Әр күннiң өз таңы бар, Әр жанның өз қамы бар

Тіршілікте адамдар бір-біріне жүк артып, міндет қылып жүреді. Жалпы ол дұрыс емес. Әр адам «мен бір-ақ рет айтқанда істей қоймады, келісе қоймады»,– деп ренжіп жатады. Сіз бір рет айтсаңыз, басқа қаншама адамдар да бір рет айтқан болады. Сол себепті де сол адамның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Егер сіз сол жақсылықты, сол істі қиналмай жасайтын болсаңыз, сонда өкпелеңіз. Олай ете алмаған жағдайда, ренжімеңіз. Әр адамда өз тіршілігі, өз қамы бар.

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Наполеон торты


Үлкен табаққа сүтті құйыңыз, жұмыртқа, тұз, шекерді салып араластырыңыз да ұнның жартысын салып қасықпен қою болғанша араластырыңыз содан соң соданы салыңыз

Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Қорқамын)

Курстан оқып күйбеңдеп,
Мұғалім болдым мығымдап.
Төрт амалдан түртектеп,
Тіл құралдан тығындап.
Құйқалақ бала, шым мектеп,
Оқытып бердім қимылдап.
Отын - су жоқ дірдектеп,
Жел жабықтан ыңылдап.
Құм төсеніп, шаңға аунап,
Өкпе болды балаларым,
Көкірегі сырылдап......
Өлеңдер
Толық

Кәусарым

Мен сені сақтап қалам,
Қиындықтан әрдайым қорғап барам.
Жетелеймін өмірдің ағысымен,
Дауылдарға қарсы тұрып ақтап алам.!
Сен маған өмірге, күн силаған.
Сен маған қайғы, мұңды қимаған.!
Жанарыңды жанарыммен....
Өлеңдер
Толық

Ұлттық ойын: Қалтырауық қамыр кемпір және Ақ боран

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.

Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.

Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.

Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.

Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.

Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.

Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Қамыр илеу сырлары

Қамыр илей алу — аспаздық қасиеттің асқақтығының белгісі. Қамыр илеп үйрену үшін тәжірибе мен уақыт қажет, оған қоса осы өнердегі құпияларды біліп жүрген жөн.

Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры — ұнды елеп салу. Електен өткізу арасында ұнтағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен араластырып, қамыр жақсы көтеріледі. Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз.

Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка, жарты литр қамырға бір ас қасық) қосыңыз. Наныңыз ұзақ сақталып, қатпайды. ......
Кеңестер
Толық

ҚАМЫР ИЛЕУ ҚҰПИЯСЫ

Қамыр илей алу — аспаздық қасиеттің асқақтығының белгісі. Қамыр илеп үйрену үшін тәжірибе мен уақыт қажет, оған қоса осы өнердегі құпияларды біліп жүрген жөн.

Бәліштердің тәтті болып пісуінің сыры — ұнды елеп салу. Електен өткізу арасында ұнтағы артық құрамдас бөліктерден арылып, оны ауамен араластырып, қамыр жақсы көтеріледі.

Пісірген нан келесі күні қатып қалмау үшін қамырға картоп крахмалын қосыңыз.

Нан, бәліш, құймақ қамырына ұнтақ жармасын (манка) (жарты литр қамырға бір ас қасық) қосыңыз. Наныңыз ұзақ сақталып, қатпайды ......
Кеңестер
Толық