Қазақстанда Start-up жобаларды қолдау қоры пайда болады. Қорды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрады. Бұл туралы «АЛМЭКС» Холдингілік тобы» АҚ Басқарма Төрағасы Мәжит Есенбаев баспасөз-конференциясы барысында хабарлады.
«Біз start-up жобаларды қолдау жөніндегі қор қалыптастырмақшымыз. Жиынтықтап алғанда бұл қор шамамен 10 миллион доллар болмақшы. Өздерінің арынды идея-тілектері бар, алайда оларды жүзеге асыратын қаражаты жоқ жастарды қолдағымыз келеді. Мұндай қаражат болады, және ол қаражатты жастарға беруге дайынбыз», – деп мәлімдеді Мәжит Есенбаев.....
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қайтарымсыз негізде грант беру жөнінде мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі енгізілгені баршаға мәлім.
Одан бөлек Жаңаөзен секілді моно қалаларды дамыту бағдарламасы....
2013 жылғы 10 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.
Елбасы отырысқа қатысушылар алдында Кәсіпкерлер кеңесінің осы отырысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жарияланғаннан кейінгі алғаш рет өтіп отырғанын атап өтті.
- Біз алдымызға әлемнің экономикасы барынша дамыған отыз елінің қатарына қосылу жөнінде ауқымды мақсат қойдық. Қуатты экономика – кәсіпкерліктің қуаттылығы, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің.....