Экономика | Мемлекеттік қаржы және жалпы сипаттамасы

КІРІСПЕ
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы балып табылады. Қаржы саясаты – бұл қоғамның элеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Материалистік диалектика жүйесінде түрлі басқа саясат сияқты қаржы саясаты қондырмаға жатады, ал қаржы саясатында білінетін және өндірістік қатынастардың, белгілі бір экономикалық формацияның бір бөлігі ретінде көрінетін қаржы қатынастары базистік болып табылады. Қаржы саясатын жасау процесінде елдің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Сондықтан тап қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік сфераға ықпал жасаудың белсенді тетігі болып табылады.
Демек, қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедура

Кіріспе
Экономикалық теория тұрғысынан, ел эконмикасынан, ел экономикасының дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттің жүйе құрылымы, оны қалыптастырып пайдалану, өте күрделі механизмдер арқылы жасалады. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Сонымен қатар бюджеттің құрылымы, жалпы елдің мемлекеттік құрылымымен тікелей байланысты болып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет, бүкіл ел дамуының қаржы негізі пайда болады. Бюджеттің екі түрі бар:
1.республикалық (мемлекеттік) бюджет;
2.жергілікті бюджет.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі дегейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеративтік мемлекеттерде, штаттардан (АҚШ), жерлердің өз бюджеттері болады. Оған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде

Кіріспе
Менің курс жұмысымның тақырыбы - "ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттейтін орган ретінде".
Бұл курс жұмысымда негізінен Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеудегі рөлі қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытшы бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) етене байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мемлекеттік қызмет | ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері

ргі кезде Қазақстан Республикасы егемендігін алып, басқа да тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылып, терезесін теңестіру, жаңадан аяғына тік тұрып қадам басу, нарықтық экономикаға өту барысында біршама қиыншылықтардан өтуге тура келіп отыр. Бұл қиыншылықтар түрлі салалардан әрі түрлі деңгейде көрініс табуда.
Жалпы экономика саласы, мәдениет саласы, қорғаныс, спорт, денсаулық салалары болсын қазіргі заман талаптарына сай болу үшін біздің зайырлы мемлекетімізден көптеген өзгерістер мен толықтыруларды талап етуде. Мұндай өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетсек оларға осы салаларды әрдайым тәртіпті де тұрақты дамыту үшін жетілген заңнаманың болуын, басқарушы мемлекеттік органдардың және сонда қызмет етуші мемлекеттік қызметкерлердің, яғни біліктілігі жоғары, халықаралық стандарттарға жауап беретін, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандардың болуын, т. с. с. жатқызуға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржының функциялары

КІРІСПЕ
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financiе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржының мәні

Кіріспе
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктердің дамуымен тығыз байланысты болады. Осы қаржы терминін енгізген адамын табу өте қиын , айту қиын. Бұл терминнің авторлығы 1577 жылы « республика туралы алты кітап » деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржының мәні , оның даму заңдылықтары , тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржының мәнi, функциялары және ролi

Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар - ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржыны басқаруды ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Баскару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржыны басқаруды және қаржы менеджменті

КІРІСПЕ
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы зандардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады. ....
Курстық жұмыстар
Толық