Көзілдіріктің сапасын қалай анықтауға болады

Жаз шыға күннен қорғайтын көзілдіріктер сатып ала бастаймыз. Өзімізге жарасатынын, сәнді көрінетінін таңдаймыз. Осыларды басты назарға алып, оның сапасын, көзге әсерін ұмытып кетіп жатамыз.

Көзілдірік сіздің сұлулығыңызды айқындап қана қоймай, көзіңізді күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелерден де қорғайды. Сондықтан да оның сапасына баса мән берген жөн.

Көзәйнек таңдағанда оның неден жасалғанына мән беріңіз. Себебі әдемілік пен стильден бұрын, денсаулық қымбат. Көлемі өте кішкентай көзәйнектер сәнді көрінгенімен, көзге зиян. Себебі оның күннен қорғау мүмкіндігі өте төмен.

Көзді күннен қорғайтын көзілдірітер шыныдан емес, пластиктен жасалып, арнайы линзалар мен қаптауыштардан қапталғаны дұрыс. Себебі мұндай көзілдіріктер ыңғайлы, әрі жеңіл болады. Ал олардың сапасын сіз тек тағып көріп қана біле аласыз. ......
Кеңестер
Толық

Бойға баланың бітуі қалай жүреді

Бойға баланың бітуі әйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нәтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен әйел қынабына миллиондаған аталық ұрық (сперматозоид) түседі. Олардың барлық бөлігі әйел жатырына енбейді. Жатырға енген сперматозоидтар жатыртүтігіне қарай көтеріледі. Жатыр түтігінің кең тұсында (ампулада) ұрықтануға қатысады. Нәтижесінде тек бір немесе екі (екі ұрықты егіздерболатын болса) аталық ұрық қана аналық клетканы ұрықтандырады.Бірақ бұл әрбір жыныстық қатынастан жүкті болып қаласыз деген сөз емес. Бұл көбінесе белгілі бір күндерге байланысты. Бұның не үшін осылай болатынын жақсы түсіну үшін алдымен әйелдер физиологиясының кейбір ерекшеліктерін еске түсірген жөн.Ұрықтанған күйінде аналық клеткалар аналық жыныс безінде бастапқы кезінен сақталып қалады. Олардың мөлшері өте көп – шамамен 300 мыңға жуық. Бала туатын жастағы әйелдерде әр ай сайын бір аналық клетка (кейде екі не одан дакөп) ұйқысынан оянғандай түрленіп тұрады, одансоң «қоймасын» тастап, жаңа адамға өмір беру үшін аталық ұрықпен кездесуге дайындалады.......
Кеңестер
Толық

ЕР АДАМ ӘЙЕЛІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАУЫ КЕРЕК

Жалпы, ислам әйелді өз апа-қарындасындай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Алла Тағаланың Елшісі Мұхаммед ﷺ былай деген: «Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарындай мәміледе болуы керек.

Жұбайлардың бақытты отбасын құрып, сүйіспеншілікте өмір сүрулері үшін әйел адамдармен қатар, ер адамдар да отбасындағы міндеттерін дұрыс атқара білулері аса маңызды. Отбасын асырап, керек-жарағын қамтамасыз етумен бірге ер адам мына нәрселерді жасауы тиіс:

Алла Тағала ерлерге әйелдеріне дұрыс қарап, сыйластықта болуды бұйырды: «Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар»
(«Нисә» сүресі, 19-аят).
Жұмыстан шаршап келсеңіз де әйеліңіз бен балаларыңызға аз ғана уақытыңызды бөліңіз.......
Кеңестер
Толық

Қасты қалай өсіруге болады

Қас талшықтарын нығайтып өсіруге арналған май қосындылары:

кастор, зәйтүн, камфор майларын араластырып, қасқа жағып, 15 минут бойы күтіңіз. Кейін құрғақ мақтамен майды сүртіп алыңыз.

Қастың өсуі үшін:

вазелин майы, балауыз және кастор майының 5 тамшысын араластырып қасқа жағу керек. Осы майды аптасына 2 рет жағыңыз.Шабдалы дәнінен алынған май қасты қатайтып өсіре алады. Ол үшін майды жылытып, 15 минутқа жағып қойған дұрыс.

Осылай үнемі күтім жасасаңыз қасыңыздың қалыңдап, әдемілене бастағанына көз жеткізесіз.......
Кеңестер
Толық

Ана

Күтемін туған күнін асыға
Қалаймын толғанын
Жаңа жасына
Қалаймын кəртеймегеніңізді,
ауырмағаныңызды.....
Өлеңдер
Толық

Тарих | Қалам

Қазіргі кезде қаламсаптың түрі өте көп. Олар әр түрлі формада жасалынып жүр. Мәселен жуандатылып жасалған әр түрлі формаға келтіріліп, жіңішкесі де бар, қолға ұстағанға ыңғайлысы да сол. Жуандатылып жасалған қаламсаптар жазуды бұзатыны қақ. Сырты әдемі болған соң балалар қызығып ұстағысы келеді, бірақ, ол баланың қолын талдырып жіберуі абзал, жазуы да бұзылып кетеді. Қаламсапты таңдар кезде оның тек әдемілігіне ғана қарамай қолға ұстағанға ыңғайлысын, сиясының түсіне, қою немесе сұйықтығына да қарап алу керек. Шарикті қаламсаптар оның жуандау немесе жіңішке жазатынына қарай ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Қаламдардың қалай, қашан пайда болғанын және тұрмыстағы қажеттілігін білу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қаламның шығу тарихын зерттеу
2. Қалам түрлерін анықтау
3. Қаламды қолға дұрыс ұстаудың маңыздылығын білу
4. Қаламдардың адамға пайдасы мен зиянын ажыратып анықтау......
Ғылыми жобалар
Толық

