Қазақ әдебиетінің арғы тарихы

Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», «Шу» батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ Әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи....
Шығармалар
Толық

Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті

Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15—16 ғ-ларда қазақ жыраулары ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк, стильдiк жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, философиялық ой-пiкiрлердi қоғамдық дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қараңыз: Жыраулық поэзия.
18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ....
Шығармалар
Толық

Қазақ әдебиетіндегі Алтын Орда дәуірі

Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi.
Алтын Орда дәуiрi.....
Шығармалар
Толық

Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті

XIX ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске.....
Шығармалар
Толық

Қазақ әдебиеті | Шешендік сөздер (9 сынып)

Ашық сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер
Ашық сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру;
ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;
б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;
Ашық сабақтың түрі: Қалыптан тыс-саяхат сабақ
Ашық сабақтар
Толық