Ұлттық ойын: Шүлдік

Тақыр алаңда ойналатын жас өспірімдер ойынының бірі — «Шүлдік» ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген ұзындығы бір қарыс шүлдік (ағаш) керек. «Шүлдікті» ойнау үшін үлкен шеңбер сызылады, ортасына шүлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шүлдік шұңқырдың ішіне емес, үстінде жатуы керек. Әр ойыншының қолында ұзындығы бір метрдей таяғы болуы керек. Ойынға қатынасушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылардың санына қарай екі топқа бөлінеді.

Бірінші болып кезек алған топтың ойыншысы «шүлдікті» қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да, таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші болып кезек алған ойыншы шүлдікті түскен жерінен алып, қайтадан соққан ойыншының таяғын көздеп, шеңберге қарай лақтырады. Лақтырған кезде таяққа тигізсе......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Шалма тастау

Шалма тастау — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар жиналып келіп, алаңды жерді таңдап алады. Сол жерден көн белгіленеді, он метр жерге қазық қағылады немесе бұтағын жоғары қаратып, қу томар тасталады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа немесе томарға еркін жететіндей арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа немесе томардың бұтағына шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алады да қазыққа не томарлы бұтаңқа лаңтырады.

Ойынға қатынасушылардың санына қарай кезек төрт-бес қайталанады. Шалманы нысанаға кім көп түсірсе, сол жеңеді. Жеңіске жеткен ойыншының құрметіне өлең айтылып, ән шырқалады. Ойын жалғаса береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Хан талапай

Хан талапай - қазақтың ұлттық ойындарының бірі.

Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекшені хан деп тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтын жоғарғы бөлігімен жасалынады. Хан кімде болады, сол жеңімпаз аталады. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Хан ату

Хан ату- Қазақтың ұлттық ойындарының бірі.

Ойынға көп асықтары бар 2 немесе 4 ұл бала қатыса алады. Үстел алдында отырып, бүкіл асықтарын шығарады (мысалы, 3 адам 10 асықтан). “Хан” түрінде белгі бір асықты тандайды және бір немесе бірнеше асықтарды ортаға қояды, сосың оларды қолға алып, кезекпен едеңге лақтырады. Егер осы уақытта “хан” алшы қалпында болса, онда осы қалпында тұрған асықпен оны соғу керек. Дәл осылай “хан”, бүк немесе ішік қалпында болса. Соққан асықты қалтасына салып, қатысушы ойынды жалғастырады. Егер ойнаушы”ханға” көздегенде басқа асыққа тигізсе немесе мүлдем тигізбесе, онда ол ойыннан шығады. Асықтарды келесі жинайды және лақтырады. Ойын асықтары біткенше дейін жалғаса береді.

Бір ережені ескертуі жөн: асықты лақтырғанда, “хан” асықтардын астында қалуы мүмкін және асықтардан тазаланбайды. Сонда лақтырған: “хан талапай” деп бақырады. Ойнаушылардың бәрі, асықтарға жауылып көбірек алуға таласады......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Түйе жарыс

Түйе жарыс
Түйе жарыс — халықтың ертеден келе жатқан спорт ойындарының бір түрі. Жарысқа қосылатын түйелері іріктеліп алынып, күн ілгері жаратылып, бапталады. Түйе жарысы да ат жарысына ұқсас ерекше бір спорт түрі. Түйе жарыс ат жарысына қарағанда неғұрлым қысқа қашықтықта өткізіледі. Дегенмен бабына келіп, әбден жараған түйелер кейбір, анау-мынау аттарға жеткізбейтін болған. Ондай түйелерді ертеде «желмая» деп те атаған. Түйе жарысқа негізінен жігіттер қатынасады. Жарысатын жердің қашықтығын жарысты ұйымдастырушылар, төрешілер белгілейді. Жарыс болатын жерге күн ілгері белгі қойылады, сол жерге дейін бір төреші ере барады. Жарыс төрешінің берген белгісі бойынша басталады. Озып келген түйешіге күн ілгері белгіленген сыйлық беріледі .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Түйілген орамал

«Түйілген орамал» — ұлттық ойын.

Ойынға жас өспірімдер қатынасады. Ойын жүргізу үшін ақ орамал керек. Орамалды ортасынан түйеді.

