Мұғалім сыныптағы зерек, бірақ сонымен қатар ішітар оқушыдан: «Сен неге достарыңа көре алмаушылық етесің, олардың жасағандарын бұзып, төбелесесің де жүресің?» деп сұрайды. Оқушы: «Өйткені олардың менен озып кетуін қаламаймын. Мен ғана үздік, менің жасағандарым ғана ең жақсы болғанын қалаймын» дейді. Мұғалім сәл ойланды да, орнынан тұрып, тақтаға бір сызық сызады. Әлгі оқушысына қарап: «Мына сызықты қалай қысқартуға болады?» деп сұрайды. Оқушы орнынан атып тұрып: «Сызықтың жартысын өшіріп тастаймын» деп жауап береді. Мұғалім бұл жауапты қабыл етпейді. Оқушы біраз ойланып, сызықтың бір бөлігін қолымен жауып: «Міне қысқарды» деді. Бұл жауап та қате болатын. Дұрыс жауап ала алмайтындығын түсінген мұғалім тақтаға әуелгіден де ұзынырақ сызық сызып: «Енді қалай болды?» деп сұрайды. Басы салбыраған оқушы: «Енді қысқарды» деп жауап берді. «Біліктілігің мен қабілетіңді арттырып, өз сызығыңды ұзартуың, қарсыласыңның сызығын қысқартуға тырысудан әлде қайда жақсы» деп оқушысына өмірдің барлық кезеңінде кәдеге жарайтын тәрбиелік сабақ берді......
Күзге қарай Маңқыстау табиғаты күрт өзгерді. Күн әдеттен тыс суыта түсті. Далалықтан соққан суық жел кейде бет қаратпайтын болды. Түрікмения, Азербайжан сияқты жылы жақтан келгендер бұл түбектің қатал табиғатына көпке дейін көндіге алмай жүрді. Суыққа шыдау қиын болды. Бізге бәрінен қиыны парафинді мұнайлық ағуы еді.
Июль айында, тамылжыған шілденің ыстығында жіберілген мұнай бастапқы қарсаңында көп сыр бере қойған жоқ. Жедел ағып жатты. Қоюланған майды насоспен кідіріссіз айдап келдік. Бірқатар ұсақ-түйек қиындықтар жүре түзеліп кеткен. Алайда, алғашқы салқын түсісімен үш-бес шақырым қашықтықтағы скважиналар өз өнімін топтық қондырғыға жеткізе алмай «қақала» бастады. Олардың бойындағы қатып жатқан парафинді мұнайлы агрегатпен айдап, жылжымалы бу қондырғылар арқылы жібітіп отыратын күйге түстік. Бірақ бұл амалымыз да ұзаққа бармады. Бір жерден жібітіп жіберсең екінші жерден қатады. Күн суыған сайын құбырлардағы мұнай түгелдей қатып, өнім беру тоқтап қалуға айналды. .....
...Біз үйге кіріп келгенде, сары самаурынды ортаға алып, төрт-бес кісі шайға бас қойып жатыр екен. Ат жақты келген, шүңірек көзді қара кемпір күпісін жамылып, ыстық шайға нанды малшып жеп отыр. Екі жас жігіт жалаң бастанып, терлеп-тепшіп шайды ұрттап жатыр. Екі келіншектің біреуі шай құйып отыр, біреуі жас балаға сүт ішкізіп отыр...
— Кеш жарық...
Бәрі де ажырайысып қарады. Жігіттер ығысып орын берді. Ала дастарханның бұрышын созып, алдыма таман тартты. Бірер минут тұнжырасып отырғаннан кейін сөзге кірісті: олар менің аты-жөнімді, қайдан келе жатқанымды, не жұмыспен шыққанымды сұрады.
— Е, солай де, Қызылордадан шықтым де...
Қара кемпір бетіме тесіле қарап отырды да:
— Шырағым, қашан шықтың?.. Сол жақта біздің бір жаман баламыз болушы еді, одан хабар білесің бе?!— деді.
— Әй, әже-ай, жоқты сұрайсың-ау, Қызылордада кімдер жоқ дейсің, бұл жігіт қайсысын біле берсін,— деп самаурынға таяу отырған бақа сары жігіт кейіңкіреді.
Кемпір жым болды. Жас әйелдер өзара күңкілдесіп, жас баланы сылтау қылып, бірдеме айтып күліседі.
— Бетіңнің кірін қара, балаң сүймеймін дейді, жүр, бетіңді жуайын,— деп біреуі баланы жетелейін деп еді, бала көнбей бұртиды.
— Тұр, қалқам, жуғыз, ұят болады, мына кісіні көрдің бе,— деді әжесі.
— Қойыңдаршы, баланың бетін жуғанды қайдан шығарғансыңдар, жуып керегі не?— деп кемпір де кірісті. .....
Бұл былай болған екен. Ертеде мынау, төмен жақта бір биік тау болыпты. Ол таудан әрі қарай ешбір құс асып өте алмапты. Нелер ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ, шамалары келмепті.Бүркіттің ұшқыш қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидың атақтысы келіпті, ол да аса алмапты. Ең соңында «енді кім қалды?» - дегенде, бөденеден басқаның бәрі сыннан өтіп біткен екен. Бөдененің атақтысы шақырылыпты. - Тәуекел! - деп, бөдене ұша жөнеліпті.......
Өткен замандарда Әбдіхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты.
Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып алып кетерсің», – дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, енді сенікі», – дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің тек жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп, екеуі Әбдіхамит патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуінен де сұрап, бұл екеуі де алтынды алмаса, жерден шыққан алтынды кім алады деп уәзірлерінен сұрайды......
Қыс. Қыс келді. Күн қатты суық болып, борандатты. Адамдар қалың киімдерін киіп, өз жұмыстарын істеп жүр. Құстар жылы жаққа ұшып кетіпті. Бірақ қарға қарқылдап, қыс мезгілінде ұшып жүр. Айнала аппақ мамықтай нұрға бөленген. Балалар далада шанамен сырғанап, коньки теуіп, аққала......
Жылдың төрт мезгілі болады. Соның ішінде маған қыс мезгілі ұнайды. Қыста далада аққала жасауға болады. Қыстыгүні адамдар жылы киім киініп, үйлеріне от жағады. Мен қысқы демалыста ата-әжемнің үйіне барамын. Ата-әжемнің ауылында тау бар. Мен қыста достарыммен аққала......