Наурыз көжені тауысып ішіңіз. Ел ішінде кесеге құйылған наурыз көжемен бірге несібеңіз қоса құйылады. Түгел ішсеңіз жыл бойы тоқшылық пен молшылық сізге серік болады деген сенім бар.
Бөлімі: Театрландыру Тақырыбы: Қасқыр мен жеті лақ ертегісі Мақсаты: Білімділік: Балалардың тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін арттыру. Ертегімен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді ажырату, баланың шығармашылық қабілетін арттыру. Дамытушылық: Балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын, көру, есту, есте сақтау және өз ойларын айта білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, қонақжайлылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды, мадақтау. Билингвалды компанент: Ешкі - коза - goot, лақтар - козлята - kids, қасқыр - волк. Технологиялар: «И. Н. Мурашковска, Н. П. Валюс», «Триз». Көрнекіліктері: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері (ешкі, лақтар, қасқыр, қарға).....
Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқап- көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен ата қоныс, алтын бесігі. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан- жағын жолбарыстай жайпаған Жонғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды. XV-XVII ғасырларда қазақ хандығы бірде өсіп- өркендеп, тұрақтылығы бекіп, берік болса, бірде бірлігі бұзылып, босаң тартқан, кейде жеке-жеке хандықтар болып ыдырап кеткен кездері болды. Көрші елдермен негізінен бейбіт қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жүргізіп отырды. Олармен кейде шағын шайқастар, шұбалаңқы соғыстар болып тұратын. Бұл жорықтар негізінен пайда табу, тонау, соның арқасында баю үшін жүргізілген тонаушылық шапқыншылықтар еді. Марқайып, мерей толтырарлық жеңістер де, көңіл күйзертерлік ащы жеңілістер де болатын. Солардың ішінде ең ауыры да, ең ұзағы да қалмақтармен соғыс еді. Орыс тарихшысы- шығыстанушы В.В. Вельяминов-Зерновтың жазуына қарағанда қазақ-ойрат қарым-қатынастары XVI ғасырдың бірінші ширегіне дейін бейбіт түрде болса керек. Осы ғасырдың 30 жылдарынан жағдай өзгеріп, күрес басталған. XVI ғасырдың аяғында, XVII ғасырдың бас кезінде, әсіресе Есімханнның ел билеуі (1598-1628) кезінде Қазақ хандығы біршама күшті еді. Ол бытыраңқы ойрат тайпаларымен салыстырғанда басым түсетін. Есімхан билік құрған жылдарда ойраттардың бір бөлігі Жәңгір сұлтанға тәуелді болды. XVII ғасырдың екінші жартысында күштердің ара салмағы өзгеріп, жоңғар тайпалары басымдық ала бастайды. 1635 жылы бытыраңқы ойрат тайпалары қосылып, бірыңғай жауынгерлік - әскери сипаттағы Жоңғар мемлекетін құрды. Қазақтар сияқты, ойраттар да көшпелі, мал шаруашылығымен айналысты. ....
Бүтін ек біздер, бір едік – Шаршысын көрген шалдардың. Жүрекке әсем жыр егіп, «Отан!» деп ойлы қалды әр күн Жат өлке солай төрі боп, Таққанбыз тағдыр жолға сын. Бәрібір өстік Бөрі боп, Бабамыз Көкжал болған соң... Сабыр Адай. Иә, бізге белгілі киелі ұғымдар көп-ақ .Солардың қатарына қастерлі байлығымыз-Отанымызды , еліміз бен тарихымызды жатқызамыз. Қасиеттілердің қасиеттісі- осы сөздерді мадақтай айтсақ, алдымен,тауының басын-жайлау, етегін-қыстау, ойын-егістік алған, өсіп-өнген, қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп-қонған, адамзат баласының тарих көшіне ілескен халқымыздың тоқсан толғаулы тағдыры көз алдымызға келеді . Бүгінгідей ұлттық патриотизм турасында толғаулы ойларымды ортаға салар сәтте, алдымен,өзекті ойымды өткен тарихқа құрмет және бабалар рухына тағзым етуден бастаймын.......
