Шақшақұлы Жәнібек (? – 1751) – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Мұның сыртында ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауаты мол молда кісі болған. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан. Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жәнібек», «Шақшақұлы Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оынң әкесінің де, руының да аты емес, үшінші атасының аты. Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады. Атасы шақшақ Аманжолұлы – қазақ ханы Еңсегей бойлы Ер Есімнің қолбасшыларының бірі болған. Есім Ташкентті шауып, Тұрсын ханды өлтіргенде Шақшақ соғыс олжасы ретінде еншісіне тиген Тұрсын ханның қызы Нұрбикені алып келіп, баласы Көшейге қосқан. Шақшақ жауға шапқанда арғынның ортақ ұраны «Ақжолды» айтпай, өз атасының атын атап: «Аманжолдап» шабады екен. Содан Аманжол Кіші жүз жақтағы арғындардың ұранына айналған. Жәнібек те жауға осы ұранмен шапқан. Ол – ұзақ ғұмыр жасап, қазақтың Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымен, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билерімен, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай секілді батырларымен бір боылп, еліне елеулі қызмет еткен тарихта орны бөлек ерен тұлға. Абылай хан қашан ерлігімен танылғанша, үлкен қолбасшы Жәнібектің қарауында, қатардағы сарбаздардың бірі болған.....
Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп: – Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті. – Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік. Қасқыр: – Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап: – Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті. – Сенің екі көзің шоқтай қызарып....
«Бірде Алиге құлдықтан біржола құтылу үшін қожайынына белгілі мөлшерде төлемақы төлейтін болып келісім-шартқа отырған бір құл келіп: «Келісім-шарттағы қарызымды өтей алмай жатырмын. Маған.....
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.
Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.
Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы......