Пән: География Бөлім: Атмосфера Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар Оқу мақсаттары: 9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады Сабақтың мақсаты: Оқушылар атмосфераның қолайсыз және қауіпті құбылыстарын болжап, олардан сақтану жолдарын үйренеді....
Темір мен темір қосылмайды екен, Мың градустан артық балқытпаса егер. Көңіл мен көңіл қосылмайды екен, Қос үмітке ортақ жол шықпаса егер. Сау басты дауға шататыны қалай, Ежелден бұлар ойқас қауым ба? Бітіспес жаулық жататыны қалай Молекулалардың шайқастарында? ....
Туберкулездің қоздырғышын тапқан Роберт Кох "ол түзу, сәл имек таяқша ұзындығы 1,5-3 мкм" деген анықтама береді. Ал енді осы бір кіп-кішкентай вирус адамның өкпесін ғана мекен етпейді, бронхы, жұтқыншақ, ішек, сүйек, буын, бүйрек тіпті жыныс органдарына дейін зақымдайды. Қазақстан медицинасының адам ағзасында құрт ауруына қарсы иммунитет қалыптастыруда рөлі қаншалықты? Қандай да бір дертке қарсы ағзамызда иммунитет қалыптастыру үшін біздің өміріміз жүйелі бағытқа бағынуы керек. Адам дұрыс дем алуы керек, дұрыс тамақтануы керек, тыныш ұйықтауы керек. Біз шапқылап жүгіреміз де жүреміз. Кеш жатып, ерте тұрамыз. Дертке дауа – таза ауаны мейрамхана, дәмхана, түнгі клубтарға айырбастап жүргендерді де көріп жүрміз. Біз "Жүректі ояту" дегенді атымен білмейміз. "Жүректі ояту" үшін таңғы асты ішпес бұрын 200 грамм жылы су ішу керек. Сосын 15 минуттай тамақ ішпей барып, таңғы асқа отыру керек. Ал біз таңертең тұра салысымен беті-қолымызды шала-шарпы жуа салып жүгіре жөнелеміз. Қысқасы, "екі аяғымызды бір етікке тығамыз". Кішкентай уақытта бар шаруаны тындырып тастағанды жөн көреміз. Осыдан барып адамның ағзасы шаршайды, ағза қартаяды. Маған келіп, денсаулық туралы жөн сұрап отырған өзіңіз де "бір жүйелік бағытқа бағынамын" деп айта алмайсыз. Ауыр тамақ жеген күннің ертесінде, сұйық тамақ ішуге тырысу керек. Сіз бен біздің олай бипаздап отыруға "уақытымыз" жоқ. Тамақ даярлауға қаншама сағатын өлтіргенше, дәмханадан барып, тезірек дайын аспен ауқаттанғанды жөн санайтындар да жетіп артылады. Өз үйінің асын менсінбей, өзге қазанға көз сүзіп жүрген қаншама адам дерт жұқтырып жүр. Ал енді осы бір "сұрап алған ауруға" қарсы қандай иммунитет қалыптастыруға болады? Біз нәресте дүниеге келе салысымен, құрт ауруына қарсы вакцина саламыз. Бұл вакцина салынған адам "дертпен мүлде ауырмайды" дегенді білдірмейді. Ол тек адам ағзасында сол ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін қажет. Біздің бала туа салысымен, егіліп жатқан вакциналарымыз, осыдан үш-төрт жыл бұрын күшінде еді. Ал қазір сол вакцинаның беделі белден басылып жатыр. Осыған орай, былтырдан бастап, 11-12 жасқа толған балаларға вакцинаны қайта салу бағдарламасын жасадық. Міне, Қазақстан медицинасының бұл дертке қарсы иммунитет қалыптастырудағы рөлі – осы. Негізі, адамның ағзасына қарсы иммунитетті адам өзі қалыптастыру керек. Адам өзі "мен мына дертті қалай да жеңіп шығамын" деп күресуі керек. Біз медицина мамандары бір адамды сақтап қалуға емес, бүкіл халықты сақтап қалуға күш салуымыз керек. Біздің бір-екі адамның дертіне қарсы иммунитет қалыптастырғанымыз ешқандай пайда әкелмейді. Біз қоғамдағы кертартпаларға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз керек. Егер қоғам өзін-өзін сыйламайтын, өзінің дертіне мән бермейтін бойкүйездермен толығатын болса, онда бізде сау халық қалмайды......
