30 Тамыз - Қонституция күні
Презентациялар
Ал Қырғызстанның Ыстық көл облысында оба жұқтырды деген күдікпен тағы үш адам ауруханаға жатқызылды. Оның бірі 21 жастағы Сары- Қамыш ауылының тұрғыны болса, қалған екеуі 12 және 2 жастағы сәби.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, үш тұрғыннан да аса қауіпті аурудың алғашқы белгілері анықталған.
Қауіпті індет шыққан өңірде тамыздың 30- на дейін карантин жарияланды.
Естеріңізге салайық, өткен жұмада Қырғызстанда "обаға" шалдыққан 15 жасар жасөспірім көз жұмды. Белгілі болғандай, ол суырдың етінен әзірленген кәуап жепті.