінің сахнасында өткен кездесу кешінің тақырыбы еді. Бұл кездесу 2000 жылы ақын Сейіл Боранбаевтың 70 жасқа толу мерейтойына байланысты өткізілген.

Белгілі ақындар Сейіл Боранбаев, Әнес Нарымбетов, Мешітбай Құттықовтар №25 мектептің бір кезгі түлектері еді. Олар мектептің алғашқы түлектерінің қатарынан саналады.

...Сейіл, Әнес, Мешітбай
жырдағы шыққан жүйріктер,
мүшесі еді Одақтың
өлеңде болған даралы.
Көкірегі толы көмбеге,
тарихшы ұстаз әрі ақын,
құрмет тұтты ортасы
Ақанжан сынды ағаны.
Асыл сөздің сырынан
шәкіртке тәлім үйреткен
Файзолладай ақындар
Болмысы болған бағалы.

.....
Әңгімелер
Толық

Кембридж бағдарламасы бойынша неміс тілі сабағын өткізу жолдары

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттеп отыр. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Оларды неміс тілін оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты. Неміс тіліне үйрену өте күрделі және жеке үдеріс. Бұл жолда адам көп еңбектеніп маңдай терін төксе ғана қандай да бір жетістікке жетеді. Әрине, оқушының тілдік дағдыларды меңгеру сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Ал Кембридж бағдарламасы ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Мұғалімнің күнделікті өткізетін сабағы қазіргі заман талабына сай әр қилы өзгеріске ұшырап отыруы тиіс. Сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі ұстаздың шеберлігіне байланысты егер де неміс тілі мұғалімі оқушының қызығушылығын арттыра алмаса берген грамматикалық білім еш нәтиже бермейді. Жаңа технологияның басты мақсаты оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын туғызу, баланы оқыта отырып үйрету ойындарын пайдалану оның еркіндігін, белсенділігін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Жаңа технология түрлерін неміс тілі пәнінің сабақтарында пайдалану, оқушының тілдік қабілетінің дамуына, алған грамматикалық білімінің негізінде неміс тілінде сөйлей білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдерде іске асады: І кезең: оқып-үйрену (неміс тілінің грамматикасымен, сөздік қоры және оқылым дағдыларымен танысу); ІІ кезең: меңгеру (оқушылардың алған тілдік білімдерін есте сақтап, өзгелерге түсіндіріп бере алу қабілеті); ІІІ кезең: өмірге ендіру (балалардың неміс тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізе алуы); IV кезең: дамыту (оқушылардың қосымша ізденіп, өздерінің неміс тілін меңгеру деңгейін жоғарылатуға күш салуы). Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше неміс тілін оқытудағы жаңа технологиялар жүйесін оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Рақмет алғашқы ұстаз


Білім жол бәріне аңсарлы,
Ой зерек болса оған ұнадың.
Сендерді күлімдеп қарсы алды
Мектепте мейірімді мұғалім.

Қарсы алды сыныбың, партаң да,
Тәртіппен сен оған ұнадың.
Жүреді күлімдеп ортаңда
Тағы сол мейірімді мұғалім.

Ұстазың, мейірбан үні тым,
Қақпайды тым қатты бетіңді.
Қоғамның кішкентай үмітін
Баптайды жас шыбық секілді. .....
Әңгімелер
Толық

Отбасылық бюджет қалай басқарылады

Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор.

Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек.
Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?

Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде,

• Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;

• Киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар; .....
Әңгімелер
Толық

СLIL оқу әдістемесінің элементтерін арнайы пән сабағында қолдану ерекшеліктері Молдабаева


СLIL оқу әдістемесінің элементтерін арнайы пән сабағында қолдану ерекшеліктері

CLIL оқу бағдарламасын басқа тілмен кіріктіре отырып беру әдістемесі болып табылады. Қазіргі жаһандану, техникаландыру заманында, яғни әлемнің ғылымындағы, өнеріндегі және технологияларындағы дамуды оқушылар басқа тілді меңгеру барысында біле отырып, өз тілінде сол дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.Бұл оқушыларға шет тілін оқытумен салыстырғанда көптеген жаңа бағыттар береді, себебі, мұнда оқушы тілмен қатар пәнді қоса меңгереді. Мұнда оқу мен ойлау дағдылары біріктірілген.

CLIL сонымен қатар оқытушыға да жаңа талаптар қояды. CLIL әдістемесін жүзеге асыратын мұғалім: пән мұғалімі; тіл мұғалімі; сыныптағы негізгі мұғалім; сынып көмекшісі рөлінде бола білуі керек.

Мұғалімнің алдынан кездесетін қиындық ол өз пәнін жетік білумен қатар, оқушыларына қажетті тілді де жоғары деңгейде білуі. Бұл жерде пәнаралық байланысты пайдаланған өте тиімді, мысалы, шет тілі пәні мұғалімдерімен біріге отырып жұмыс жүргізу.

CLIL әдістемесін әртүрлі жастағы оқушыларға олардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдау арқылы қолдануды жүргізуге болады. .....
Әңгімелер
Толық