Биссимилләдан бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилләдан бастайын,
Тездете айтып саспайын.
Иманды болғыр, әкежан!
Аузымнан қайтып тастайын.
Есік алды қос арық,
Екеуі де бос арық.
Иманды болғыр, әкежан!
Қалдық қой біз бозарып.
Дүние, шіркін, жалған-ай!
Өте шығар алдап-ай.
Әкешім, сенен айрылып,
Артыңда қалдық зарлап-ай!
Алдым биік, артым жар,
Айналатын жерім тар.
Иманды болғыр, әкежан!
Бір көруге болдым зар.....
Өлеңдер
Толық

Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимиллә деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Кешегі жүрген жәйлы әкем,
Жоқтаусыз қайтып тастайын.
Ажал шіркін жеткенде,
Айрылдық жұртым панадан.
Опасыз сұм қара жер,
Жан біткенді жалмаған.
Дүние салды жәйлі әкем,
Іштен жалын қайнаған.
Халқына арнап өмірін,
Елінің қамын ойлаған.
Баяны жоқ дүние-ай,
Пендесі жоқ өлмейтін.....
Өлеңдер
Толық

Азалы адамдарды жұбатуға айтылған көріс (Қазақ ауыз әдебиеті)

Базардан келген ақ жаулық,
Шетінен алдым қол жаулық.
Жылама күнім, сабыр ет,
Қалғанға берсін денсаулық.
Ақ көйлек кисе, бедер жоқ,
Ойласа, ойда нелер жоқ.
Жылама, күнім, сабыр қыл,
Өткендерден келер жоқ.
Жылама, күнім, жылама,
Жыламасқа бола ма?!
Жылама деген тоқтау сөз,
Жығылған терең тұра ма?!
Сұңқарың ұшты ұядан,
Жалама жартас қиядан.
Жазмыштан адам артылмас,
Жазуы болған сиядан.
Қамшының сабы бояма,
Бендесін Алла қоя ма?! ....
Өлеңдер
Толық

Сәби балалар үшін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алатаудың көркі—
Төсінен аққан бұлағы.
Ағын судың сымбаты—
Жайқалып шыққан құрағы.
Оркиіктің көркі—
Ойнақтаған лағы.
Сұңқарды сұлу көрсеткен—
Қанатының қияғы.
Тұлпар жүйрік болмағы,
Құрыштай құйма тұяғы.
Қолында перзент болмаса,
Жігіттің болмас сияғы.
Бала деген—адамның
Қойнынан жанған шырағы.
Баласы жоқ пәнденің
Саңырау болар құлағы.....
Өлеңдер
Толық

Жылқы ішінде дөнен кер (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жылқы ішінде дөнен кер,
Ақылы мол кемеңгер.
Кемеңгер атадан айрылдым,
Қалайша жылайды демеңдер.
Ағайын-туған кеп жатыр,
«Жыламаңдар» деп жатыр.
Кемеңгер атадан айрылып,
Ішімді қайғы жеп жатыр.
Алтынды ердің қасы едің,
Ағынды судың тасы едің.
Жыламайын десем де,
Бір ауылдың басы едің.
Дүние жидың етектеп,
Өсірдің жастай жетектеп.....
Өлеңдер
Толық

Өлім шыққан жерге көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қайғының бір қиялы түсті ойға,
Жайылды шымырлатып өне бойға.
Адамзаттың басына іс түспесе,
Адамға сөз келе ме бекер жайға.
Ажал тура келіпті қоймауына,
Қара жер алып кірді қойнауына.
Ата-баба асылдың бәрін жалмап,
Қара жер қанша алса да тоймауында.
Адам ата, Хауа ана—түп анамыз.
Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.
Содан бізге қалыпты мирас болып,
Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз.....
Өлеңдер
Толық

Есенәлінің Исмайылдың баласына айтқан көңілі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, Ысмайыл мырза!
Күншілік жерден көрінген,
Дарақ едің таудағы.
Барша халыққа паналы.
Бас бұтағы екі алма,
Біреуі жерге түсіпті,
Тікенсіз ажал шамалы.
Ахыретте қауышар,
Балаңның раушан жамалы.
Қызметіне кетті атаның,
О да қылған құдайға ....
Өлеңдер
Толық

Батырханның баласына айтылған көңіл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Есенқұл мен Қозыбай уақ руындағы Батырханның баласы өлгенде былай деп көңіл айтқан екен:
— Жазмыштың ісі күшті,
Ақ сұңқар ұядан ұшты.
Кетті келмес сапарға,
Қайғысы сізге түсті.
Ақ сұңқар ұшса, тұғыры қалар,
Кау өртенсе, тұқылы қалар.
Ақыры болса қайырлы,....
Өлеңдер
Толық

Жұбату (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Шудасы бүтін түйе жоқ,
Кекілі бүтін бие жоқ.
Жанып бітпес көмір жоқ,
Жабырқамас көңіл жоқ.
Батпайтын күн жоқ,
Атпайтын таң жоқ.
Отырсаң ойлап, әлемде
Өлмейтін жан жоқ.....
Өлеңдер
Толық

Айтамын да қайтамын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айтамын да қайтамын,
Тыңдағанға бір пара.
Ел шетіне сөз келді,
Қолымды ақша бір құсқа сермедім.
Сермесем де білмедім.
Білдіруші бар ма екен?!
Алып арыстан құласа,
Жан беруші бар ма екен?!
Аққан дария құрыса,
Су беруші бар ма екен?!
Хан, сұлтандар құласа,
Жан беруші бар ма екен?!....
Өлеңдер
Толық