Физика | Ақтөбе қаласы тұрғындарына жағымсыз әсер ететін жасанды физикалық факторлар

Қазіргі таңда қоғам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас көптеген экологиялық қиындықтарды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойына адам баласы табиғаттағы биологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігіне мән бермей, өзінің техникалық мүмкіншіліктерін күшейтіп келеді.
Әсіресе қоршаған ортаға деген күш 20 ғасырдың екінші жартысында асып түсті. Халық санының күрт өсуінен, ірі өндіріс орындарының қарқынды дамуынан биосфераның табиғи айналымы бұзылды. Нәтижесінде, адам баласының денсаулығына қауіп төнді. Мұндай қауіп тек біздің елімізге ғана емес, барлық жер бетіне төніп тұр.
Қоршаған ортаның ластануының бірнеше түрлері белгіленген, соның ішінде физикалық ластану, яғни жылумен, шумен, электромагнитті, радиоактивті ластану қазіргі таңда кең өріс алған және ғаламдық сипатқа ие болған ластану болып табылады......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Маңғыстаудың ежелгі қалалары

Маңғыстау - республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы, мұнайдың өлкесі, көл - көсір тарихы мол өлке. Оның дархан өлкесі Австрия, Швейцария, Нидерланды және Люксембург тектес бірнеше мемлекет түгелімен сиып кетер 8 миллион гектар жерді алып жатқан кең аймақ. Қойнауы - кенге, қыры – мыңғырған малға толы, халқымыздың рухани байлығын әйгілейтін архитектуралық тарихи және мәдени, әдеби мұралар мол сабақталған осы аймақ туралы ертелі - кешті көптеген еңбектер жарық көрген.
Маңғыстау – ерте дәуірден тоғыз жолдың торабы. X - XII ғасырларда Еуропаның көптеген сауда порттары мен қалаларын қамтыған Индия – Орта Азия – Еуропа сауда жолының бірі осы түбек арқылы өткен. Бірқатар еңбектерде Маңғыстау – көне кезден Еуропа – Орта Азия, Орта Азия – Кавказ қақпасы көптеген елдерді байланыстырған, осындай маңызды жолдың бойында болуы Маңғыстаудың мәдени экономикалық саяси өміріне елеулі әсер еткен оның дәуіріне сай үлкен цивилизация орталықтарының дәрежесіне жетуіне әкелген. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Сот жүйесі | Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты

Кіріспе
Сот алқалары облыстық соттар үшін аппеляциялық саты болып табылады.Олар облыстық соттағы сот алқаларының заңды күшіне енбеген үкімдерге және шешімдерге шағым мен наразылық бойынша істерді қарауға құқылы. ҚР ҚІЖК-нің 292-бабының 3,4 –тармақтарына сәйкес : «ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы облыстық және оларға теңестірілген соттардың істері бірінші саты бойынша қарау кезінде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне,қаулыларына аппеляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді аппеляциялық тәртіппен қарайды.
Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінде болып жатқан маңызды реформалар мен құқық қорғау органдары құрылымына да бірқатар өзгеріс әкелгені аян. Ендеше, мемлекеттік биліктің бір тармағы-сот билігін жүзеге асыру саласында да елеулі мәні бар жаңалықтардың енгізілуін орынды құбылыс деп бағалауға болады.
Сот төрелігін жүзеге асырушы сот органдарының басты міндеті қылмыстық істі шешу, қылмыстық заңды дұрыс қолдану және әділеттілік пен заңдылықтың орындалуын қамтамасыз ету.Бұл мідеттерге қол жеткізу ,қоғам өмірінде азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін со арқылы қорғау қағидасының орындалағаны деп айтуға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Ертіс өзені - Өскемен қаласы тұсындағы гидрологиялық сипаттамаларды есептеу

КІРІСПЕ
Берілген бітіру жұмысында қарастырылып отпырған Ертіс өзені-Өскемен қаласы бекетінің жалпы физико-географиялық сипатын, климаттық факторларын, гидрологиялық зерттелгендігін және су режимінің жалпы жүру кезеңдері айқындалған.
Жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттеу жұмыстары кезіндегі мәліметтер бойынша есептік тұстамадағы өзен ағындысының барлық сипаттамаларын анықтау болып табылады.
Қарастырылып отырған жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің орташа, ең жоғарғы және ең төменгі су өтімімен қамтамасыздық қисығы, ең жоғарғы су өтімімен күнделікті су өтімі алынып гидрограф тұрғызылды.
1 ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКО ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жер бедері
Жоғарғы Ертіс пен Жоғарғы Обь алаптары Қазақ қатпарлы елі мен Алтай-Саян таулы жүйесінің жапсарында орналасып, бүкіл Кеңестік Алтайды қамтиды. Жер бедерінің формасы әртүрлі және күрделі орографиялық құрылысы бар таулы аумақ. Бұл территорияны орфографиялық жағынан қарасақ, абсолюттік биіктігі 200 м-ден 4500 м-ге дейін жететін қатпарлы-үйінді таулы облыс. ....
Курстық жұмыстар
Толық