Ойынға қатынасушылар алаңға жиналады да шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы тағайындалады. Басқарушы ортаға шығады да, қолындағы орамалды кез келген бір ойыншыға тастайды, сонан соң оны өзі қуады. Орамалды алған ойыншы дереу оны басқарушының қолына тигізбей басқа ойыншыға беріп үлгеруі керек. Сөйтіп, ойыншылар орамалды біріне-бірі өткізе береді. Орамалдан айырылып, қалған ойыншы басқарушының орнына шығады. Немесе орамалды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біреуді тағайындап, өзі ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, тапқыр ойыншы атап өтіледі.

Қолына орамал тиген ойыншы оны тек басқа ойыншыға жоғарыдан ғана лаңтырып бере алады. Шеңберден шығуға болмайды. Ойын жылдамдықты, амал-айланы қажет етеді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Тоқым қағар

Тоқым қағар —- ойын-сауық, салт ойыны, көбінесе жас баланың алғаш рет үйден жырақ, алыс сапар шеккен кезінде немесе қызы ұзатылған үйге жиылып «Тоқым қағар» ойынын бастаған. Әдетте ауыл адамдары ән, күй, айтыс секілді өнер түрлерін айта отырып, көбінесе, үй иесіне жолаушының оң сапарда болуын, қыздың бақытқа жетуін тілейтін жақсы тілектер айтысқан.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Тоспа доп

Тоспа доп — ұлттық ойын.

Ойынды бір топ жас өспірім жиылып, не ашық кең далада, не мектеп ауласында ойнайды. Ойынға бір метрдей таяқ, бір кішкене доп керек.

Ойын бастаушы таяқты таңдаған бір жігітқан жақын жерден лақтырып береді, ол жерге түсірме: Оны қағып алып, таяқтың бір басын жоғары көтеріп ұстап тұрады. Қалған ойнаушылар ұстап тұрған қолдың үстінен таяқты тұтамдап ұстай береді. Бұл жеребе деп аталады. Кімнің қолы таяқтың ең ұшыны дәл келсе, сол доп ұрушы, ал оған таяу қолдың не доп беруші болады. Қалған ойнаушылар доп ұрылатын өріске барып бытырап тұрады. Бұларды «талаптылар» деп атайды.

Доп ұрушы мен доп беруші аралары 2—2,5 метрдей қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Доп беруші 1, 2, 3 деп санайды да, допты тез лақтырып ұрушыға береді. Доп ұрушы оны аспандата, сонымен қатар ұзата қатты ұрады. Осы ретпен үшке дейін допты дәлдеп ұра алмаса, онда ұрушы мен беруші орын ауыстырады. Егер екінші ойыншы да дәл ұра алмаса, онда бұл екеуі «талаптылар» тобына кетіп олардың орындарына жаңадан екі бала келеді.

Осы тәртіппен зымырап ұшқан допты ұстауға «талаптылар» түгел әзір тұрады. Әр кім өз тұсына келген допқа таласа жүгіреді де, бұрын ұстаған допты алып, доп берушіге лақтырады. Доп беруші оны жерге түсірмей қағып алады да ұрушыға тағы лақтарып береді. Бұл жерде доп беруші қағып ала алмай қалса, онда әлгі «талапкер» оның орнына шығады да, бұрынғы доп беруші «талаптылар» тобына барып қосылады. Ойын осылай созыла береді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Теңге ілу

«Теңге ілу» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.

Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Таяқ ойнау

«Таяқ ойнау» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды жастар қыста ойнайды. Ойын алаңды жерде өтеді. Ойынға ұзындығы 1,5—2 метр үшкір таяқ қажет. Ойынға қатынасушылар қардан қалыңдығы 0,5 метр қабырға қалайды.

Ойынға қатынасушылар орталарынан біреуін басқарушы етіп белгілейді. Ол бақылаушы, төреші рөлін де қоса атқарады.

Ойын басталғанда әр ойыншы, қолындағы таяқты белгіленген жерден қардан қаланған қабырғаға қарай бар пәрменімен лақтырады. Таяқ қабырғаға бойлай кіреді. Егер таяқ қатты ұрылатын болса, таяқтың ұшы қабырғаның екінші жағынан шығады. Кімнің ұрған таяғы қабырғаның екінші жағынан көбірек шығып тұрса, сол жеңген болып табылады.

Жеңілгендер алдын ала белгіленгендей ұпайларын орындайды — өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтады. Ойын қол күшін дамытып, денені шынықтырады. Таза ауада дем алып, денсаулықты шыңдай түсуге мүмкіншілік береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық