Шаруашылық | Шошқаларды бордақылау

Шошқа шаруашылығының маңызы
Халықты етпен қамтамасыз ету мәселесін шешу барысында мал шаруашылығының тез жетілетін саласы ретінде шошқа өсіруді дамытудың маңызы зор.
Шошқа еті мен майы тағамдық құнарлылығы мен дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мәселен, 1 кг шошқа етінде 2500 ккал, ал сиыр етінде - 1500 ккал энергия бар. Шошқаның тұтас етінде орташа алғанда 52 пайыз бұлшық ет, 38 пайыз май және 10 пайыз сүйек ұлпалары бар. Ет өнеркәсібінің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтьшың және басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеулеріне қарағанда шошқа еті бағалы белоктарға, барлық аминқышқылдарына, минералдық заттар мен В тобының витаминдеріне бай. Адам ағзасын ауыстырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етудің маңызды көзі - тері май ұлпасы-қыртысмай жоғары тағамдық құнарлылығымен бағаланады.Қыстырмайдың бұндай тағамдық қасиетінің үлкен прайгикалық мәні бар, сондықтан да ол елеулі мөлшерде (20-25 пайыз) әртүрлі шұжықтарға қосылады. Шошқа еті мен қыртыс майының қорытылуы 90-98 %-ға дейін жетеді. Шошқа еті жақсы консервіленеді, оны тұздау мен қақтау бұл тағамның құнарын арттыра түседі. Шошқа етінен шұжықтардың әртүрлі сорттары, сан еттері, ветчина, рулеттер, буженина, грудинка, корейка жөне т.б. жоғары сапалы тағамдардың өте мол ассортименті дайындалады.
....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақтөбеде әкіммен кездесуге келген көпбалалы аналар шу шығарды (фото)

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың есептік кездесуіне халық көп жиналды. Әкім өткен жылы жасалған жұмыстарды қорытындылап, биылғы жоспарымен таныстырды. Есептік кездесудің сұрақ-жауап бөлігі айқай-шумен өтті десе болды. Жоқшылықтан шаршаған аналар микрофонға таласып, жеке сұрақтарын айтқанда жылап жіберді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Жаңалықтар
Толық

Олимпиадалық тапсырмалар: Биология (8, 9, 10, 11 сынып)

Әр дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады.
1. Бір аймақта орналасқан және бір түрге жататын тірі ағзалардың тобы
A) биосфера.
B) бірлестік.
C) популяция.
D) экожүйе.
E) отбасы.
2. Табиғаттағы 92 элементтің шамамен 25-і тіршілік үшін маңызды екені белгілі. Осы 25 элементтің қайсылары тірі ағзаның шамамен 96%-ын құрайды?
А) көміртегі, натрий, сутегі, азот
B) көміртегі, оттегі, фосфор, сутегі
C) оттегі, сутегі, кальций, азот
D) көміртегі, сутегі, азот....
Олимпиадалық тапсырмалар
Толық

Ұлттық ойын: Жануарлар қалай үндейді

Бірінші бала — Марат, сен тышқанның қалай дыбыстайтынын білесің бе?
Марат:— Шиық-шиық...
Бірінші бала:— Шібилер қайтеді?
Марат:— Қыт-қыт...
Бірінші бала:— Жарайды, жігіт екенсің. Ал енді иттің қалай үретінін айтып көрші.
Марат:— Үреді, ырылдайды, арсылдайды.
Бірінші бала:—Солай ма екен, сен сиыр мен қойдың қалай дыбыстайтынын айтшы?
Марат:— Сиыр — шиық-шиың..., қой — шиық-шиық етеді.
Бірінші бала:— Олай болса, сен білмейді екенсің. Жануарлардың бәрі бірдей шиқылдай бере ме екен?
Марат:— Ендеше, мына балалардан сұрайық. Жануарлардың дыбысын кім жақсы біліп, дұрыс айтатын болса, соны мал дәрігері қояйы.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Сүйіктіңіздің көзіңізге шөп салмайтынын қалай аңғаруға болады?

