Қасиетті күндерде ораза ұстау

Сұрақ: Қасиетті күндердің қай күнінде ораза ұстаған дұрыс болады?
Жауап: Қасиетті күндер – қасиетті түндерден кейін келетін күндер. Мысалы жұма түні – бейсенбіден жұмаға қараған түн.
 
БӘРАТ ТҮНІ:
Шабан айының 15-ші түні. Дәл солай, бұл түннен кейін келетін күн, яғни 15 Шабан болады. Ораза ұстамақшы болған адам осы күні ұстауы керек. Егер бұл күн жұма....

Кеңестер
Толық

Оразаның және Рамазан айының құндылығы

Сұрақ: Рамазан айының құндылығы қандай?
Жауап: Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды.
Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың.....

Кеңестер
Толық