Кір тасын көтеруден 76 жастағы жерлесіміз Гиннестің рекордтар кітабына енді

Күш атасын танымас. 76 жастағы Алматы облысы Көксу ауылының тұрғыны кір тасын көтеруден Әмірбай Рысқұлов Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Қария зілтемір көтеруден өз мықтылығын Ресейдің Архангельск қаласында дәлелдеген. Спортшы жетпістің желкесіне шықса да, Гиннестің рекордтар кітабына енгізетін халықаралық комиссия мүшелерінің алдында 10 келілік кір тасын жарты сағат тоқтамай 750 рет көтерген. Өзінің айтуынша, бұдан да көп көтеруге мүмкіндігі болған.

Дегенмен, рекорд жасау үшін 750-ге жеткізу негізгі меже болып есептеледі. Ал әлемнің кіл мықтылары мықтылықтарын дәлелдеуге арналған бәсекеге жалпы 400-ден астам спортшы жиналған.

Қазақ елінен Әмірбай Рысқұловтан басқа тағы 4 зілтемірші қатысса, Алматы облысынан барған 55 жасар Жұмахан Құзабаев та рекорд орнатты.

Қазір Әмірбай Рысқұловтың қоржынында 105 медаль болса, оның 65-і алтын. Спортшы бұл жеңісін Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арнап отыр.

Жаңалықтар
Толық

Марқұм Александр Горюнов (Ерлігі үшін) медалімен марапатталды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов марқұм Александр Горюновқа берілген "Ерлігі үшін" мемлекеттік марапатын оның жесіріне тапсырды.

Фото: kolesa.kz
Фото: kolesa.kz

Қала басшысы жүргізуші жігіттің қайсарлығы арқасында тұрғындар өрттен зардап шекпегенін айтты.

Биыл 27 маусымда Александр тізгіндеп келе жатқан бензовоз Сейфуллин-Қабанбай көшелері қиылысында жарылып, 27 жастағы жігіт қаза тапты.

Отбасындағы жалғыз ұлдың соңында екі кішкентай қызы қалды. Александр Горюновты медальмен марапаттау туралы ұсынысты қала әкімі жасаған еді.

Жаңалықтар
Толық