Жылжымалы ойындар, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше. Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. ....
Кеңес волейболының халықаралық аренадағы табыстары жалпыға мәлім. КСРО ерлер және әйелдер құрама командалары – Еуропаның, әлемнің, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары, көптеген өзге де халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Зерттеудің өзектілігі. Осы жетістіктеріне қарамастан, елдің құрама командаларында осы күнге дейін ойыншылардың техникалық даярлығында айтарлықтай ақаулар кездесіп отырады. Мәселен, В.А.Тюрин әр ойыншының серігіне пас беруге қабілетті бола бермейтіндігін және елдің құрама командасының өзінде де жаттықтырушыларға волейболшы қыздарды жоғарыдан доп берген кезде қолдарын қою секілді негізгі тәсілге үйретуге тура келетінін атап көрсеткен болатын. Техникалық даярлықтағы осындай ақаулар бізде оқытудың, үйретудің бірыңғай мектебі жоқ екендігінен, ал жалпы қабылданған әдістемеде техниканың бөлшектеріне операция бойынша бақылаудың қамтамасыз етілмейтіндігінен туындайды. Сондықтан осыларды жаттықтырушылар спортшылардың дербес ерекшеліктеріне жатқызатын, эталонды техникадан үлкен ауытқулар пайда болады. ....
1. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады. 2. Бірге жүрген қыздардың бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз. 3. Егер шынайы дос тапсаңыз, қандай қашықтықта болса да, достық қарым-қатынасыңызды үзбеңіз. 4. Дүниеге қызықпаңыз, ол сізді бақытты етпейді. 5. Қандай жағдайға кезіксеңіз де, ешкімді кінәламаңыз, қатені алдымен өзіңізден іздеңіз. ......
4-ші әйелі: Көпес оны бәрінен қатты жақсы көретін. Әдемі көйлек пен бағалы сыйлықтардың бәрін соның үстіне жапсыратын. Соның күтімін жасап, соны аялап, алақанында ардақтаушы еді.
3-ші әйелі: Көпесі оны да қаты жақсы көрді. Оны сұлулығын мақтаныш көріп, әр жолы реті келгенде достарына көрсетіп қалуға тырысатын. Алайда, ертелі-кеш біреуге кетіп қалар ма екен деген қорқыныш кеудесінен кетпейтін.
2-ші әйелі: Екінші әйелін де жақсы көрді. Екінші келіншегі өте ұқыпты әрі сабырлы болатын. Әр жолы басы дауға қалғанда, содан барып көмек сұрайтын. Қиын уақыттардың бәрінде ол қол ұшын беретін.
Көпестің бірінші әйелі адал, жұмсақ жан еді, әр уақытта көпестің өсіп-өркендеуін тілеумен жүретін. Бірақ, оған көпес назар аудармайтын, назар аударса да, мән бермейтін. Ал ол болса өліп-өше сүйіп қала беретін.......
Қыз бала — ұлт ұйытқысы, болашақ ана, аяулы жар. Бұл ұғым “қазақ” атауы дүниеге келгеннен күні бүгінге дейін аманат есебінде қалыптасып келеді. Дегенмен, осы арулар шын мəнінде саналы ұрпақ қалыптастырып, бір қазақ үйінің «отымен кіріп, күлімен шығып отыр ма?» деген сауал туындайды. Осы тұрғыда қыздарымыздың өзге ұлт азаматының етегіне жармасып, өзге ел табалдырығын аттауы жиілеп барады. Қаракөздеріміздің шетел азаматтарымен шаңырақ көтеруі өзекті мəселе десек, қателеспейміз.
Қазіргі таңда еліміздегі əр 100% некенің 20%-ы аралас неке болып табылады. Бұған не себеп? Ең бірінші ойға келетіні — қомақты қаражат, «бақ» қонған заңғар үй. Иə, көбінесе қыздардың басым көпшілігі байлықтың көзіне құмартқандықтан, осы əрекетке барады. «Бұл топқа көбінесе тұрмысы төмен отбасыдан шыққан қыздар жатады»,-дейді психолог мамандар. Екіншіден, өзге елдің тілін біліп, «Болашақпен» білім шыңына қол жеткізуді мақсат тұтқан «тыңдаушылар»(студенттер) Алғашқыда олар алпауыт елге арман қуалап кетсе де, кейіннен жаңа ортаға бейімделген соң, мəңгілік сол елді тұрақ етуді көздейді(бір себеп: онда айлық табыс біздікінен 10 есе жоғары). Үшіншіден, қазақ жігітінен қатты көңілі қалған бойжеткендер. Олар жігіт атаулыға «кек» қайтаруды көздеп, тұрмыс құрады. Бұл санаттағылардың легі 18-ді өткеріп, оң-солын бес саусақтай таныған қыз-келіншектер. Бірақ, бақ қуалап кеткендердің барлығы дерлік көздегендеріне жете бермейді. Өзгенің қара қасқа иттері “қорғансыздың күйін” кештіріп, қайтып келген қыздардың да саны жетерлік. Бұл дегеніміз, бір қыз шетелге күйеуге шықса, мың қыз түс көргенмен тең (көпке топырақ шашқаным емес)… .....
Ертеде бір бай болыпты. Байдың ауру әйелі және үш қызы бар екен. Бір күні әйелі науқасынан айықпастан қайтыс болады. Біраз уақыттан кейін бай үйіне басқа әйел алып келеді. Бұл әйел қатыгез адам болып шығады. Ол байдың қыздарын жек көреді. Бір күні өгей шешелері қыздарын шақырып алып: — Шырақтарым, бүгін сендер тоғайдан жеміс теріңдер, – деп түбі тесік шелек береді. Қыздар: — Алақай! Жеміс тереміз! – деп қуанып тоғайға кетеді. Тоғайға келіп, жеміс тере бастайды. Бірақ, терген жемістері тесік шелектен түсіп қала береді. Сол себепті қыздар тоғайда көп жүріп қалады.......
Ұ.Жолдасов орындайтын әнде айтылғандай „баланың бәрі бақытты болуы үшін жаралған”. Бақытсыз өмірдің мәні жоқ. Әлемде барлық пенде өзінше бақытты. Ал, бүгінгі қыздардың бақытты болмауға хақы жоқ. Неге? Ненің арқасында қазақ қызы бақытқа қол жеткізді?......