Валеология | Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары

1 Адамдардың тірек –қимыл жүйесінің сипатамасы
Тірек – қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық – функциялық негізі. Жаңа қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.
Күрделі қимыл – қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді.
Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі мүмкін. Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: «Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымда-рының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың мінде-тіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қиярдан жасалатын маска түрлері

✅ Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір, фосфор болғандықтан, әжіммен күресте тез әрі жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар беттегі дақ пен безеуден арылтады. Қиярдан жасалатын маска түрлерін өзіңіз үйде әзірлеп көріңіз.

✅ Майлы теріге арналған маска. Орташа бр қияр мен алманы үккіштен өткізіп, дайын қоспаны бетте 30 минут ұстайды. Мұны аптасына 2 рет жасаса, тері өңі жақсарады.

✅ Дақты кетіруге арналған маска. Үккіштен өткізілген қиярды лимон шырынымен араластырады. 15 минуттан соң жылы сумен бетті шаяды. Маскадан соң бетке нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз. Қияр мен лимон шырынына дәкені малып, оны бетте ұстауға да болады. Бұл тәсіл бетті ағартып қана қоймай, теріні керемет сергітеді. ......
Кеңестер
Толық

Ойландыратын 5 оқиға

1. Ферма қожайыны тышқан аулайтын қақпан қойды. Оны байқаған тышқан көрген-білгенін тауыққа, қойға және сиырға жеткізді. Ал олар болса: «Қақпан — сенің проблемаң! Бізге оның қатысы жоқ! Өз шаруаңды өзің шеш» деп тышқанды сөйлетпей тастайды.

Кешкісін, қақпанға жылан түсіп, фермердің әйелін шағып алыпты. Күйеуі әйелі жақсарсын деп, тауық сойып, сорпа дайындап беріпті. Ал әйелдің жағдайын сұрап келген қонақтарға қой сойыпты. Жағдайы нашар әйел қайтыс болады. Ал садақа өткізуге сиырды сояды.......
Кеңестер
Толық

Қазақи ырым тыйымдар

Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған атам қазақ ырым-тыйымдары арқылы тәрбие берген. Ырым-тыйымның пайдасы да ұшан-теңіз...

Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.
Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.
Қыз баланың бір тал түскен шашын кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады.
Қалы үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыгүл, Қалдыбай» деп ат қояды.
Әйел итке тас лақтырса – үйдің ырысы кетеді, әйелдің бағы қайтады.
Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жатады.
Жүкті әйел шашын кессе - іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
Ана баланы дәретсіз емізбейді.
Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса – нәрестесі кем туады немесе түсік тастайды.......
Кеңестер
Толық

Қимыл қозғалысы мен психикасының дамуы

• Нәрестенің ай сайынғы дамуындағы өзгерістер:
• 1 айлық бала тік көтерген кезде басын ұстауға тырысады;
• 2 айлығында етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтереді;
• 3 айлығында етпетінен жатып, шынтақтап денесін көтереді, демеп ұстаса, жамбастап отырады, шалқалап жатып, бүйіріне аунап түседі, мойны қатайып, басын тік ұстайды;
• 4 айлығында қозғалысы ширап, жеңілдей түседі; бала көтерілгенде алақанымен жер тірейді, әрі-бері аунап түседі, шалқалап "көпір" жасайды, әр түрлі заттарды қолына ұстайды;
• 5 айлығында әлденеге сүйеніп отырады, қолтығынан демесе, тізесін бүкпей түзу тұрады;......
Кеңестер
Толық

Қысқы қиял

Қыс келді, өзімен бірге қарды ала келді. Қала аппақ қардың қоршауында қалды. Адамдар аяз тістеп алғандай асығыс жүреді. Қысқы демалыста қаланың қасындағы Қырыққұдық ауылына қыдырып бардық. Даланың қары қалың болады екен. Аязата үйлердің әйнектеріне әртүрлі суреттер салып тастаған.

Ауылда орман бар, ондағы ағаштар тоңып, бір-біріне тығылып тұр. Қысқы орманның ауасы таза, табиғаты тамаша. Бірақ, орман өзінің достары аң-құстардан айрылып қалғандай болып көрінді. Үстіне ақ тон......
Шығармалар
Толық

Психология | Қиял туралы жалпы ұғым

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болысының табиғатына, оның сапалы қоғам шеңберінде әркендеуі мен қалыптасуына, тәңірегіндегі басқа адамдармен қарым қатынасындағы ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бірге әрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина. әнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бір де бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объекті. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көз-қарасына байланысты. Психологияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психикалық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге байланысты) т.б. жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сырты дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан-дүниесіне тән. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Қиын балалар оларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Музыка және қиял

Бір құлағымда «музыканың» жан тербетерлік тәтті әуені. Ал, екінші құлағымда өмрідің ащы шындығын ұқытырып тұрған, өмір тіршілігінің сан –алуан сазды үні.Музыка бір қиялмен шексіз әлемге жетелейді... Бірі жарқын жақсы болашаққа,енді бірі адам жаны төзгісіз жалғыздыққа, жәнеде қатігез жауыздыққа.Сондықтан тыңдар әуеніңізге өте сақ болыңыз.Арман – мақсатқа жетелейтін әуен тыңдап,өз ойларыңызды бір арнаға тоғыстырып, шабыт ала біліңіз..
Құлағымызға құлаққап тағып, « музыканың» әуенімен терең ойға беріліп, бір сәтке өз өмрімізді ұмыта аламыз.Әр адамның өз қиялы және арманы бар. Әр адам, өз қиялында әр түрлі тұлғаның рөлін сомдайды.Бірі мүмкін әлем таныр әнші, бірі керемет биші,енді бірі ең үздік суретші. Ол - адамның өз арманымен қиялына байланысты.Өзіңіз ......
Шығармалар
Толық