Терең ұңғымаларды бұрғылау практикасы көрсеткендей бақытсыз оқиғалардың бір себебі болып ұңғыманы тұрғызуда технология мен техниканың жеткіліксіздігі болып табылады. Ол үшін жобада келесі жағдайлар қарастырылады: - мұнай-газ білінуін ескерту; - мүмкін басқа шиеленістерді ескерту; - ұңғыма тұрғызуда апат болдырмау үшін жағдай жасау. Бұрғылау жұмыстарына дайындықтан бастап оны пайдалануға беруге дейінгі цикл ішінде бұрғылау бригадасының жұмысшыларына және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін шақырылған бригадаларға (монтаждау, цементтеу, қабат сынағыш) әр түрлі қауіп түрлері төнеді. Осы қауіп көздерін бірнеше топқа бөлуге болады: Бірінші топқа әр түрлі ауырлықтарды қозғалту-көтеруге байланысты қауіптерді жатқызуға болады. Бұрғылау процессі кезінде бұрғылау бригадасына әр түрлі ауырлықтағы, көлемдегі, өлшемдермен жұмыс жасауға тура келеді. Мысалы: ұңғыға бұрғылау, шегендеу құбырларын көтеріп-түсіру, қашаулар, қабатсынағыштар, түптік қозғалтқыштар және т.б. Құбыр тасығыш көліктерден бұрғылау қондырғыларының көпірлеріне жеткізу, свечаларды свеча жинағышқа жинау. Әрине бұл аталған жұмыстардың бәрі ауыр салмақтармен байланысты, сондықтан жұмыс істеу барысында осылардың біреу адам үстіне түсіп немесе басып қалатын болса ауыр жарақатқа әкеліп соғады. Бұрғылау құбырлары жиналып тұрған мұнара үлкен желкенділікке ие. Сондықтан қатты жел тұрғанда мұнара жан-жағына дұрыс немесе жақсы бекітілмеген болса аударылып құлауы мүмкін. Екінші топқа айналу механизмдерімен болатын қауіп түрлері жатады. Мысалы: ротор, лебедка, сораптар, трансмиссия, механикалық араластырғыш және т.б. егер олар керегінше қорғалып, жабылып тұрмаса. Үшінші топқа үлкен қысымдармен немесе жұмыс істеу барысында үлкен діріл тудыратын қондырғы тораптарымен болатын қауіптерді жатқызуға болады. Мысалы: бұрғылау және цементтеу сораптар, компрессорлар, үлкен қысымды құбар желілері, сағалық жабдықтар, бұрғылау шлангалары және т.б. Осыған құбыр сыртында болатын мұнай-газ атқылаулары және грифондарды да жатқызуға болады.....
Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі (ТӘҚ) адамзат әрекетшілік саласының бірі болып табылады; бұл көп жақты ұғымға саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы басқа аспектілер кіреді. Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда, тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу обьектілерді төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады. Практикалық мағынада ТӘҚ алдын ала ТЖ-дың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, халықты дайындау және жаппай оқытуға, ал ТЖ кезінде адамдарды қорғауға, залал мен материалдық шығынды кемітуге, сондай-ақ, ТЖ-ды шектен шығармауға, түбінде салдарын жоюға бағытталған, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген шаралардың үйлесімді жиынтығы деп жобалап түсінуге болады. Ал енді төтенше жағдайларға біраз тоқталып өтсек. Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономиаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық – қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынмен (көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорынның жекелеген жүйесінде), обьектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады. Ал енді табиғи сипатта болатын төтенше жағдайлар туралы айтып кететін болсақ. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың көбеюі байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейіп кетті, ал топан су басу мен қатты даулдар мен тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын соғу әлі де жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда. Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады: - геологиялық құбылыстар – жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер; - метеорологиялық құбылыстар – дауылдар, боранда, құйындар; - гидрологиялық құбылыстар – топан су басуы, цунами, өзендегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкепек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі; - табиғи өрттер – орман, дала, шым тезе өрттері; - жаппай көпшілік аурулар – эпидемиялар, эпизоотиялар, эпифитотиялар, жалпы жұқпал аурулардың кең таралуы.....
Оба, чума (латынның pestis сөзінен шыққан, «кенеттен басып кіру» деген мағынаны білдіреді) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Чуманың табиғатта өсіп-өніп отыратын ошақтары болады. Жануарға бүргелер арқылы беріледі. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 ж. бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853-1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863-1943) (адамнан; 1897 ж. егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersinia pestis) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Аурудың даму кезеңі 3 күннен 6 күнге созылады. Ауру қатаң әрі кенеттен басталады. Алғашқы белгілері: дененің қатты дірілдеуі, ыстықтың 39-40 градусқа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы /пневмония/. Аурулар есінен ажырамағанмен ессіз адамша жатады. Психикасы өзгере бастайды, орнынан ұшып тұрып, қашқысы келеді. Мастар секілді сөйлей алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек-жұмысын бұзады. Тілі ісініп, тамағы құрғап, миндалі ісініп кетеді. Бауыры ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін. Оба ауруының аса қауіптілігіне байланысты бұл ауруды тараптауға үлкен күш салынады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қадағалауымен, ұйымдастыруымен бұл аурудың эпидемиялық түрде және жоғары деңгейде дамуына әрі тарап кетуіне жол бермеуге шара қолданылады. Оба ауруының тарамауына қолданатын шараның негізгі бөлігі оның табиғи ошақтарында тұрақты әрі кешенді бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру. Егер ауру байқалған жағдайда ауырған адамдарды тез арада емханаға жатқызып, олармен қатынаста болған адамдарды дәрігерлік бақылауға екшеп алу керек. Ауруды таратып отырған көзін іздейді. Оны тапқаннан соң, ол объектіні зарарсыздандырып, сол мекеннің жалпы тұрғындарын бақылауға алады. Карантиндік шараларды анықтайды және жүргізеді. ....
Көптеген әйелдер жыныстық қатынас кезінде жүкті болып қалмау үшін түрлі амал-тәсілдер мен зиянды дәрі-дәрмектерді қолданып жатады. Алайда, олардың көпшілігі денсаулық үшін қауіпті. Мұндай зиянды салдарды болдыртпау үшін БҰҰ-ның арнайы мекемесі әйелдер қауымына оңтайлы тәсілдерді ұсынды деп хабарлайды cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.