Бассүйек, сrапішп, бір-бірімен өзара шемір-шектік, сүйектік ткандармен және жіктер арқылы берік байланысқан сүйектік құрамалардан тұрады. Негізгі қызметі: мидың қорабын, беттің әлпетін құрап қана қоймай, асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігін, көздің шарасын, мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайтын өте күрделі мүше. Бассүйек топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай екі топ сүйектерден: ми сауыты және бет сүйектерден тұрады. 1. Ми сауытының сүйектері — саvіtas сrапі, деп аталу себебі, мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұл топ сүйектерге: маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады. 2. Бет сүйектері — оssа fасel, беттің негізін, түр-әлпетін құрайтындықтан бет сүйектері деп аталынады. Бет сүйектер тобына: жоғарғы, төменгі жақ сүйектері, таңдай кеңсірік, мұрын, көзжас, төменгі кеуілжір және меншікті бет сүйектері жатады. Шүйде сүйегі Шүйде сүйегі — оs оссіріtаlе, ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстаукелген жақ сүйек. Шүйде сүйегінің төменгі, артқы жағында ми сауытын омыртқа өзекшесі мен жалғастырушы шүйделік үлкен тесік fоrатеп таgпит, бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгегі, sulcuz sinus sітgоіdіеиs, орналасқан. Төбе сүйек Төбе сүйек, оs рагіеtаlе, ол бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын қүраушы жұп қабыршақтық сүйек. Бұл сүйектің сыртқы пішіні жалпақ, төрт бұрышты келгендіктен: екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің псшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады. І.Алдыңғы немесе мандайлық қыры, таrgоfrontalis ,тісшеленіп, тәждікжік, Sutura coronalis арқылы маңдай сүйекпен жалғасқан. 2.Артқы шүйделік қыры, таrgо occipitalis, да тісшеленіп, ламбда атты жік арқылы, Sutura lamboieda, шүйде сүйегі мен шектелген. 3. Сагитальды қыры, margo sagitalis ол сагитальды жік арқылы, sutura sagitalis, екі жақ-тық бөлігі бір-бірі мен өзара шектелген. 4.Төртінші самайлық немесе қабыршақтық қыры, margo sguamaso, басқа қырларына қарағанда тегістеу келіп, қабыршақтық жік арқылы самай сүйктің қабыршақтық бөлігі мен байла-нысқан. ....
Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухтың жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз бейбітшілікте өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қаншама тер төгілді десеңші! Қайран, ата-бабаларымыз-ай, олардың көрген қасіреттері жер мен көктің арасындағы қара түтіндей лас, әрі қасіретке толы өмір еді. Бірақ, өмірге деген құлшыныс, ертеңге деген жарқын болашақ олардың үмітін тұтатқан көрінеді. Міне, еліміз тәуелсіз. Күлімдеген күн, көгілдір аспан да таза. Бүгінгі күні еліміздің бетке ұстар рәміздері де бар. Рәміздеріміздің шығу себебі тәуелсіздіктің қасиетті нышаны болып табылады. Тәуелсіздіктің - туы, егеменнің - елтаңбасы, әлем деңгейіндегі – гимніміз шырқалып тұр.......
Білімділік: Балалардың тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін арттыру. Ертегімен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді ажырату, баланың шығармашылық қабілетін арттыру. Дамытушылық: Балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорларын, көру, есту, есте сақтау және өз ойларын айта білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, қонақжайлылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды, мадақтау. Билингвалды компанент: Ешкі - коза - goot, лақтар - козлята - kids, қасқыр - волк. Технологиялар: «И. Н. Мурашковска, Н. П. Валюс», «Триз». Көрнекіліктері: Ертегі кейіпкерлерінің суреттері (ешкі, лақтар, қасқыр, қарға .....
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі Мақсаты: Мазмұнын таныстыру, мәнерлеп оқып беру, сұрақ- жауап арқылы хайуанаттар мінезі, дауыс ырғағы өздеріне тән қасиеттері туралы әңгімелесу. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, тілдік қорын дамыту. Балаларға кейіпкерлердің рөлін ойнауды үйрету, сөздерін жаттау. Технология: «Тәй-тәй» технологиясы Қажетті құралдар:Үйдің макеті, лақтар мен қасқырдың бейнелері, бояғыш заттар, құрылыс ойыншығы, магнит тақтасы, бояу, ақ қағаз, қылқаламдар, суқұйғыштар, гуашь құйылған табақшалар, салфеткалар. Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: – Балалар, қанеки, саусақ ойынын жүргізейік! Саусақтарды ашып, жұмайық, Ертегілерді атап, шығайық! «Бауырсақ», «Үйшікей», «Шалқан», Шаруа-ата өсіріп алған. «Қасқыр мен жеті лақтар» – Ең сүйікті қонақтар! .....
Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек. Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.
2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат....
Бүгінде қала көшелеріндегі қате жарнамалардан көз сүрінеді. Мағынасыз аудармалар, әріптік қателер мен оңды-солды қойылған тыныс белгілері. Тіл мамандары көрнекі ақпараттардың сауатсыздығын айтып, дабыл қаққанымен, жарнамадағы қателер азаяр емес. Алматы қаласының тұрғыны ретінде ономастика туралы заңның талаптарына сай келмейтін, орфографиялық қателіктер жіберген түрлі жарнама билбордтарын күніне бірнешеуін көремін. Басым көпшілігінде жарнаманың қазақ тіліндегі нұсқасында қателіктер жиі кетіп жатады. Ономастика бойынша жаңа заңға жүгінсек, жарнамадағы....