Наполеон Бонапарт – жарты әлемді жаулаған тарихи тұлға. Оны саяси қайраткер деп қана емес, ұлы қолбасшы, соғыс өнерінің білікті маманы ретінде де тани білуге тиіспіз. Оған Наполеонның «Соғыс өнері» атты еңбегі түйткі бола алады. Сіздерге ұлы француз қолбасшысының сол аталған еңбегінен алынған қанатты сөздерді ұсынамыз......
Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі сыйламайды ғой.
Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы-тіреу, одан артық адам жоқ болды.