Ғашықтардың арасында өз жұптарына жүз пайыз сенім артатындар аз. Керісінше, олардың көбісі үнемі күдіктеніп, күмәнданып жүреді. Алайда, серігіңізді кінәлайтын нақты себептер болмаса, соған қарамастан ойыңыз сан-саққа жүгірсе, ол мәселені міндетті түрде шешу керек. Ол үшін ex-news.com сайты ұсынған кеңестерге құлақ түргеніңіз абзал деп жазады NUR.KZ.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Угги етігін қалай тазалаймын

Суық қыста қалың, жылы угги етіктері үлкен танымалдыққа ие болады. Угги етігі пайда болғаннан соң бірден сәнге кіріп, трендке айналды. Жайлы, ыңғайлы, әрі аязға төзімді аяқ киімді неге кимеске?

Угги дөрекі көрінеді, көйлек пен белдемшемелермен жараспайды деп сынайды. Қалай болғанмен, қой жүнінен тігілген австралиялық етікті қазірде жұлдыздар да, қарапайым қыздар (ал кейде жігіттер) де киеді.

Аяз түскенде сүйікті етігімізге айналатын угги қыс бойына бастапқы келбетін сақтау үшін оны тазалап, күтім көрсету керек. Төзімді етік ерекше күтімді қажетсінбейді, тек бірнеше қарапайым кеңестерді біліп жүрсеңіздер болғаны. ......
Кеңестер
Толық

Мамық күртешені қалай жуамын

Мамықтан жасалған сырт киім қыс кезінде әрқайсымыздың гардеробымызда табылатын болар. Жылуды керемет сақтайтын күртешелер аң терісінен тігілген тондардан әлдеқайда арзан, есесіне сапасы сын көтерерліктей жақсы. Мұндай сырт киім ыңғайлы келеді, оған қоса қазірде мамықтан жасалған күртешелердің көптеген түрі бар. Олардың кез келген түсін тауып, кез келген стильмен жарастырып киюге болады.
Мұндай күртешелердің қыс мезгілі үшін таптырмас екендігі айтпаса да белгілі. Алайда бұл сырт киім басқа кез келген киім сынды уақыт өте кірленеді. Оны үйдегі кір жуғыш машинаға салып, жуа салуға болады деп ойлайсыз ба? Мамық күртешені дұрыс жуып, дұрыс кептірмеген жадайда, ол киюге мүлдем жарамсыз болып қалуы мүмкін. ......
Кеңестер
Толық

Жағымсыз тері иісінен қалай құтылуға болады

Жағымсыз тері иісі ешкімге абырой әкелмейді. Қазіргі кезде тері иісін залалсыздандыратын түрлі дезодоранттар мен антиспиранттардан дүкен сөрелері қайысып тұр. Соған қарамастан қоғамдық орындарда жағымсыз тері иісі мұрныңды жаратын адамдарды күнделікті кездестіресің. Кейде «өздері қалай сезінбейді, неге жуынбайды?» деген күңкілді де естіп қаласың.

Жағымсыз тері иісі неден пайда болады?

Мәселе жуынбауда емес, тері иісінің белгілі бір физиологиялық және психологиялық себептері бар.

Физиологиялық себептеріне қалқанша бездің зақымдануы, гормондардың өзгерісі, ішкі органдардың ауруға шалдығуы, иммунитеттің төмендеуі, кейбір дәрі-дәрмектің қанның құрамына әсер етуі, т.б. жатады. Сондықтан жағымсыз тері иісінен құтыла алмай жүргендер міндетті түрде эндекринолог, терапевт мамандарға қаралу қажет. ......
Кеңестер
Толық

Тіс пастасын қалай таңдаған дұрыс

Тіс пастасының бағасы қымбат болса, сапасы да мықты бола ма? Әлде дұрыс таңдау оған байланысты емес пе? Зиянды өнімді зиянсыздан қалай ажыратуға болады?

Осыдан бірнеше жыл бұрын қоғамда тіс пастасын штрих-кодтың түсіне қарап таңдаған дұрыс деген ақпарат пайда болған еді. Сосын оны базбіреулер жоққа шығарып, қатты сынға алған. Әрине, ешкім клиенттен айырылғысы келмейді. Бірақ клиенттің де шындықты білуге құқы бар екендігін ұмытпағаны абзал. Дүкенге барғанда пастаның қорабын ашып, пастаны шығарыңыз. Сөйтіп оның штрих-кодының түсіне мән беріңіз. ......
Кеңестер
Толық